2 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар



жүктеу 3.61 Mb.
Pdf просмотр
бет14/20
Дата27.01.2017
өлшемі3.61 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
§ 21. Есімдердің тəуелдеу түрі.
Кестедегі  есімдерді  салыстырыңдар. «Бала»  деген  сөзде  жалғау  жəне 
мағна жағынан айырмашығын байқаңдар.
Мен бала 
Менің балам
Сен бала 
Сенің балаң
Ол бала  
Оның баласы
Зат есім, сын есім, сан есімдерді бір сөз бен  е с і м д е р  дейді. 
Есімдердің жай түрі (бала) жəне тəуелдеу түрі бар: балам, балаң, баласы.
Тəуелдеу түрі бір нəрсенің екінші нəрсеге  т і й і с т і л і г і н  көрсетеді.
100. Жұмыс. Төменгі сөйлемдерді көшіргенде тəуелдеу түрде тұрған 
сөз  түбірдің  астын  бір  сызыңдар.  Тəуелдеу  жалғауының  астын  екі  сы-
зыңдар.
Быйыл қалқоздың егіні бітік. Қалқоздың мəшійнесі көп. Біздің қалқо-
зымыз ауқатты. Менің əкем қалқозда. Сенің шешең қалқозда. Оның ағасы 
қалқозда. Біздің əкеміз қалқозшы. Сіздің əкеңіз қалқозшы.
Біздің мектебіміз таза. Менің кітабым жаңа.
Төменгі кестеге қарап тəуелдеу түпдің жекеше, көпше, ортақ жалғаула-
рын біліңдер.
Оңаша тəуелдеу
Ортақ тəуелдеу
жекеше
көпше
жекеше
көпше
Менің кітабым
– кітаптарым
Біздің кітабымыз
– кітаптарымыз
Сенің кітабың
– кітаптарың
Сіздің кітабыңыз
– кітаптарыңыз
Оның кітабы
– кітаптары
Олардың кітабы
– кітаптары

Бес томдық шығармалар жинағы
183
101. Жұмыс. Жоғарғы үлгі бойынша мына сөздердің тəуелдеу түрінің  
жекеше, көпше жалғауларын жазып көрсетіңдер. 
Дəптер, бөрк, шапан, қарындас.
102. Жұмыс. «Көміршілер» деген өлеңді көшіргенде тəуелдеу түрдегі 
сөздің астын сызыңдар.
Көміршілер.
Қазағыстан дəулеті – 
Қарағанды дүкені.
Қарағанды – Одақтың
Дүкенінің үлкені. 
Сондағы еңбек ерлері,
Бүгінгі күн қарқындар!
Бүйіріне шақтының 
Батыра сал керкіні.
Бұрқыратсын көмірді
Білегіңнің серпіні.  
 
 
(Ілійас).
§ 22. Есімдердің көпше, жекеше түрі.
Төменгі кестедегі ірі басылған сөздерді салыстырыңдар. Олардың ай-
ырмашығын байқаңдар.
Б а л а оқыды 
Б а л а л а р оқыды
Ү й салынды 
Ү й л е р салынды.
А т жегілді 
А т т а р жегілді
М е к т е п ашылды 
М е к т е п т е р ашылды
Қ а л қ о з ауқатты 
Қ а л қ о з д а р ауқатты
К ө л балықты 
К ө л д е р балықты
Есімнің жеке түрі бірақ затты көрсетеді, көпше түрі – көп затты көрсетеді.
103. Жұмыс. Көшіргенде ірі басылған есімдерді көпше түрге айнал-
ды.
Үлгі: Қ а л қ о з д а р астық дайындауды орындады.
Қ а л қ о з  астық дайындау жоспарын орындады. Е к п і н д і  жұмысын 
күшейтті. М ə ш і й н е тоқтамай  ж ү р д і. Қалқозда бай зыйан қылүуға 
тырысады. Байға  м о л д а  көмек береді. 
§ 23. Есімдердің септелүуі. 
Мына  əңгімеде  «Еңбек»  деген  сөз  əр  сөйлемде  қалай  өзгергенін  бай-
қаңдар. Əр өзгерген түріне сұрау қойып қараңдар.

Бес томдық шығармалар жинағы
184
Еңбек. 
 Б ұ р ы н   е ң б е к  бейнет деп саналды. Енді біз  е ң б е к к е  басқаша 
қараймыз. Біз  е ң б е к т е н  қорқпаймыз. Біз  е ң б е к т і   а р д а қ т а й м 
ы з. Күш  е ң б е к т е. Біз  е ң б е к т і ң  ерлері.
Сөйлем ішінде сөз бен сөз байланысқанда айақтарына дəнекер  ж а л ғ 
а у л а р  қосылады.
Есімдердің дəнекер жалғауларын  с е п т е у  дейді.
Есімге септеу қосылұуын  с е п т е л ү у  дейді. 
Есімдердің септеулері сұрауларға қарай қосылады.
Септеулер алтау:
1. Атау ... Мұның сұраулары – Кім? Не?
2. Ілік жалғау ... Мұның сұраулары – Кімнің? Ненің?
3. Барыс жалғау ... Мұның сұраулары – Кімге? Неге? Қайда?
4. Шығыс жалғау ... Мұның сұраулары – Кімнен? Неден? Қайдан?
5. Табыс жалғау ... Мұның сұраулары – Кімді? Нені?
6. Жатыс жалғау ... Мұның сұраулары– Кімде? Неде? Қайда? Қашан?
Кім? деген сұрау адамды көрсететін есімге қойылады. 
Не?  деген  сұрау  адамнан  басқа  нəрсені  көрсететін  есімдерге  қойы-
лады.
Қайда? орынды көрсететін, қашан? мезгілді көрсететін есімдерге қой-
ылатын сұраулар. 
Есімдердің бəрі (зат есім, сын есім, сан есім) бір рет пен септеледі.
Септелүу үлгісі 
Жекеше:
Атау кім?
Қыз 
Келін 
Самат
Елемес
Ілік ж. Кімнің?
Қыздың 
кітабы
Келіннің 
кітабы
Саматтың 
кітабы
Елеместің кітабы
Барыс ж. Кімге?
Қызға
Келінге
Саматқа
Елемеске
Шығыс ж. Кімнен? Қыздан
Келіннен
Саматтан
Елеместен
Табыс ж. Кімді?
Қызды
Келінді
Саматты
Елеместі
Жатыс ж. Кімде?
Қызда
Келінде
Саматта
Елеместе
А. Не?
Қаз
Егін
Ат
Пеш
І. Ненің?
Қаздың аты Егіннің басы Аттың жалы Пештің мойны
Б. Неге? Қайда?
Қазға
Егінге
Атқа
Пешке
Ж. Неден? Қайдан? Қаздан
Егіннен 
Аттан
Пештен
Т. Нені?
Қазды
Егінді
Атты
Пешті
Ж. Неде? Қайда?
Қазда
Егінде
Атта
Пеште

Бес томдық шығармалар жинағы
185
Көпше:
А. Кімдер?
Қыздар
Келіндер
Саматтар
Елеместер
І. Кімдердің?
Қыздардың 
кітабы
Келіндердің 
кітабы
Саматтардың 
кітабы
Елеместердің 
кітабы
Б. Кімдерге?
Қыздарға
Келіндерге
Саматтарға
Елеместерге
Ш. Кімдерден? Қыздардан
Келіндерден
Саматтардан
Елеместерден
Т. Кімдерді?
Қыздарды
Келіндерді
Саматтарды
Елеместерді
Ж. Кімдерге?
Қыздарға
Келіндерге
Саматтарға
Елеместерге 
А. Нелер?
Қаздар
Егіндер 
Аттар
Пештер
І. Нелердің?
Қаздардың Егіндердің 
басы
Аттардың 
жалы 
Пештердің 
мойны
Б. Нелерге? Қайда?
Қаздарға
Егіндерге
Аттарға
Пештерге
Ш. Нелерден? Қайдан?
Қаздардан
Егіндерден
Аттардан
Пештерден
Т. Нелерді?
Қаздарды
Егіндерді
Аттарды
Пештерді
Ж. Нелерге? Қайда?
Қаздарға
Егіндерге
Аттарға
пештерге 
Септеулер төрт түрлі:
1. Сөздің соңғы бұуыны жұуан болса, септеуі де  ж ұ у а н  болады. 
2. Соңғы бұуыны жіңішке сөздің септеуі де  ж і ң і ш к е  болады. 
3. Соңғы дыбысы қатаң сөздің септеуі де  қ а т а ң н а н  басталады. 
4. Соңғы дыбысы ұйаң сөздің септеуі де  ұ й а ң н а н  басталады.
104. Жұмыс. Жоғарғы үлгіге қарап, мына сөздердің айағын септеңдер. 
Сан есімге неше? деген сұрау қойыңдар.
Ұста, Інженер, оқытұушы, жылқы, зауыт, камсамол, кітап, жақсы, ұзын, 
алыс, бір, бес, алты.
§ 24. Тəуелдеу түрдің септеулері 
Септелүу үлгісі.
Жекеше:
1  ж а қ 2 
 
ж а қ
3  ж а қ
А. Нем? Нең? Несі?
бөркім
бөркің
бөркі
І. Немнің? Неңнің? Несінің?
бөркімнің
бөркіңнің
бөркінің
Б. Неме? Неңе? Несіне?
бөркіме
бөркіңе
бөркіне
Ш. Немнен? Неңнен? Несінен? 
Қайдан?
бөркімнен
бөркіңнен
бөркінен
Т. Немді? Неңді? Несін?
бөркімді
бөркіңді
бөркін
Ж. Немде? Неңде? Несінде? 
Қайда?
бөркімде
бөркіңде
бөркінде
Көпше:
1  ж а қ
2  ж а қ
3  ж а қ
А. Нелерім? Нелерің? Нелері?
бөрктерім 
бөрктерің
бөрктері

Бес томдық шығармалар жинағы
186
І. Нелерімнің? Нелеріңнің? Не-
лерінің?
бөрктерімнің
бөрктеріңнің
бөрктерінің
Б. Нелеріме? Нелеріңе? Нелері-
не? Қайда?
бөрктеріме 
бөрктеріңе
бөрктеріне
Ш. Нелерімнен? Нелеріңнен? 
Нелерінен? Қайдан?
бөрктерімнен
бөрктеріңе
бөрктеріне
Т. Нелерімді? Нелеріңді? Не-
лерін?
бөрктерімді
бөрктеріңді
бөрктерін
Ж. Нелерімде? Нелеріңде? Не-
лерінде? Қайда?
бөрктерімде
бөрктеріңде
бөрктерінде
Ортақ түрі
1  ж а қ
2  ж а қ
3  ж а қ
А. Неміз? Неңіз? Несі?
бөркіміз
бөркіңіз
бөркі
І. Неміздің? Неңіздің? Несінің? бөркіміздің
бөркіңіздің
бөркінің
Б. Немізге? Неңізге? Несіне? 
Қайда?
бөркімізге
бөркіңізге
бөркіне
Ш. Немізден? Неңізден? 
Несінен? Қайдан?
бөркімізден
бөркіңізден
бөркінен
Т. Немізді? Неңізді? Несін?
бөркімізді
бөркіңізді
бөркін
Ж. Немізде? Неңізде? 
Несінде? Қайда?
бөркімізде
бөркіңізде
бөркінде
105. Жұмыс. Тəуелдеу түрде мына сөздерді септеңдер:
Етік, кітап, дəптер, ойыншық.
§ 25. Есімдіктер.
Төменгі  сызықтың  екі  жағындағы  сөйлемдерді  салыстырыңдар
Мұрат,  жолдастар деген сөздердің орнына қандай сөздер ұсталған. 
1. Қысты күні Мұрат жылымға құлады.
Қысты күні Мұрат жылымға құлады.
2. Мұрат сұуға бата жаздады.
Ол сұуға бата жаздады.
3. Мұратты жолдастары көрді.
Оны жолдастары көрді.
4. Жолдастары Мұратты шығарып алды. Олар Мұратты шығарып алды.
Сөйлем ішінде мен, сен, ол, біз, сіз, сіздер, олар, сықылды сөздер зат 
есімнің орнына ұсталады. Мұндай сөздерді  е с і м д і к т е р дейді. 
Мен, біз, біздер –  б і р і н ш і   ж а қ  есімдігі.
Сен, сіз, сіздер –  е к і н ш і   ж а қ  есімдігі.
Ол, олар –  ү ш і н ш і   ж а қ  есімдігі.
Бірінші жақ – мен, біз, екінші жақ – сен, сіз, сендер, үшінші жақ – ол, 
олар болып саналады.

Бес томдық шығармалар жинағы
187
106.  Жұмыс.  Төменгі  əңгімені  оқып,  ішінен  есімдіктерді  теріп  жа-
зыңдар. 
Балалар бесігі. 
Жібек жеңешем зауытты жұмыс қылады. Ол зауытқа сағат сегізге ке-
леді. Оның емшекте қызы бар. Күнде жұмысқа бара жатып жеңешем қы-
зын балалар бесігіне береді. Жеңешем қызына қайғырмайды. Оны балалар 
бесігінде күтеді, оған тамақ береді. 
Менің  əжем  де  зауытты  жұмысшы.  Менің  де  емшекте  інім  бар.  Оны 
да əжем ертеңгісін балалар бесігіне апарады. Кешке оларды жеңешем мен 
əжем ала қайтады. 
§ 26. Етістіктің жіктелүуі.
107. Жұмыс. Үш нүкте орнына керек етістік жазыңдар. 
Қызыл əскер, трактыршы, малшы.
(Кім қалай айтады?)
Қызыл əскер трактіршіге: – Мен Кеңес одағын ..., сен трактір..., ол (мал-
шы) мал...
Малшы қызыл əскерге: – Мен мал... сен Кеңес одағын... ол (трактірші) 
трактір...
Трактірші  малшыға: – Мен  трактыр...,  сен  мал...,  ол  (қызыл  əскер) 
Кеңес елін...
К е р е к   с ө з д е р:
Мен қорғаймын. 
Мен бағамын. 
Мен жүргіземін.
Сен қорғайсың. 
Сен бағасың. 
Сен жүргізесің.
Ол қорғайды.  
Ол бағады. 
Ол жүргізеді.
Жоғарғы  жұмысты  өзгертіп  мен,  сен,  ол  орнына  біз,  сіз,  сіздер,  олар
деп  көпше  түрін  ұстаңдар.  Үш  нүкте  орнына  төменгі  етістіктерді  ұстаң-
дар:
Біз қорғаймыз. 
Біз бағамыз. 
Біз жүргіземіз.
Сіз қорғайсыз. 
Сіз бағасыз. 
Сіз жүргізесіз.
Олар қорғайды. 
Олар бағады. 
Олар жүргізеді.
Бірінші, екінші, үшінші жақ есімдік пен (мен, сен, ол, біз, сіз, олар) қо-
сылғанда етістікке жалғау жалғанады.
Етістік айағының үш жаққа жалғанұуын жіктелүу дейді.
Етістіктің түбірі екінші жақ бұйрық рай болып саналады: қорға, бақ, 
жүргіз.
Мен зауытта  т ұ р м ы н. Мен зауытта  т ұ р д ы м. Мен зауытта  т ұ р а 
р м ы н. Мен зауытта  і с т е й м і н. Мен зауытта  і с т е д і м. Мен зауытта  

Бес томдық шығармалар жинағы
188
і с т е р м і н. Мен сапқозда  ж ұ м ы с   қ ы л а м ы н. Мен сапқозда  ж ұ м 
ы с   қ ы л д ы м. Мен сапқозда  ж ұ м ы с   қ ы л а р м ы н.
Етістіктің үш шағы бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ.
Осы  шақтың  етістік  іс  осы  шақта  (кезде)  болып  жатқанын  көрсетеді. 
Өткен шақтың жалғауы іс өткен кезде болғанын көрсетеді. Келер шақтың 
жалғауы іс, оқыйға келешекте боларын көрсетеді.
Жіктеу үлгісі. 
Осы шақ. 
Жекеше:
Мен тұрмын  Жүрмін 
Отырмын 
Жатырмын
Сен тұрсың 
Жүрсің 
Отырсың 
Жатырсың
Ол тұр 
Жүр 
Отыр 
Жатыр
Көпше:
Біз тұрмыз 
Жүрміз 
Отырмыз 
Жатырмыз
Сіздер тұрсыздар  Жүресіздер  Отырсыздар 
Жатырсыздар
Олар тұр 
Жүр 
Отыр 
Жатыр
Осы шақ (келер шақ мағнасында да ұсталады)
Жекеше:
Мен жетемін 
Барамын 
Айтамын
Сен жетесің 
Барасың 
Айтасың
Ол жетеді 
Барады 
Айтады
Көпше:
Біз жетеміз 
Барамыз 
Айтамыз
Сіздер жетесіздер  Барасыздар  Айтасыздар
Олар жетеді 
Барады 
Айтады
Сөйлемнің мағынасына қарай осы шақ, келер шақтың орнына ұстала 
береді. Мен үшінші бөлімде оқыймын (осы шақтық мағнасы бар). Мен ер-
тең газет оқыймын (келер шақ мағнасында). Мен үйден келемін (осы шақ 
мағынасы бар). Мен кешке мектепке келемін (мұнда келер шақ мағнасын-
да).
Келер шақ
Жекеше:
Мен тұрамын  Берермін 
Айтармын 
Кесермін
Сен тұрарсың  Берерсің 
Айтарсың 
Кесерсің 
Ол тұрар 
Берер 
Айтар 
Кесер

Бес томдық шығармалар жинағы
189
Көпше:
Біз тұрармыз 
Берерміз 
Айтармыз 
Кесерміз
Сен тұрсың 
Берерсіз 
Айтарсыздар 
Кесерсіз
(Сендер тұрар- (Берерсіңдер)  Айтарсыңдар 
(Кесерсыңдар)
сыңдар)
Олар тұрар 
Берер 
Айтар 
Кесер
Өткен шақ. 
Жекеше:
Мен тұрдым  
бердім 
айттым  
кестім
Сен тұрдың  
бердің 
айттың  
кестің
Олар тұрды 
берді 
айтты 
кесті 
 
Көпше:
Біз тұрдық   
бердік  
айттық  
кестім
Сіз тұрдыңыз   бердіңіз 
айттыңыз  
кестің
(Сендер тұр- (бердіңдер) (айттыңдар) (кестіңдер)
дыңдар)
Екінші  жақ  жалғауы  «ң»  мен  жазылады:  тұрсың,  тұрдың,  тұрасың, 
тұрарсың, тұрдыңыз. 
Үшінші жақтың көпше, жекеше жалғауы бірдей.
Екінші жақ көпше үш түрлі: сіз тұрдыңыз, сіздер тұрдыңыздар, сендер 
тұрдыңдар. Əуелгі түрі сыпайылық үшін жекеше күйінде де ұстала береді. 
Жіктеу жалғаулары төрт түрлі: 
1. Түбірі жұуан болса, жіктеулері де жұуан болады. 
2. Түбірі жіңішке болса, жіктеулері де жіңішке болады. 
3.  Түбірдің  соңғы  дыбысы  қатаң  болса,  өткен  шақ  жіктеуі  қатаңнан 
басталады. 
4. Түбірден соңғы дыбысы ұйаң болса, өткен шақ жіктеулері де жұуан-
нан басталады. 
110. Жұмыс. Төменгі етістіктерді жіктеңдер. 
Жаз, қайт, же, іш, істе, оқы, сүрт.
Болымсыз етістіктерді жіктеңдер: 
Жүрме, алма, ішпе, жақпа, жазба, үзбе. 
111. Жұмыс. Төменгі əңгімені көшіргенде осы шақты келер шақ, сонан 
соң өткен шақ қылып жазыңдар. 
Жаңа тұрмыс.
Біз  жаңа  тұрмыс  орнатамыз.  Тұрмысымызды  жақсартамыз.  Жеке 
шарұуалар  қалқозға  кіреді.  Қалада,  қалқозда,  сапқозда  талай  асқаналар 
ашылады. Əйелдер ошақ басынан құтылады.

Бес томдық шығармалар жинағы
190
§ 27. Көмекші етістік.
1. Мен мектепте оқыймын.
1. Мен мектепте оқып жүрмін. 
2. Мен мектепте оқыдым.
2. Мен мектепте оқып жүрдім. 
3. Сен мектепте оқыдың.
3. Сен мектепте оқып едің. 
4. Олар трактыр алды.
4. Олар трактыр алып келді. 
Қатарынан ұстаған бір неше етістікті  қ о с а р   е т і с т і к  дейді.
Қосар етістік тек бір мағнаға ійе болады: сатып алады, оқып отыр. 
Қосар етістіктің өзгермейтіні  н е г і з г і   е т і с т і к  аталады. Бұл қосар 
етістіктің түп  м а қ с а т ы н   к ө р с е т е д і. 
Қосар етістіктің к ө м е к ш і с і жіктеледі. Көмекші етістік қосар етістік-
тің  ш а ғ ы н,   ж а ғ ы н,  к ө п ш е,  ж е к е ш е с і н,  б о л ы м д ы,  б о л ы 
м с ы з ы н,  м а ғ ы н а с ы   ө з г е р у і н  көрсетеді. 
112. Жұмыс. Қосар етістіктерді үш  шақ, үш жақ, болымды, болымсыз, 
көпше, жекеше түрлері мен жіктеңдер. 
Алып кел, сатып ал, қайтып кел, барып кел. 
113.  Жұмыс.  Кестенің  сол  жағындағы  үлгіге  қарап,  жүгір,  ақ  деген 
етістіктер қасына етістік тауып жазыңдар. Көмекші етістік қосар етістікке 
қандай жанама мағна бергенін байқаңдар. 
Құс ұшты    
 
Бала жүгірді  
 
Су ақты
Құс ұшып кетті  
 
Бала жүгіріп кетті 
Су ағып кетті 
Құс ұшып келді  
 
Бала жүгіріп...    
Су ағып... 
Құс ұшып өтті  
 
Бала жүгіріп...    
Су ағып...
Құс ұшып жүрді  
 
Бала жүгіріп...    
Су ағып...
Құс ұшып кірді  
 
Бала жүгіріп...    
Су ағып...
Құс ұшып болды  
 
Бала жүгіріп...    
Су ағып...
113.  Жұмыс.  Төменгі  мақаланы  оқып,  жалаң  етістікті  бір  бөлек,  қо-
сар етістікті бір бөлек теріп жазыңдар. Көмекші етістіктің астын сызың-
дар. 
Өзен тасұуы.
Қар кетіп жатыр. Қар сұулары өзенге құйып жатыр. Мұз бетін қызыл 
сұу қаптап кетті. Ертеңіне мұздың көбесі сөгілді. Түсте мұз астынан сұу 
көрінеді, мұз көтерілді, жарыла бастады. 
Кешке сең жүре бастады. Сең кейде топтанады, кейде тарайды, кейде 
бұуылады. Кейде үрккен қойдай бытырап жөнеледі. Сең үстіне қыспақта 
сең  ырғып  мінеді.  Сең  мен  аралас  ағаштар  да,  қыстай  үйілген  көң  де, 
күдірейген дөңбектер де жосып барады. 

Бес томдық шығармалар жинағы
191
Балалар детсійметірге бөлінген тақта мен сұудың өскенін өлшеп жүр. 
Сұу сабасынан 4 метір көтерілді. Өзен сабасынан асып кетті. Көпке шейін 
өзен сабасына түспеді. 
§ 28. Болымсыз «МА» мен сұрау «МА?» 
Етістік түбіріне қосылып жазылған -ма мен етістік пен есімдіктерден 
соң келетін бөлек жазылатын сұраулы ма?-ны салыстырыңдар. Олардың 
айырмашылығын байқаңдар. 
1. Сен онда барма 
  1. 
Сенде кітап бар ма?
2. Сен қат жазба 
  2. 
Қазыр қыс па, жаз ба?
3. Мен мұны жазбадым  
 
3. Мен мұны жаздым ба? 
Етістік түбіріне қосылған жұрнақ -ма (-ме, -ба,-бе, -па,-пе) етістіктің 
болымсыз түрін тұуғызады. Түбір мен бірге жазылады. 
Етістік  пен  есімдер  соңынан  тұратын  сұрауы  ма? (ме,  ба-бе,  па-пе) 
сұрауды көрсетеді, сөзден бөлек жазылады. 
 
112. Жұмыс. Көшіргенде болымсыз етістіктерді ма (ме, ба-бе, па-пе) 
астын бір, сұрауды көрсететін сұраулы ма? (ме, ба-бе, па-пе) астын екі сы-
зыңдар. 
Жыңғыл мен мал айдама, кендір мен мал байлама. Сен мүзейде болдың 
ба? Қараша үйге қар жұқпайды (сыйырдың мүйізі). Ол мұнда отырмады 
ма? жамаулары болсада жамауы білінбейді (шұбар мал). Сен менің кіта-
бымды  көрмедің  бе?  Ел  жатса  да,  енекем  жатпайды  (сыйырдың  мүйізі). 
Бала  сабақтан  қайтпады  ма?  Күлдір  жарғағым,  қартайғанша  тозбайды 
(құлақ).   

Бес томдық шығармалар жинағы
192
Т Ө Р Т І Н Ш І   Ж Ы Л 
§1. Оқұу басталды. 
Дем алыс бітті. Мектепке жыйналдық. Бөлімге бөліндік. Біз төртінші 
бөлімде оқыймыз. 
Сабақтан  соң  бөлім  жыйылысы  болды.  Жыйылыста  үшінші  бөлімді 
сатсыйалдық жарысқа шақырмақшы болдық. Мынадай шарт қойдық: са-
баққа  кешікпейміз;  сабақтан  қашпаймыз;  сабақты  жақсы  оқып,  быйыл 
бірінші басқышты бітіреміз; қабырға газетін мезгілінде шығарып тұрамыз. 
1. Жұмыс. Жоғары мақалада неше бөлім бар? Əр бөлімге қандай сү-
грет салұуға болады? Сол сүгрет астына не деп жазар едіңдер? Əр бөлімде 
неше сөйлем бар?
Бір қосақ ойды көрсеткен сөйлемдер абзатс аталады. Абзатста бір неше 
сөйлем болады. 
Əр  абзатс,  əр  жаңа  басталған  текс  азатты  жолдан  басталады.  Азатты 
жол деп жолдың сол жақ шетіне жеткізбей шегінтіп жазған жолды айтады. 
2.  Жұмыс.  Кітаптан  бүгін  оқыған  əңгімелеріңде  неше  абзатс  барын 
біліңдер.  Əуелгі  екі  абзатсын  көшіріңдер  де,  абзатстя  азатты  жолдан 
бастаңдар. 
§2. Аңызды, сұраулы, лепті сөйлемдер. 
Қалқоз  құрылысын  мейлінше  ұлғайтұу  үшін  не  керек?  Мұның  үшін 
алды  мен  қалқозшылардың  əбден  жеткілікті,  егіске  қолайлы  жері  болұу 
керек. 
Бұл  сіздерде  бар  ма?  Ійə,  бар.  Барлық  жақсы  жер  мүлде  қалқоздарға 
берілгені белгілі. 
Мұның үшін, қалқозшылар трактыр мен, мəшійне мен пайдалана алұуы 
керек. 
Бұлар сіздерде бар ма? Ійə, бар. Мұның үшін ақырында қара шарұуаға 
адам жана қаржы жəрдемін үкімет айамай берүу керек. Жау таптың қал-
дықтарына қалқоздарды іріттірмеу керек. 
Сіздерде  сондай  үкімет  бар  ма?  Ійə,  бар.  Оның  аты  жұмысшы-қара 
шарұуа Кеңес үкіметі. 
(Сталіннің 1933-ж. 19-пебіралда екпінді қалқозшылардың одақтық сій-
езіндегі сөзінен). 
3.  Жұмыс.  Жоғарғы  Сталін  сөзінің  ішінен  соңында  жауабы  тұрған 
сұрауларды көшіріп жазыңдар. Сұрау соңынан жана жауабын жазыңдар. 
Дауыстап əуелі сұрауын, онан соң жауабын оқыңдар. 
Сұрауды  қандай  дауыс  пен,  оған  берілген  жауапты  қандай  дауыс  пен 
оқығандарыңды байқаңдар. 
Сұраулы сөйлем айағында қандай белгі, жауап берген сөйлем айағында 
қандай белгі тұр? 
Мағнасында сұрауы бар сөйлемді  с ұ р а у л ы   с ө й л е м  дейді. Ішінде 
жай мағлұматы бар сөйлемді  а ң ы з д ы   с ө й л е м  дейді. 

Бес томдық шығармалар жинағы
193
Сұрауы сөйлем ішінде қайда? қашан? қайдан? не? кім? қандай? қалай? 
неше?  нешінші?  неге?  сыйақты  сұрау  сөздер  йə  ма? (ме,  ба-бе?  па-пе?) 
деген сұрау демеуі болады. 
Сұраулы сөйлемде дауыс көтеріңкі айтылады. Аңызды сөйлемнің ай-
ағында дауыс бəсеңдейді. 
Сұраулы сөйлем айағында сұрау (?), аңызды сөйлем айағында ұлы ты-
ныстық (.) қойылады. 
4. Жұмыс. Көшіргенде сөйлеміне қарай сұраулықты ия ұлы тыныстық 
қойындар. 
– Сен  жұмысшысың ба
– Иə, мен жұмысшымын
– Қайда істедің
– Қарағандыда істедім
– Қанша жыл жұмыс қылдың
– Бір жыл
– Неге кеттің
– Қызылға əскерге шақырылдым. 
5. Жұмыс. Берілген жауаптарға қарай лайықты сұраулы сөйлемдер жа-
зыңдар. 
– .................................................................................................................
– Күмбійбі Жаңғабыл келіні.
– .................................................................................................................
– Жыйырма бесте.
– .................................................................................................................
– «Жантас» қалқозында .
– .................................................................................................................
– Сүт пермісінде сауыншымын.
– .................................................................................................................
– Иə, екпіндімін.
6. Жұмыс. Қалқоздарың  егін жыйнау науқанын өткізұуі тұуралы сұра-
улар тізіңдер. Науқан қалай ұйымдастырылғанын, не жыйылып болғанын, 
не əлі жыйылмағанын ілгеріде не істемекші екенін сұраңдар. 
7. Жұмыс. Қызыл əскерде құттықтаған сөйлемдерді оқып шығыңдар. 
Бұлардың айағындағы лептік (!) нені көрсетеді?
Қызыл əскер, командір, сайасы қызметкер жолдастар! Кеңес үкіметіне 
қарсы соғыс қаупын бір мүйнет те ұмытпаңдар! Жасасын Кеңес одағының 
күшті, қаһарман қызыл əскері!  ОКР (в) ОК. 
Жұмысшы-қара шаруа Қызыл əскерінің жауынкерлеріне, камандірлері-
не,  сайасы қызметкерлеріне сəлем!
Отанымыздың жұмысшылары бес жылдықты төрт жылда еңсере орын-
дап, Қызыл əскерді отан қорғаудың жаңа құралдары мен құралдандырып 
жатыр. Бұл құралдардың тілін жете біліп, жау жағадан алайын десе, отан 
алдында  өз  міндеттеріңді  орындау,  жолдастар,  сендердің  жұмыстарың. 

Бес томдық шығармалар жинағы
194
Жолдастар! Ленин тұуын, комунизм үшін күрес тұуын жоғары ұстаңдар! 
Жасасын  қаһарман Қызыл əскер жана оның бастығы, оның төңкерісшіл 
соғыс кеңесі! Сталин. 
Айтұушының  сезімін  (құуанұу,  таңданұу)  иə  бұйрығын,  үндеуін, 
өтінішін көрсеткен сөйлемді лепті сөйлем дейді.
Лепті сөйлем көтеріңкі дауыс пен айтылады. 
Лепті сөйлем айағына лептік (!) қойылады.
8. Жұмыс. Сөйлемдерді көшіргенде айағына тійісті тыныс белгілерін 
қойыңдар. 
Аз болса да жақсы болсын. Ленин.
Өктəбір балалары – жас пійəнерлер, мектепте пролетарлық тəртіпті кү-
шейтіңдер.
Егіннің бітіктігі жаңа малдың сүттілігі үшін күресіндер. 
                                                                                 ОКР (в) ОК.
Кеңестер одағындағы еңбек-даңқтың, намыстың, құрметтің, ерліктің ісі 
Сталин.
Келешек – адал  еңбектікі М. Гөркій.
Ауқатты, мəдениетті қалқоз тұрмысы үшін күресіңдер. 
Трактыр мен көмбайын тілін біліңдер.
Сатсыйалдық мектепті оқыңдар
Сатсыйалдық жарыс пен екпінділік тұуын жоғары көтеріңдер 
 
                                                                         ОКР (в) ОК.
9.  Жұмыс.  Мысалды  біреуің  жазұушы,  біреуің  шегіртке,  біреуің  құ-
мырсқа  болып  оқыңдар.  Аңызды,  сураулы,  лепті  сөйлемдерді  дауыс 
ырғағын келтіріп оқыңдар.
Шегіртке
(Крыйлоп)
Шырылдауық шегіртке ыршып жүріп əн салған. Көгалды құуып гөлəйт-
тап, қызық пен жүріп жазды алған. Жазды күнгі жапырақтың бірінде та-
мақ, бірінде үй. Жапырақ кетті, жаз кетті, күз болған соң кетті күй. Жылы 
жаз жоқ, тамақ жоқ, өкінгеннен не пайда? Сұуыққа тоңған, қарны ашқан, 
ойын қайда? Əн қайда? Оны менен тұрмайды: қар көрінді, қыс болды. Са-
уықшыл сорлы бүкшійді. Дым ақ қыйын іс болды. Секірұу қайда? Сүрініп, 
қабағын қайғы жабады. Саламда жатып дəн жиған, құмырсқаны іздеп та-
бады. Селкілдеп келіп жығылды. Айағына бас ұра: «Қарағым, жылт, орын 
бер! Жаз шыққанша асыра!» – «Оның жаным, сөз емес, жаз өтерін білмеп 
пе ең? Жаның үшін еш шарұуа ала жазда қылмап па ең?» – «Мен өзіңдей 
шаруашыл жұмсақ ійлеу үйлі ме? Көгалды құуып əн салып, өлеңнен қо-
лым тійді ме?» – «Қайтсін, қолы тимепті! Өлеңші, əнші, есіл ер, ала жаздай 
əн салсаң, селкілде де бійлей бер!». 
                                                                   (Абайдың аудармасы)

Бес томдық шығармалар жинағы
195
10. Жұмыс. Төмеңгі сөйлемдер соңынан тійісті тыныс белгілерін (ұлы 
тыныстық, сұраулық жана лептіктерді) қойып көшіріңдер. 
1. Ленін қайда Көмпартыйа ішінде, ішінде де сағат сайын ісінде. 
2. Жалқаулыққа салынбай кел, балалар, оқылық.
3. Балалар, оқұуға бар, жатпа қарап 
Кійініп жұуыныңдар шапшаңырақ
Шақырды тауық мана алда қашан
Қарап тұр терезеден күн жылтырап. 
4. Ой балалар, балалар, ойналық та күлелік,
енді оқұуға жүрелік. 
5. Ол не зат ноқаттай боп қалықтаған
Сұуретін көк əлемі анықтаған
Емес пе көкте жүзген бала бүркіт
Аққұу ма көк аспанды шарықтаған. 
                                                                   (Айырпылан)

Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет