Халықтар географиясы • бағыт және елді мекендер • Қалалар мен ауылды мекендер 1 1-бөлім: Қоныстануға кіріспе



Pdf көрінісі
бет1/17
Дата08.06.2023
өлшемі1,58 Mb.
#99783
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


Қалалар мен ауылды мекендер
ХАЛЫҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫ • БАҒЫТ ЖӘНЕ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР • ҚАЛАЛАР МЕН АУЫЛДЫ МЕКЕНДЕР
1
1-бөлім: Қоныстануға кіріспе
• Қоныс дегеніміз не?
Қоныстар деп адамдар тұратын орындарды 
айтамыз, бұл жерлерде осы мекен мен 
өзге де мекендердегі адамдарға әртүрлі 
қызметтер көрсетіледі. Қоныстанудың түрлі 
иерархиялары бар, ол ауылдық жердегі 
шағын орындардан бастап, миллиондаған 
халқы бар, созылып жатқан мегаполистерді 
қамтиды. Кейбір қоныстардың дамуға 
мүмкіндіктері бар, мысалы олар да 
маңызды ресурстар болуы немесе олар 
тоғыз жолдың торабында орналасуы 
мүмкін. Қалалар көбінесе дамуға бейім, 
олар қалаға жақын аймақтардағы 
адамдарды қаланы көркейту үшін қызмет 
көрсетуге өзіне тартады: әлемде шамамен 
күніне 180 000 адам қалаға көшеді. Егер 
қала өзінің маңызды ресурсын жоғалтса, 
онымен қоса халқын да жоғалтуы мүмкін. 
Сонымен бірге, тұрғын үйлері аз қоныстар 
да бар, оларды ауылдар немесе шағын 
ауылдар деп атайды. Бұл жерлерде қызмет 
түрлері өте аз, тіпті ешқандай қызмет түрі 
көрсетілмеуі мүмкін және халқының саны 
100-ден де аз болуы мүмкін.
Қосымша сұрақтар
Ауылдың қалаға айналуының арнайы белгісі жоқ. Бұл халықтың белгілі бір санымен де, көрсетілетін 
қызметтердің көлемімен де өлшенбейді, алайда көбінесе қоныстың аймақтағы орталыққа айналуынан 
басталады. Тарихқа жүгінсек, қалалар сауда орталықтары болған жерде қалыптасқан, себебі мұнда байлық 
көп шоғырланған, және бұл қосымша қызмет түрлерінің қалыптасуына ықпал еткен.
С1. Ауыл қалаға қай жағдайда айналады?
Қаланың халқын есептеудегі қиындықтардың бірі – халық санағын дәл жүргізу мәселесі. Кейбір қалалардағы 
халықтың бір бөлігі әкімшілікпен байланысудан қашып, жалпы халық санағында ескерілмеуі мүмкін. Сонымен 
қатар, қала халқы үнемі өзгеріс үстінде, күніне қанша адам келіп, қаншасы кетіп жатады. Келесі бір мәселе, 
қаланың қай жерден “басталып”, қай жерден “аяқталатындығында”, себебі кейбір қалалардың ресми 
шекаралары мен шынайы шекаралары арасында айырмашылық бар. Токио, Мехико және Шанхай қалалары 
халқы ең көп қалалар деп есептеледі. 
С2. Әлемдегі ең үлкен қала 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет