1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлері



бет56/86
Дата20.12.2022
өлшемі379,46 Kb.
#58524
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   86
65 Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлері.
І және ІІ Думаның (1906, 1907 жж.) қазақ депутаттарының алдында тұрған ең маңызды міндет – жер-аграрлық мәселе болды. Атап айтқанда, біріншіден, Ресейдің ішкі еуропалық гүбернелерінен миллиондаған жерсіз орыс және украин шаруасын (мұжығын – С.А.) қазақ даласынан жер үлесін беріп қоныстандыру саясатын Думаның қадағалауына алдырып, оны заң жүзінде тоқтату, екіншіден, «Қарқаралы құзырхатының» 4-тармағында жазылғандай, қазақ халқына ата-бадан мұраға қалған төл жерін Дума қабылдайтын заң жүзінде меншігіне рәсімдеп беру.
«Қазақтар өзі отырған жерін ежелден басып алып пайдаланғаны негізінде өзінің меншігі санайды, – деп жазды Ә. Бөкейхан өзі де-факто редакторы болып шығарған «Иртыш» газетінің 1906 жылғы кезекті санында. – Қазақтар көші-қон ісін өз орнына қоя алатын күш табылатын Мемлекеттік Думаға ғана үміт арта алады. Білек күшінің құқы бар кезде, 12, 27 тамыз және 19 қыркүйек жарлықтарына сай шаруаларға сатылуға арналған патша әулетінің меншікті жері, жеке-меншікті жер (дворян-помещиктердің меншікті жері – С.А.), кабинет жері секілді қазақ жері де жекеменшікті дворян жерлерін қорғауға қызмет етеді»
І Мемлекеттік Дума құрамындағы мұсылман фракциясы. СПб, Таврия сарайы, 1906 ж.
Қазақ депутаттары І және ІІ Думада алдарына екі міндет қойды. Біріншісі – Ресейді түбегейлі реформалап, толыққанды халық билігін, яғни шынайы демократиялық мемлекет құру, екіншісі – жеке меншіктегі жердің бәрін мемлекет меншігі пен патша әулетінің қолындағы жермен бірге жалпыұлттық мемлекеттік қорға күштеп алу. Ал мұндай жер реформасы, Алаш жетекшілерінің ұсынуынша, империя халқының экономикалық өмірін де, отаршыл патшалық мемлекеттің құрылымын да толығымен өзгертеді. Ондай өзгеріс, өз кезегінде, жекеменшікті жер институтын тамырымен жояды, ұсақ жер иелерімен бірге патшалық абсолютизмнің тірегі болып келген ірі дворян-помещиктер тап ретінде тарих сахнасынан біржола кетеді, ал саяси билік – өзінен өзі халықтың қолына өтеді [11, 1-б.].
Қазақ өкілдерінің жер мәселесінен кейінгі екінші көздегені – қазақтың барлық 9 облысы мен Астрахан гүбернесіне қарайтын Бөкей ордасына, сондай-ақ Алтай өңірінің Бийскі және Змеиногорск болыстарына – Дума мақұлдаған заң жүзінде генерал-губернаторлық, ояз және крестьян бастықтары институттарын жауып, оның орнына жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін – земство енгізу болды. Оның себебі: егер Ресейдің ішкі еуропалық бөлігінде земствоға ұқсаған мекемелер болса, Сібір мен Дала облыстарында әлі күнге дейін қоғамдық өзін-өзі басқарудың сағымы да болған жоқ. Ә.Н. Бөкейхан ол туралы: «Қазақтар өзінің жер мүддесін қорғауды талап етеді. Ол мүдде «Ақмола мен Семей облыстарына көшіріп қоныстандыруды уақытша тоқтат» деген қағази нұсқаумен қорғалмайды... Ол тек қана... конституция мен халық билігі болған да ғана мүмкін», – деп мәлімдеді
Бір сөзбен айтқанда, І-ІІ Думаға сайланған «Алаш» депутаттарының стратегиялық мақсаты – 1847 жылы біржола ыдырап, тарих қойнауына кеткен Қазақ хандығының жер аумағында жергілікті инфрақұрылымы дамыған заманауи Қазақ елін құру болды.
Думаның қазақ депутаттары 1906 жылдан бастап Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлерінің үлгісімен дербес әскери қолбасшылығы бар ұлттық атты әскер жасақтау, «Қарқаралы құзырхатында» жазылғандай, қазақ тілінде цензурасыз мерзімді баспасөз пен баспахана ашу, жергілікті әкімшілік (земство жиналысы, басқармасы) пен соттың ісқағаздарын және ұлттық мектеп-медреселерде оқу жергілікті ұлт тілінде жүргізу, қазақтың ұл-қыздарын кәсіби оқу орындары (гимназия, училище, семинария, т.б.) мен ЖОО-да оқыту үшін «қазақ капиталы» есебінен стипендиялар тағайындау, жатақханалар (пансиондар) салу және т.б. маңызды мәселелерді, әсіресе жер мәселесін көтеріп, заң жүзінде шешуге ұмтылды. Ең маңыздысы: І және ІІ Думада осы ұлттық мәселелердің көпшілігін, әсіресе жер, земство мәселесін шешуге толық мүмкіндік болды. Өйткені І Думада кадет партиясының 161 депутаты, Еңбекшілер партиясының 107, поляк колосы, украин, эстон, латыш, литва және т.б. ұлт топтарын қамтитын автономистердің 70 депутаты, түркі-мұсылман халықтарының 25 депутаты болды. Ашығын айтқанда І Думадағы 511 дауыстың кемінде 338-і – самодержавиеге қарсы партиялар мен ұлттық топтардың үлесінде болды. Ә.Н. Бөкейханның 1905 жылдан кадет партиясының мүшесі, 1906 жылдың маусымында І Думаға кадеттердің Семей облыстық қазақ бөлімінен сайланғанын, І және ІІ Думадада түркі-мұсылман халықтарының депутаттары мұсылман фракциясына бірігіп, кадет партиясының фракциясына қосылғанын ұмытпау керек [17, 16-б.]. І Думаның спикері (төрағасы), оның екі орынбасары әрі хатшысы болып Ә.Н. Бөкейханның партияластары әрі достары С.А. Муромцев (№16 фото), князь П.Д. Долгоруков, Н.А. Гредескул және князь Д.И. Шаховской сайланды
ІІ Думада патшалыққа қарсы солшылдар тіпті басымырақ болды. Кадеттердің саны екі есеге жуық қысқарып 98 депутат, Еңбекшілдер – 104, автономистер – 76, түркі-мұсылмандар – 37, ішінде 6 қазағы бар, барлығы – 315 дауысқа ие болды. ІІ шақырылымның спикері және хатшысы болып тағы да кадет өкілдері Ф. Головин (№ 18 фото) мен М. Челноков, екі орынбасары болып партияға кірмеген солшыл депутат Н. Познанский мен Еңбекшілдер өкілі М. Березин сайланды. ІІ Думада олардың қатарын енді социал-демократтар 65, эсерлер (эС-эР – социал-революциялық – әлеуметтік-төңкеріс партиясы – С.А.) 37 депутатымен толықтырып, 500-дей дауыстың 427-сіне жетті [18, 92-б.].
Алайда аталған мәселелердің бірі де жүзеге аспады. Себебі 5 жылға сайланған Мемлекеттік Думаның 1906 және 1907 жылдарғы І және ІІ шақырымдары 72 және 102 күн ғана жұмыс істеп, біріншісі 1906 жылы 8 шілдеде, екіншісі 1907 жылы 3 маусымда күштеп таратылды. ІІ Дума таратылған күні император ІІ Николай өзі шығарған «Негізгі мемлекеттік заңдардың» 87-бабын өрескел бұзып, сайлау ережесінің жаңа нұсқасын шығарды [19]. Ресейдің либералдық қауымы жаңа ережені «3 маусым төңкерісі» деп бағалады. Екі Думаның мезгілсіз таратуының бар сырын Қыр баласы (Ә. Бөкейхан) сайлау құқынан айрылған халқына жалпақ тілмен түсіндіріп берді: «Себебі, бұл екі Дума да мұжыққа орыс дворяны жерінен жер бермек болды. ІІІ Дума депутаты сайланатын жол жасағанда мұжық депутатын неше қайтара бұрынғадан азайтты. Орыс патшалығы панасындағы жұрттың әрбір 100-іне 85 орыс мұжығы болады, қалған 15-тің ішінде поляк, еврей, татар, қазақ һәм уақ жұрттар. Орыстың қаласынан «3-інші июнь» законымен сайланған адамдардың мұжық депутаты 10-нан 1-ақ, Думада мұжық депуттары 40-50 - 442 депутат ішінде. Орыстың патшалығын арқалап асырап отырған мұжыққа мұны қылғанда - аз, бытыраңқы, «надан» қазақты не қылсын?! Думадан шығарды да тастады» [20, 2-б.].
Бір сөзбен айтқанда, Ресей императоры ІІ Николай үкімет басына өзі де ірі жер иесі –помещик болған П.А. Столыпинді тағайындау арқылы, біріншіден, өзінің абсолюттік билігінің бас тірегі болып келген дворян-помещиктер табына сүйене беретінін айқын аңғартты. Екіншіден, «3 маусым» заңы Думадағы халық үнін, яғни бұқара халық пен оның өкілдерінің дауысын өшіріп, көнбіс, жетекшіл тап – дворяндар мен шенеуніктердің, сондай-ақ көпестер мен өнеркәсіпшілердің көнбіс бөлігінің дауысын күшейтті. Осылайша Дума бұқара халықтың орнына, күштілер мен байлардың сөзін сөйлейтін болды. Соның нәтижесінде заңнамалық үдеріс бюджетті және тағы басқа маңызы жоқ заңдарды мақұлдау талас-тартыссыз өтетін болды да, азаматтық құқық және бостандыққа, қазақ сынды кең-ба тақ жері бар халықтың саяси құқықтарын шектеуге қатысты заң жобаларын Дума елемей ысырып қоятын болды. Реакцияшыл премьер-министр П. Столыпиннің ауқымды жоспарынан бір ғана реформасы – аграрлық реформасы жүзеге асты. Қазақ жерінің есебінен. Атап айтқанда өзі сияқты дворян-помещиктерінің жерлерін меншігінде қалдырып, миллиондаған жерсіз мұжық-шаруаның мұқтажын қазақ жері есебінен қанағаттандырды. Отаршыл Ресей империясының әкімшілігі 5 млн-нан асқан (саны жағынан Ресей халықтарының арасынан 5-нші болды – С.А.) қазақ халқын сайлау құқынан айырумен қатар, «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілерін қудалады. Атап айтқанда Алаш көшбасшысы Ә. Бөкейхан өзі сайланған І Думаны таратуға наразылық ретінде «Выборг үндеуіне қол қойғаны және таратып-насихаттағаны үшін» 3 ай түрме жазасына кесіп, абақтыда 3 айдың орнына 8 ай отырып шыққан соң [21, 105-б.], өзін саяси айдауға жіберуін күтпей, алдымен С.-Петерборға, одан Самарға эмиграцияға кетті [22, 4-б.]. Ж. Ақбайұлы алдымен Саха-Якутияға (23), одан Түркістанға жер аударылды, А. Байтұрсынұлы мен М. Дулатұлы Семей түрмесіне жабылып, босатылысымен бірі өз таңдауымен Орынборға, екіншісі Түркістанда бас сауғалап жүріп, 1913 жылы ғана Орынборда «Қазақ» газетін шығара бастаған А. Байтұрсынұлына келіп қосылды.
«Алаш» жетекшілері халқының сайлау құқын қалпына келтіру, саяси-экономикалық мүддесін 1907-1912 және 1912-1917 жылдары жұмыс істеген ІІІ және IV Дума құрамындағы кадет (№19 фото), мұсылман (№20 фото) және Сібір депутаттары фракциялары арқылы қорғауға мәжбүр болды. Ол туралы «Қазақ» газеті жарыққа шыққан 1913 жылғы бір мақаласында Қыр баласы былай жазды: «Өткен жылы (1912 ж.) ІІІ Дума тарқарда Дума өз үйін түзетуге ақша бермек болып закон жобасы қаралған еді; сонда Қазан депутаты Мақсұдов (№21 фото) сөйледі: «Сіздер Думаның үйінің төбесін түзетеміз деп отырсыздар, әуелі Думаның өз төбесін түзетіңдер. Түркістаннан, қазақ жерінен Думада бір депутат жоқ. Осы облыстарға депутат беріңдер» деп. Биыл (1913 ж.) Мәскеу депутаты Шепкин (№22 фото) осы жоғарыда закон қаралғанда сөз сөйледі: «Бұ қалай, Түркістанның, қазақ жерінің сөзін Забайкал, Харкоб депутаты тұрып сөйледі, бұлардың өз депутаты қайда? «Үшінші июнь» ақсақ законын түзету керек», – дейді»
Қысқасы, қазақты саяси құқынан айырған «3 маусым» заңын бұздыра алмаса да, Алаш жетекшілері Дума мен оның депутаттарының көмегін мейлінше кең пайдаланды. Мысалға олардың талап-тілегі бойынша, Ресей патшасы қазақтың дербес атты әскер жасақтауынан сескеніп, І Дүниежүзілік соғыстың Батыс майданына қара жұмысқа алынсын деген 1916 жылғы «25 маусым» жарлығын шығарды. Сол жылдың жазында Ә. Бөкейхан IV Думадағы мұсылман фракциясы Бюросына қазақтың ресми өкілі болып кіріп, қазан айында қазақтың екінші өкілі етіп М. Шоқайды алдырады [28, 4-б.]. Ондағы мақсат: қазақ жігіттерін Батыс майданға қара жұмысқа алуын 1916 жылдың соңы – 1917 жылдың басына қарай созу, майданға алынған жігіттердің жұмысын жеңілдету, екіншіден – «25 маусым» жарлығын өрескел жүзеге асыруға қарсы көтерілген 1916 жылғы халық толқуын аяусыз басып-жаншыған үкіметтің әрекетін Дума депутаттары – А. Керенский, Қ. Тевкелев арқылы парламенттік тергеуге алып, әшкерелеу болды.
Қорыта келгенде, ХХ ғасыр басындағы қазақтың «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының қалыптасып, нығайып, алға қойған стратегиялық мақсат-міндеттерін жүзеге асыруына Ресей Мемлекеттік Думасының қосқан үлесі, алатын орны өте зор болды. Алаш зиялылары мен жалпы қазақ қоғамында «халық билігі» («демократия»), «парламентаризм», «құқықтық мемлекет», «жергілікті өзін-өзі басқару» (земство) сынды демократиялық ұғымдардың берік қалыптасуына ықпал етті. Мемлекеттік Думаның 300 ғасырдан астам билеп-төстеп келген Романовтар әулетін тақтан бас тартуға көндіріп, 1917 жылғы Ақпан төңкерісін жүзеге асыруға қосқан үлесі тіпті шексіз еді. 1917 жылы саны 6,5 млн-нан асқан қазақ халқының сайлау құқын қайтарып берген Уақытша үкіметті жасақтаған да IV Дума болатын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет