1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял Əлеуметтанулық орта мен əлеуметтанулық мінез-құлық Əлеуметтік институттар


Жағымсыз мінез-қүлық: шиеленіс теориясы



бет35/78
Дата07.01.2022
өлшемі163,57 Kb.
#17948
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   78
Жағымсыз мінез-қүлық: шиеленіс теориясы

Девианттылықтың классикалық құрылымдық-функциялық теориясы - Роберт Мертонның (1957) шиеленіс теориясы. Шиеленіс теориясы бойынша көпшілігіміз конформистпіз, яғни біз Америка қоғамының мәдениеті қабылдаған мақсаттарына мәдениетке сәйкес құралдардың көмегімен жетуге болатынын түсінеміз. Шиеленіс гео- риясыныңтұжырымы бойынша, осылайша адамдар осы мәдени тұр- ғыдан мақұлданған мақсаттарға дәл солай (мәселен, университетте оқу немесе жалақысы жоғары жұмысқа тұру) мақұлданған құралдар- дың көмегімен (мәселен, сабақты жақсы оқу, жұмысқа уақытында бару деген сияқты) жете алмағаида девианттылық туындайды.

Шиеленіс теориясы көбінесе төменгі әлеуметтік сатыдағы қыл-

мысты түсіндіру үшін қолданылады. Бұл теорияда америкалықтар-

дың экономикалық габысқа қол жеткізу мақсатын көздейтіндері

жайлы айтылады. Дегенмен төменгі таптағы америкалықтардың

арасында осы мақсаттарға мәдениет мақұлдайтын әдістермен - мы-

салы, заңгер болу үшін білім алу жолымен, кәсіби спортшы болу

үшін күнделікті жаттығу жасау жолымен - қол жеткізетіндер жоқ-

тың қасы. Мертонның пікірінше, төменгі әлеуметтік сатыдағы адам­

дар америкалық құндылықтарды жоққа шығарғандықтан емес.

Девиант” атының таңылуыныңтүсіндірмесі



Ат таңу теориясы іс-әрекетке «девиант» деген аттың қалай таңылаты- нын түсіну үшін қажет. Бұл теория өкілдерінің көбі девианттылыққа баға бергенде, конфликтологиялық пікірді ұстанады. Олардың ай- туынша, кейбір топтар өз билігі мен мәртебесін арттыру мақсатында басқалардың іс-әрекетін «бүзақылық» деп айыптауға тырысады. Кәсіп- керлердің жаңа бизнес үшін өз идеяларын сатқаны сияқты, топтар да өздерінің кімді «девиантты» деп атауға болатынына қатысты мораль- дық идеяларын «сатуға» тырысады. Сондықтан әлеуметтанушылар де- вианттылықтың жаңа анықтамаларын қалыптастыруға тырысатын адамдарды моральдық кәсіпкер деп атайды. Әдетте топтың ықпалы неғұрлым жоғары болса, олардың басқаларды «девиант» деп атау әре- кеті соғұрлым сәтті болады. Ат таңу теориясын қолдаушылар неліктен жоғары таптағы девианттылықтан гөрі төменгі таптағы девиантты- лық адамгершілікке жат, қатыгездік немесе қылмыс деп есептелетінін түсіндіреді.

Бірақ топтар өздерін «девиант» деп атағандарға қарсы күресуі мүм- кін. Мысалы, «Ата-аналардың телевидение кеңесі» (АТК) - өздерінің консервативтік мораліне нүқсан келтіретін телевизиялық шоу бағ- дарламаларға қарсы әрекет ететін коммерциялық емес ұйым. Олардың жұмысы «Дүниежүзілік күрес федерациясына» (қазір «Дүниежүзілік күрес сауық кеші» деп аталады) қарсы бағытталған. АТК бұл ұйымды зорлық-зомбылық пен жүгенсіз жыныстық қатынасты насихаттағаны үшін сынға алған (Lowney, 2003). Бұған ұйым екі жолмен жауап берді. Алдымен 2000 жылдың ортасынан 2001 жылдың басына дейін «Цен­ зура құқығы» деп аталатын күрес командасын құрып, әзіл-оспақпен шабуыл жасады. Олар күрес кезінде ережені өрескел бүзып, АТК-ның моральдық қүндылықтарын насихаттаған сыңай танытты. Екіншіден, олар жала жапқаны үшін АТК-ні сотқа берді. Ұйым осы стратегиялар- дың екеуінде де өзінің қоғамдық келбетін қоргап, жұртшылықтың көз алдында АТК-нің «девиантты» деп ат қоюға бағытталған әрекеттерін тойтарып тастады.

Тест:

1.Девианттылықтың классикалық құрылымдық-функциялық теориясы - Роберт Мертонның (1957) калай аталады?

А) Девианттылык теориялары

В) шиеленіс теориясы

Г) Конфликт теориясы

Д)Ат тану тео-сы

2.Канша девианттык теория бар)?

А)5

В)4

Г)6

Д)7

3. Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне)?

А)агрессия, демонстрация, алкоголизм,наркомания т.б

В)кулiп журу,ортамен жаксы араласу

Г)Суицид,Туйык мiнез

Д)Жалгыздык

4. Девиантты мінез-құлық деп..?

А) жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.

В) батырлық, аса еңбек-қорлық.

Г) әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта

Д) (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).

5. Девиация кандай типтерден турады.?

А) демонстрация

В)iшкi ж/е сырткы

Г) девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық.

Д)этикалык курылым

6.Девиацияны неше факторга болiп карастырады?

А)4

В)6

Г)8

Д)5

7. Қүрылымдық-функциялық теорияны ен алгаш кiм колданган?

А) Эмиль Дюркгейм

В)Роберт Мертон

Г) Дженнифер Хикес Лундквист

Д)Карл Маркс

8.Аномия?

А) қоғамның нормалары айқындығының жоғалуы немесе қолданыстан шыгып қалуы

В) заң тұрғысынан жазалауға жататын, қоғамға жат әрекет.

Г) адамдар қаламайтын нормаларды орындауға мәжбүр етеді.

Д) белгілі

бір қоғамның наразылығын тудыратын не тіпті жазалауға әкеп соқтыратын, нормаға қарсы іс-әрекет.

9. Жалғанмәжбүрлеу..?

А) белгілі

бір қоғамның наразылығын тудыратын не тіпті жазалауға әкеп соқтыратын, нормаға қарсы іс-әрекет.

В) адамдар қаламайтын нормаларды орындауға мәжбүр етеді.

Г) заң тұрғысынан жазалауға жататын, қоғамға жат әрекет.

Д) қоғамның нормалары айқындығының жоғалуы немесе қолданыстан шыгып қалуы.

10. Бейресми қоғамдық бақылау..?

А) айыппүл салу, жұмыстан не топтан шығару, қамау сияқты әкімшілік жазалар қолдану әдісі ресми қоғамдық бақылауға жатады.

В) белгілі

бір қоғамның наразылығын тудыратын не тіпті жазалауға әкеп соқтыратын, нормаға қарсы іс-әрекет.

Г) айыппүл салу, жұмыстан не топтан шығару, қамау сияқты әкімшілік жазалар қолдану әдісі ресми қоғамдық бақылауға жатады.

Д) адамдар қаламайтын нормаларды орындауға мәжбүр етеді.

11. Ресми қоғамдық бақылау..?

А) достарымыз, қызметтестеріміз және айналадағы басқа адамдар- дың бізді орынсыз әрекет жасаудан бейресми түрде тыйып отыруы.

В) айыппүл салу, жұмыстан не топтан шығару, қамау сияқты әкімшілік жазалар қолдану әдісі ресми қоғамдық бақылауға жатады.

Г) адамдар қаламайтын нормаларды орындауға мәжбүр етеді.

Д) қоғамның нормалары айқындығының жоғалуы немесе қолданыстан шыгып қалуы.

12. Моральдық кәсіпкер?

А) моральдың жаңа анықтамасын беріп, оны енгізуге тырысатын адамдар.

В) мәселені медициналық мәселе ретінде қарастыру процесі.
8 Дәріс Дін,мәдениет және қоғам

Жоспар:


1.Дін негізгі түсініктер.Дін әлеуметтанулық талдау.Дін мен әлеуметтік теңсіздік.

2.Мәдениет элеметтері.Мәдениет және өркениет:ұғымдардың мазмұны мен арақатынасы.Мәдениет әлеуметтануы.

3.Құндылықтар,дәстүрлер мен ғұрыптар.Қоғамдық сананың жаһандануы,ұлттық код,менталдылық пен дүниетаным:сәйкестік параметрлері.

Дін


Буддалық монахтың медитациясын, қазіргі елуліктердің сөйлеу тілін,тұрғылықты америкалықтың шіркеуде пейотты қолдануын және католик шіркеулеріндегі ресми салттарды біріктіріп, дін деген түсінікке анықтама бере аламыз ба? Әлеуметтанушылардың тұжырымы бойынша, дін дегеніміз - құдайға сенетін адамдарды моральдық қауымдастыққа біріктіретін, тылсым да қасиетті дүниелермен байланысты

нанымдар мен тәжірибе жүйесі . Дін әлемде болып жатқан оқиғаларды тылсым күштерден деп түсіндіретін сенім жүйесінен (тұрғылықты африкалықтардың діні сияқтылар) тұрады.

Дінді зерттейтін әлеуметтанушылар оған құндылықтар жиынтығы ретінде қарайды. Бірақ ол Құдай бар ма, жаныңды құтқаруға болама және хақ дін қайсы деген сияқты түсініктердің шынайы не жалғандығына жауап іздемейді. Әлеуметтанушылар дінге мәдениеттің, қоғамның және өзге де әлеуметтік күштердің эсер ету жолдарын, сондай-ақ діннің адамдар мен әлеуметтік құрылымдарға ықпалын зерттейді.

Басқа әлеуметтік құрылымдардың зерттелуі сияқты дінге қатысты да

түрлі әлеуметтанушылар әрқилы теориялық көзқарастар ұсынады.

Құрылымдық функцияшылдар діннің жеке адамдар мен қоғам үшін атқаратын қызметін зерттейді. Конфликтология теорияшылары дінніц әлеуметтік шиеленісті тудыруын немесе тежеуін саралайды. Үшінші топтағылардың тұрғысы аталмыш екі көзқарасты Макс Вебердің жұмысымен байланысты біріктіреді.

Діннің атқаратын қызметі

Дюркгейм егер дін қоғам үшін маңызды қызмет атқармаса, онда әмбебап болмайды деп тұжырымдаған. Қоғамдық деңгейде діннің негізгі қызметі - дәстүрлерге имандық императив беру. Ортақ құндылықтар мен кез келген мәдениеттің қағидалары дін арқылы нығая түседі.

Бұл құндылықтар мен қағидалар тек бір нәрсе жасаудың қарапайым жолы емес, оларды атқарудың жалғыз ғана моральдық амалы ретінде қабылданады. Олар қасиетті бола бастайды. Ал дәстүрлер қасиетті саналғанда рәсімдер мен тәжірибелер арқылы расталып отырады және өзгермейді.

Дюркгеймнің айтуынша, діни наным-сенімдер мен рәсімдер адамдарды қажет болған кезде қолдап, жайлылық, тыныштық сыйлайды. Күнделікті өмірде адамдар дінге қатысы барын сезініп, соған қанағаттанады. Дінге қатысы барын сезіну сенушілер қауымын немесе моральдық қауымды ұйымдастырады. Бұл - біздің дінді анықтауымыздың бір бөлігі.

Мәдениет - қоғамдастық мүшелерінің ортақ өмір сүруінің жалпы тәсілі.Кей жерлерде мәдениет мемлекеттік шекаралар мен қоғамдардың аумағынан асып кетеді. Мысалы, канадалық француздар мәдениеті Канада мен Жаңа Англияда кездеседі. Енді бір жерлерде бір елдің аумағында екі түрлі мәдениет үйлесіп жатуы мүмкін, мысалы, Канадада француз және ағылшын мәдениеті қатар жүреді.

Мәдениет, негізінен, тіл, құндылықтар және символикалық мәндер сияқты нысандардан тұрады, сонымен қатар технологиялық және материалдық нысандарды да қамтиды.

Мәдениеттің «материалдық» және «материалдық емес» екі формасы болады. Материалдық емес мәдениетке қоғам мүшелеріне ортақ тіл, құндылықтар, ережелер, білім және мән-мағыналар жатады. Материалдық мәдениет қоғамда өндірілетін физикалық нысандарды - құралдар, көшелер, мүсіндер, ойыншықтар сияқты көптеген заттарды қамтиды. Бұл материалдық нысандар материалдық емес мәдениетке тәуелді.

Мәдениет - қоғам өмірінің негізгі проблемаларын дайын шешімдермен қамтамасыз ететін өмір сүру жобасы. Кейбіреулер оны адамдардың өз жағдайларына бейімделуіне көмектесетін материалдық және материалдық емес құралдар ретінде түсіндіреді. Осыған орай,мәдениет салыстырмалылығы тұжырымдамасы көрсеткендей, мәдени ерекшеліктерді өз мәдениетіңнің тұрғысынан бағалау керек.

Құрылымдық-функционалды көзқарас мәдениеттің қалай қалыптасуын емес, мәдениеттің бізді қалай қалыптастыратынын қарастырады. Керісінше, конфликт теориясын қолдаушылар мәдениеттің белгілі бір жолмен дамитындығын және осы үлгілердіңкімнің мүдделеріне қызмет ететінін зерттейді. Символдық интеракционистер бұқаралық ақпарат құралдары сияқты мәдени материалдардың қалай қабылданып, қолданылатынына баса

Мәдени құндылықтар мәдениет лайықты деп тапқан мақсаттарды анықтайды, ал нормалар оларға қол жеткізудің тиісті құралдарын көрсетеді.Мәдениеттің тілден кейінгі ең басты және айрықша қыры - оның құндылықтары.

Құндылықтар - қажетті мақсаттар туралы ортақ идеялар. Әдетте құндылықтар жақсы не жаман, қажетті не қажетсіз болып келеді. Мысалы, АҚШ тұрғындарының көбі бақытты некені қажет деп санайды. Осы және басқа да жағдайлардақұндылықтар жалпылама болуы мүмкін. Олар, айталық, бақытты неке неден құралатынын айқын көрсетпейді.

Кейбір мәдениеттер мейірімділік пен ынтымақты бағалайды; енді бірі қатаңдық пен бәсекені қош көреді. Дегенмен барша халықтарға ортақ құндылықтар да бар, сондықтан белгілі бір құндылықтар әмбебап болып келеді. Мысалы, әрбір мәдениет тұрақтылық пен қауіпсіздікті, мықты отбасы мен жақсы денсаулықты бағалайды.

Бірақ түрлі мәдениеттер осы мақсаттарға әртүрлі тәсілдермен қол жеткізеді. Көптеген дәстүрлі қоғамдарда адамдар көп бала тәрбиелеп, сол арқылы қауіпсіздікке қол жеткізуге тырысады. Керек кезде сол балаларата-анасына және бір-біріне көмектеседі. Америка қоғамында жеке тұлғалар банкке ақша салу немесе білімге инвестиция жасау арқылы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысады. Ал Тынық мүхиттың солтүстік-батысындағы Квакиутл тайпасының өкілдері байлықты жинау арқылы емес, керісінше, оны сыйға тарту арқылы (өздері мұны «потлач дәстүрі» деп атайды) экономикалық қауіпсіздікке жетуге болады деп санайды. Біреу бөгде адамға сыйлық берсе, оны алған адам болашақта әлгі кісіге көмектесуге міндетті болады. Осылайша, кедейлер қажетті сыйлықтар алып тұрмысын түзейді, ал байлар байлығынан айырылған жағдайда көмекке үміт арта алады. Яғни мәдениеттердің көбі кесапат пен қарттықтың қамын құндылық деп бағалағаиымен, бұл мақсатқа жету жолындағы әдіс-тәсілдері әркелкі болып келеді

Дәстүрлер

Дәстүр сөзі бір топтың әдепкі, қарапайым және дағдылы тәсілдерін білдіретін нормаларды сипаттайды. Дәстүр - тұрақты дәстүрлерді (мысалы, АҚШ-тың тәуелсіздік күні - 4 шілдедегі отшашу) қамтитын, сондай-ақ уақытша сауық пен сәнді де қамтитын (кең немесе тар киім кию сияқты) ауқымды түсінік.

Дәстүрдің ешқандай моральдық құндылығы жоқ. Егер қалыптасқан дәстүрді бұзып, таңертеңгілік гамбургер, ал кешкі асқа сүлыботқасын жесеңіз, еденге ұйықтап немесе шашыңызды күлгін түске боясаңыз басқалар сізді біртүрлі, қызық немесе есалаң адам деп қабылдауы мүмкін, бірақ олар сізді азғын немесе қылмыскер деп есептеледі.

Ғұрыптар

Дәстүрге қарағанда моральдық құндылықтарды қастерлейтін нормалар ғұрыптар деп аталады. Кешке сұлы ботқасымен тамақтануыңыз сізді «біртүрлілеу» етіп көрсетсе, иттің етін жеу немесе балаңыздың аяқкиіміне қажет соңғы ақшаны ішімдікке жұмсау өзгелердің сізді азғын деп есептеуіне әкелуі мүмкін. Олар сізді полицияға немесе баланы қорғау органына жіберуі ықтимал; сізбен қарым-қатынасын үзіп, тіпті қуғындауы мүмкін. Бұл нормаларды бұзған адамдар азғын деп есептелетіндіктен осы нормаларды жай ғана халықтық дәстүр емес, моральдық ғұрыптар деп білеміз. Моральдық ғұрыптыбұзу міндетті түрде заң алдындағы жауапкершілікке әкелмейді, бірақ кем дегенде бейресми түрде аластауға немесе сөгіс беруге әкеледі.Заң жолымен я бейресми әдістермен жасалған жаза адамдардың моральдық ғұрыпты бұзу ықтималдығын азайтады.

Қоғамдық құрылым - қатынастардың қайталанатын заңдылықтары. Қоғамның барлық деңгейінен қоғамдық құрылымдарды табуға болады. Бейсбол ойындары, достық байланыстар, отбасылар мен ірі корпорациялар - бұлардың барлығы күнделікті

қайталанатын қарым-қатынас заңдылықтары. Бұл заңдылықтардың кейбірі ресми ережемен, яғни заңдармен орнықтырылса, көпшілігі әдет-ғұрыптардың күшімен орындалады.

Өмірдегі заңдылықтар, бір жағынан, шектесе, екінші жағынан, бізге мүмкіндік береді. 9-дан 5-ке дейін жүмыс істесеңіз күндіз доп ойнай алмауыңыз мүмкін. Алайда 5-те жұмыстан шығатыныңызды білетіндіктен, кешке достарыңызбен кездесуді жоспарлауға мүмкіндігіңіз бар. Қалыптасқан заңдылықтар өмірдің көп тұстарын реттеудің жайлы да ыңғайлы жолдарын ұсынады.

Сенбі күнгі ойынды алсақ та, отбасы немесе жұмыс туралы айтсақ та қоғамдық құрылымдар мәртебе, рөл және әлеуметтік институттар сияқты үш ұғым аясында түсіндіріледі.


Тест№8

1. Мәдениеттің қандай формасы болады?

а) материалдық және материалдық емес

ә)рухани құндылық

б)материалдық

в) материалдық емес

г) барлығы дұрыс

2. АҚШ тұрғындарының көбі нені қажет деп санайды?

а) бақытты некені

ә)бай болу

б)ажырасуды

в)балалы болуды

г)неке

3. Қоғамдық деңгейде діннің негізгі қызметі?



а) дәстүрлерге имандық императив беру

ә) сену


б)Құдайға табыну

в)соғысқа қарсы

г)мейірімділікке үйрету

4. Кімнің айтуынша, діни наным-сенімдер мен рәсімдер адамдарды қажет болған кезде қолдап, жайлылық, тыныштық сыйлайды?

а) Дюркгейм

ә) Карл Маркс

б)Марк Вебер

в) Герберт Спенсер

г) Огюст Конт

5. Қай жерді мекендейтін Квакиутл тайпасының өкілдері байлықты жинау арқылы емес, керісінше, оны сыйға тарту арқылы (өздері мұны «потлач дәстүрі» деп атайды) экономикалық қауіпсіздікке жетуге болады деп санайды?

а) Тынық мұхиттың солтүстік-батысындағы

ә)Антрактида

б)Атлант мұхитты

в)Үнді мұхиттың батысы

г)Солтүстік мұзды мұхитты

6. Дәстүрге қарағанда моральдық құндылықтарды қастерлейтін нормалар қалай аталады?

а) Ғұрып

ә)әдеттер

б) Дәстүр

в) Құндылық

г)наным-сенім

7. Дінді зерттейтін әлеуметтанушылар оған не ретінде қарайды?

а) құндылықтар жиынтығы

б)байлық ретінде

в)материалдық жиынтық ретінде

г)рәсім ретінде

8. Қажетті мақсаттар туралы ортақ идеялар дегеніміз?

а) Құндылықтар

ә)мысалдар

б) Дәстүрлер

в)наным -сенім

г)әдет-ғұрып

9. Мәдениет, негізіне қандай нысандардан тұрады?

а) тіл, құндылықтар және символикалық мәндер

ә)символдық мәндер

б)сөздер мен сөлемдер

в)рухани байлық

г)құндылықтар

10. Құрылымдық-функционалды көзқарас нені қарастырады?

а) мәдениеттің бізді қалай қалыптастыратынын қарастырады

ә) мәдениеттің қалай қалыптасуын

б)мәдениеттің қалай қалыптасуын жайлы емес

в)мәдениетті қарастырады

г)қөзқарас теориясын

11. Дәстүрлер қасиетті саналғанда не арқылы расталып отырады және өзгермейді?

а) рәсімдер мен тәжірибелер

ә)әдет-ғұрып мен рәсімдер

б)тәжірбие

в)ұстанымдар мен тәжірбие

г)құндылықтар мен міндеттер

12. Дін дененіміз не?

а) құдайға сенетін адамдарды моральдық қауымдастыққа біріктіретін, тылсым да қасиетті дүниелермен байланысты нанымдар мен тәжірибе жүйесі

ә)Жаратушыға деген сенімі мол адамдар жүйесі

б) құдайға сенетін адамдарды

в) моральдық қауымдастыққа біріккен адамдар

г) тылсым да қасиетті дүниелермен байланысты нанымдар мен тәжірибе жүйесі

13. Бұрын тылсым болып келген оқиғаларды түсіндіруде, ғылым мен техниканың қабілеті артқандықтан, қай жылдарға дейін ғалымдар діннің ықпалы бәсеңдейтініне сенімді болған?

а) 1970


ә)1950

б)1960


в)1977

г)1985


14. ........... дінге сенушілердің қасиетті кітаптарын Құдайдың ақиқат сөзі деп, олардың қағидаларының дәстүрлі тәп- сірлерін бұлжытпай қабылдайтын және сол кітаптарда көрсетілген рәсімдер бойынша өмір сүру маңызды деп санайтын діни қозғалыс

а) Фундаментализм

а) секуляризация

б) Деноминация

в) Ассимиляция

г) Геноцид

15. Діннің бәрі адам тәжірибесін қаншаға бөледі?

а)екіге


ә)үшке

б)беске


в)сегізге

г)онға


16.Маркс дінді халыққа арналған ....... деп санайды?

а) есірткі

ә)мұра

б)қауіпті



в)мәдениет

г)байлық


17. «Дін - тәуелсіз күш» деп тұжырымдаған?

а)Вебер


ә) Дюркгейм

б) Герберт Спенсер

в) Огюст Конт

г) Карл Маркс

18. Қоғамның негізгі іргетасы ол?

а) мәртебе

ә) мәртебелер жиынтығы

б) Рөлдер

в) Институттар

г) Әлеуметтік құрылымдар

19. Қоғамдық құрылымдар туралы зерттеу құрылымдық-функциялық неге негізделеді?

а) теорияға немесе конфликт теориясына

ә)теорияға

б)бәсекелестік немесе конфлик теориясы

в)конфлик теориясы

г)рухани бірлестікке

20. Дін әлемде болып жатқан оқиғаларды......... деп түсіндіретін сенім жүйесіне?

а) тылсым күштерден

ә)діни рәсімдер

б)жаһандық проблема

в)сенім

г)күштер жиынтығы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет