Карл Маркс Генрих



Дата31.12.2021
өлшемі18,74 Kb.
#22398

Дін

Ғалым

Теориялыры

Э. Дюркгейм

Э. Дюркгеймнің дін теориясында, біріншіден қоғам  адамдық  тәжірибені  нығайтады. Екіншіден, адамдар сыртқы күштердің әсерін түсіндіруге жауап іздейді. Бұл қоғам-  ның құрылымына сәйкес келетін діннің қалыптасуына әкеледі. Дюркгейм бойынша, діннің негізгі белгісі – қасиетті объектілерге бағытталған, қоғамдық келісім күшін жинайтын, ұжымдық сананы қолдайтын және оларға өмірге қажетті сенімді ұялататын ол – ритуалдарды орындау деген. Қоғам бір мезетте әрі Құдай, әрі сенуші болып табылады. Діндегі басты нәрсе – догматикалық бөлік емес, керісінше ритуалдарды ұжымдық орындау түріндегі діни іс-әрекет.

Макс Вебер

Макс Вебердің (Max Weber) дін туралы теориясында құрылымдықфункциялық теорияның және конфликт теориясының элементтері үйлесім табады. Маркс дінді халыққа арналған есірткі деп санайды. Оның қосқан негізгі үлесі - әлеуметтік топтар арасындағы қақтытыстарды басу немесе тірлікке ынталандырудағы діннің рөлін анықтауы.

Карл Маркс Генрих

Таптық күрес жағдайында дін идеология ретінде қызмет атқарады, осыдан келіп оның идеологиялық функциясы қалыптасады. Дін белгілі бір қалыптасқан тәртіпті заңдастырады және оны құптайды немесе керісінше, оны теріске шығарады. Дінде Маркстің ойынша әлеуметтік конформизм бар, ол жалған елесті адам санасына орнықтырады және сол арқылы әлеуметтік қарсылықты тудырады.




Мәдениет

Карл Маркс

Мәденит адамның мәнді, маңызды күш-қуатын, яғни оның мақсатын, талап-тілегін, қабілетін іске асырып орындауды, оның өзін-өзі қалыптастыру және жан-жақты дамуын қамтамасыз етіп, күнделікті өмірде қолдануды білдіреді.

Геннадий   Иванович Козырев

Мәдениетті төмендегідей құрылымдардан тұрады деп есептейді: 1. Сана – бұл адамдарды басқа мақұлықтардан айыратын басты белгі. 2. Қоршаған әлемді бағалай білу, қабылдау және оны игеру әдістері. 3. Тіл – адами қарым_қатынастың ойлаумен бірліктегі аса маңызды көрінісі. Тіл - мәдениетті сақтаудың, келер ұрпаққа оны жеткізудің  негізгі құралы. 4. Қызмет – бұл адамдардың өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатындағы, қоршаған әлемді  және өз табиғатын өзгертуге бағытталған саналы әрекет.   

Кант

Болмыстың адамгершілік (моральдық) жағына ерекше мән бере отырып, ол мәдениетті адамды айуандардан айыруға мүмкіндік беретін құдайдың адамға берген ерекше қабілеті деп қарастырып, адам бойындағы қайырымдылық пен ізгілік қасиеттерді басты орынға қойды. Кант бұл жағдайды «келісімді императив» деп атады. Канттың ұғымынша, «мәдениет — табиғаттан бостандық патшалығына» барар жол, Кант ілімінің маңыздылығы — оның мәдениетті гуманистік тұрғыдан қарастыруында.


Девиация

Э.Дюркгейм

Әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Аномия - әлеуметтік нотариалдық нақты жүйенің болмауы, мәдениет бірлігінің бұзылуы, соның әсерінен адамдардың өмірлік тәжірибесі, қоғамдық нормалары сәйкес келмеуі.

Цезаре Ломброзо

Цезаре Ломброзо адамның физикалық қасиеттері девиацияға себеп болады дегенді айтады. Оның пікірінше, адамдар өзінің биологиялық құрылымына қарай белгілі бір мінезге ие болады. Ол «криминалды типке» жататын адамдарды әдетте адам қалыптасу эволюциясының алғашқы сатысына ұқсас болатындығымен байланыстырады.

Р.Мертон

Мертонның ойынша девиантты әрекет қоғамда адамдардың өз мақсаттарына сол қоғамда дұрыс деп табылған заңды жолмен қол жеткізе алмаған жағдайда туындайды.

Зигмунд Фрейд

адамның ақыл-ой кемістігі, азғындығы, есалаңдығы (психопат) теріс мінез - құлықтарды тудыратын себептер деп дәлелдейді.


Уильям Шелдон

Шелдон мезоморфты адамдар ауытқуларға бейім (девиацияға бейім) болады, бірақ олар әр кезде қылмыскер бола бермейді дейді.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет