Сабақтың мақсаты: кәсіпорынның негізгі капиталының экономикалық мәнін, негізгі қорлардың тозуын, амортизацияны есептеу әдістерін, негізгі өндірістік қорды пайдалану көрсеткіштерінзерттеу
Негізгі ұғымдар: негізгі капитал, негізгі қорлардың тозуы, амортизация, негізгі капиталдың ұдайы өндірісі
1.Кәсіпорын негізгі капиталының экономикалық мәні, олардың құрамы мен құрылымы Еңбек заты мен еңбек құралдары өндіріс барысында бірігіп өндіріс құрал-жабдығы деп аталады. Олардың заттай және ақшалай өлшемдері бар. Егер заттай қарастырсақ - өндірістік құрал, ал ақшалай - өндірістік қор деп аталады. Өндірістік қордың құрамы күрделі, олардың өндіріске қатысу ерекшеліктеріне байланысты негізгі және айналым қоры деп екіге бөлінеді.
Негізгі қорларға (негізгі қаржыға) машина, құрал-жабдықтар, қора-жайлар т.б., яғни бірнеше жыл өндіріс процессіне қатыса отырып, бастапқы заттық түрін өзгертпейтін өндірістік қордың бір бөлігі жатады. Олар өз құнын дайын тауарға бірте-бірте бірнеше жыл ішінде ауыстырады.
Негізгі қор (негізгі қаржы)пайдалану мақсатына байланысты екіге бөлінеді:
- өндірістік емес негізгі қаржылар: өнім өндірісіне тікелей қатыспайтын, тұтыну үрдісінде пайдаланылатын қаржылар (тұрғын үй, халық ағарту, мәдени, денсаулық, спорт және әлеуметтік қамтамасыз ету қорлары)
- өндірістік негізгі қаржы: өнім өндіруге тікелей қатысады (машина, құрал-жабдықтар, қора-жайлар т.б.)