2- тапсырма Тақырыбы : «Air Astana» мәліметтері негізінде (2020-2021ж ж) АҚ қаржылық есептілігі Орындаған



Дата17.03.2023
өлшемі135,22 Kb.
#75294



2- тапсырма
Тақырыбы : « Air Astana» мәліметтері негізінде (2020-2021ж.ж) АҚ қаржылық есептілігі

Орындаған: Әзімхан Надира
Тексерген: Андыбаева Гулсагат

Алматы,2023


“Air Astana”мәліметтері негізінде (2020-2021ж.ж. АҚ қаржылық есептілігі
Кесте-1. “Air Astana” АО 2020-2021 ж.ж айналым капиталындағы өзгерістерді талдау.

Баптар аттары

2020

2021

🔺️

А

1

2

3=2-1

Қорлар

19,518,018

22,261,449

27 4343

Оның ішінде










Тауарлы-материалдық босалқы қорлар

11,868,707

11,457,381

  • 411 326

Табыс салығы бойынша алдын ала
төлем

1,374,692

1,135,634

  • 239 058

Ақша қаражаттары және олардың
баламалары

84,751,912

97,740,953

12 989 041

Саудалық және өзге дебиторлық
берешек

4,301,700

6,103,061

1801361

Басқа қаржылық активтер


3,187,979

3 187,979

Кепілдікті салымдар

2,447,171

677,062

429 891

Жиыны

116 437 706

127 005 631

12 456 847

Кесте көріп тұрғанымыздай, айналым капиталы жыл соңында 12 456 847 млн теңгеге артқан. Оның артуы сатуға арнылған жіктелген активтер және қорлар мен дебиторлық берешек негізінде болып тұр. Бір жыл ішінде айтарлықтай өскен пункттер ақша қаражаттары -411 326 млн теңгеге, сатып алушылармен келісім бойынша активтер 195 млн теңгеге, өзге де қысқа мерзімді активтер 3 187 979 млн теңгеге, ал табыс салығы бойынша алдын ала төлем -239 058 млн теңгеге азаюы айналым капиталын арттырып тұр, осы факторлар айналым капиталын жыл соңында 12 456 847 млн теңгеге артуына әсер етті. Айналым капиталы өтімді, пайда әкелетін активтер болғандықтан, оның өзгерісіне факторлар қатты әсер етеді. Дегенмен бұл көрсеткіш оның айналым капиталынын артты дегенге қарағанда карантинге дейінгі жағдайына қайта келді деген дұрыс деп ойлаймын. Себебі карантин кезінде сұраныстың азайу сесебінен айналым капиталы 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда төмендеген болатын.


Кесте-2. Айналым капиталы құрылымын талдау

Баптар аттары

2020

2021

🔺️

А

1

2

3=2-1

Қорлар

52%

51%

27 4343

Оның ішінде










Тауарлы-материалдық босалқы қорлар

5%

3%

  • 411 326

Табыс салығы бойынша алдын ала
төлем

10%

13%

  • 239 058

Ақша қаражаттары және олардың
баламалары

19%

20%

12 989 041

Саудалық және өзге дебиторлық
берешек

1%

2%

1801361

Басқа қаржылық активтер

0%

9%

3 187,979

Кепілдікті салымдар

12%

11%

429 891

Жиыны

116 437 706

127 005 631

12 456 847



Кесте 3- АҚ операциялық және қаржылық циклдерін талдау




Көрсеткіштер

Формула

2020

2021



А

1

2

3

4

1. Кредиторлық берешек айналым уақыты, күндер

КБорт.*365/өзіндік құн

120,7245635

72,74817407

-47,9763894

2. Өндірістік қорлар айналым уақыты, күндер

ӨҚорт.*365/өзіндік құн

51,27941782

41,12236953

-10,1570483

3. Дебиторлық берешек айналым уақыты, күндер

ДБорт.*365/Түсім

46,28783671

36,14117543

-10,1466613

4. Кәсіпорынның операциялық цикл ұзақтығы, күндер

п.2+п.3

97,56725452

77,26354496

-20,3037096

5. Кәсіпорынның қаржылық цикл ұзақтығы, күндер

п.2 +п.3-п.1

-23,157309

4,515370889

27,67267986

Есептеу арқылы компанияның операциялық және қаржылық циклдерін талдадым. 1-пункт к редиторлық берешек айналымының уақыты көрсеткіші компанияның жеткізушілерді және қысқа мерзімді қарыздарды төлеуде қаншалықты тиімді екендігін көрсетеді. Қысқа мерзімді кредиторлық берешек айналымының ұзақтығы есепті жылы 72 күнді, ал өткен жылы 120 құрады. Яғни жыл соңында кредиторлық берешектің айналым уақыты 48 кунге дейін төмендеп 2-пунктте тұрған Өндірістік қорлар айналым уақыты көрсеткіші бұл қоймада шикізат қорларын сақтау күндерінің санын көрсетеді. ол жыл басында 51 күнге тең болса жыл соңында 41 күнге тең болып, 10 күн өзгеріс көрсетіп тұр. Бұл дегеніміз компанияның шикізат қорлары тез сатылып жатыр деген сөз. Динамикадағы көрсеткіштің төмендеуі - жағымды жәйт. Ол өткен жылы 46 күнді, осы жылы 36 күнді құрап, 10 күнге өзгерісі азайған. Бұл көрсеткіш қаншалықты төмен болса, соншалықты компания үшін жақсы. Себебі дебиторлық берешегіміз тез арада ақша қаражатына айналуын сипаттайды. Кәсіпорынның операциялық цикл ұзақтығы - шикізат пен материалдарды сатып алу уақытынан дайын өнімді сатудан ақшаның түсуі мезетіне дейінгі уақыт. Компанияның операциялық цикл ұзақтығы 97 күнді құрап, жыл соңында өзгерісі 20 күнге азайған. Ал қаржылық цикл ұзақтығы жыл соңында 27 күнге артты. Жалпы компанияның жоғарыда талдаған көрсеткіші, жақсы жаққа өзгеріп жатқандығын көрсетеді.
Кесте 4- АҚ баланс өтімділігін талдау



Көрсеткіш

2020

2021

А1

Ең өтімді активтер

1 145 864

1 186 057

А2

Тез өтетін активтер

675 408

733 456

А3

Баяу өтетін активтер

372 679

401 631

А4

Қиын өтетін активтер

12 176 864

12 766 764


Жиыны__14_370_815__15_087_908'>Жиыны

14 370 815

15 087 908

П1

Қысқа мерзімді міндеттемелер

908 584

955 732

П2

Қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар

424 791

470 013

П3

Ұзақ мерзімді міндеттемелер

4 683 233

4 630 978

П4

Тұрақты міндеттемелер

8 636 679

9 574 515


Жиыны

14 653 287

15 631 238

"Air Astana" АҚ баланс өтімділігін талдау нәтижесінде, Ең өтімді активтер қысқа мерзімді міндеттемелерден үлкен болып тұр, яғни A1=1145864 > П1=908584 компания үш айға дейінгі міндеттемелерін төлеуге қабілетті. Тез өтетін активтер қысқа мерзімді несиелер мен қарыздардан үлкен болып тұр, яғни А2=675408 > П2=424791 компания 6 айға дейінгі қысқа мерзімді міндеттемелерін төлеуге қабілетті. Баяу сатылатын активтерді ұзақ мерзімді міндеттемелермен салыстыру тағы да баланстың өтімсіздігін көрсетеді, компания ұзақ мерзімді міндеттемелерін төлеуге қабілеттілігі жоқ. Баланс активтері мен пассивтері баптарының IV тобының қорытындыларын салыстыру ұйымның оның иелері алдындағы міндеттемелерін жабу мүмкіндігін көрсетеді. Бірақ бұл ұйым жойылған кезде ғана қажет болады. Өтімділіктің төртінші теңсіздігіне байланысты A4 ≤ P4 болуы шарт, алайда компанияның, меншікті капиталы иммобилизацияланған активтерден асып кетті, бұл ұйымның меншікті айналым қаражатының жоқтығын көрсетеді. бұл көрсеткіш 2020 жылмен 2021 жылы бірдей. Компания толық төлем қабілетті болуы үшін тек 2 фактор сай келмей тұр.


Кесте 5 - айналым қаражаттарының айналымдылығын есептеу

Көрсеткіштер

2020

2021

өзгеріс

А

1

2


1. Сатудан түскен түсім

3 334 130

4 792 484

1 458 354

2. ҚМА орташа мөлшері

2 476 423

2 864 474

388 051

3. Қорлар мен шығындар орташа мөлшері

228 065

302 848

74 783

4. Дебиторлық берешек орташа мөлшері

422 821

474 537

51 716

5. Ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық салымдар орташа мөлшері

27 795

27 990

195

6. ҚМА айналымдылығы (п. 1 / п. 2)

1,34634915

1,673076453

0,3

7. Қорлар мен шығындар айналымдылығы (п. 1/п.3)

14,61920944

15,82471735

1

8. ДБ айналымдылығы (п. 1 / п. 4)

7,885440884

10,09928414

2

9. Ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық салымдар айналымдылығы (п. 1 / п. 5)

119,9543083

171,2212933

51

Компанияның қаражаттар айналымын талдасақ, ҚМА айналымдылығы жыл басында 1,34 пункт, жыл соңында 1,67 пункт болып тұр. Яғни 0,33 пунктке жоғарылаған. Ал оның жоғарылауы жағымды көрсеткіш. Дебиторлық берешек айналымының Жоғары коэффициенті компанияның дебиторлық берешегін жинаудың тиімді екенін көрсетеді. Яғни кестедегі жоғары коэффтар компания үшін қолайлы. Ақша қаражатының айналымдылығы да жоғары коэффициенттерді көрсетіп тұр.


Таза айналым капиталы баланс бойынша есептеуде екі тәсіл қолданылады:
Таза айналым капиталы (ТАК) = ағымдағы актив – ағымдағы міндеттеме
Меншікті айналым капиталы = (меншікті капитал + ұзақ мерзімді міндеттеме) – ұзақ мерзімді актив.
Айналым капиталын басқару – ағымдағы активтердің құрылымы мен керекті деңгейін сақтау үшін ұйымның айналымдағы активтері мен қаржыландыруын басқару қажет.
ТАК = ӨҚ+ДБ+АҚ+ҚММ
ӨҚ – өндірістік қор
ДБ – дебиторлық берешек
АҚ – ақшалай қаража
ҚММ – қысқа мерзімді міндеттеме
2020 жыл талдау
Таза айналым капитал = 441 599 410 – 433 851 720 = 7 747 690 мын.тенге
Меншікті капитал = (7 747 690 + 283 029 145) – 316 346 275 = - 25 569 440
2021 жыл талдау
Таза айналым капитал = 475 926 936 – 448 302 964 = 27 623 972 мын тенге
Меншікті капитал = (27 623 972 + 290 765 052) – 330 034 671 = - 11 645 647
Айналым капиталы формуласы компания ағымдағы міндеттемелерді төлеу үшін өзінің ағымдағы активтерін іс жүзінде таратады деп болжайды, бұл әрдайым шындыққа сәйкес келе бермейді, өйткені еңбекақы төлеу бойынша міндеттемелерді орындау және операцияларды жүргізу үшін әрдайым ақша қаражаттары қажет.
Сонымен қатар, айналым қаражаттарының формуласы дебиторлық берешекті өндіріп алуға болады деп болжайды, бұл көптеген компанияларға сәйкес келмеуі мүмкін.
Айналым қаражаттарының оң циклі айналым капиталын минимизациялау және ақша ағындарын максимизациялау үшін кірістер мен төлемдерді тұрақтандырады.
Өсіп келе жатқан компаниялар қолма-қол ақшаны қажет етеді. Өсудің ең арзан тәсілі - айналым қаражаттарының циклін қысқарту арқылы қолма-қол ақшаны босату.

Пайдаланған әдебиеттер:



  1. https://airastana.com/Portals/2/About-Us/Corporate-Governance/Annual-Reports/Air%20Astana%20AR21_RUS_WEB.PDF?ver=2022-12-01-084909-247


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет