2 бөлім. Кәсіпорындардың ресурстары және оларды пайдалану тиімділігі 2-тақырып. Кәсіпорынның негізгі капиталы



бет1/6
Дата16.11.2022
өлшемі80,5 Kb.
#50595
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция 2 Негізгі капитал


2 бөлім. Кәсіпорындардың ресурстары және оларды пайдалану тиімділігі


2-тақырып. Кәсіпорынның негізгі капиталы


Сабақтың мақсаты: кәсіпорынның негізгі капиталының экономикалық мәнін, негізгі қорлардың тозуын, амортизацияны есептеу әдістерін, негізгі өндірістік қорды пайдалану көрсеткіштерін зерттеу


Негізгі ұғымдар: негізгі капитал, негізгі қорлардың тозуы, амортизация, негізгі капиталдың ұдайы өндірісі


Дәріс жоспары:

  1. Кәсіпорын негізгі капиталының экономикалық мәні, олардың құрамы мен құрылымы

  2. Негізгі қорларды бағалау

  3. Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы

  4. Негізгі өндірістік қорды пайдалану көрсеткіштері



1.Кәсіпорын негізгі капиталының экономикалық мәні, олардың құрамы мен құрылымы
Еңбек заты мен еңбек құралдары өндіріс барысында бірігіп өндіріс құрал-жабдығы деп аталады. Олардың заттай және ақшалай өлшемдері бар. Егер заттай қарастырсақ - өндірістік құрал, ал ақшалай - өндірістік қор деп аталады. Өндірістік қордың құрамы күрделі, олардың өндіріске қатысу ерекшеліктеріне байланысты негізгі және айналым қоры деп екіге бөлінеді.
Негізгі қорларға (негізгі қаржыға) машина, құрал-жабдықтар, қора-жайлар т.б., яғни бірнеше жыл өндіріс процессіне қатыса отырып, бастапқы заттық түрін өзгертпейтін өндірістік қордың бір бөлігі жатады. Олар өз құнын дайын тауарға бірте-бірте бірнеше жыл ішінде ауыстырады.
Негізгі қор (негізгі қаржы) пайдалану мақсатына байланысты екіге бөлінеді:
- өндірістік емес негізгі қаржылар: өнім өндірісіне тікелей қатыспайтын, тұтыну үрдісінде пайдаланылатын қаржылар (тұрғын үй, халық ағарту, мәдени, денсаулық, спорт және әлеуметтік қамтамасыз ету қорлары)
- өндірістік негізгі қаржы: өнім өндіруге тікелей қатысады (машина, құрал-жабдықтар, қора-жайлар т.б.)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет