2 дәріс Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау және олқылықтардың орнын толықтыру жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері Негізгі ұғымдар мен түсініктер: бжб



бет1/5
Дата22.12.2022
өлшемі31,94 Kb.
#59105
  1   2   3   4   5

2 дәріс


Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау және олқылықтардың орнын толықтыру жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері


Негізгі ұғымдар мен түсініктер:


БЖБ – бөлім бойынша жиынтық бағалау. Бір тоқсанда бірнеше бөлім болуы мүмкін. Оқушының әр бөлім бойынша білімі мен біліктілігін тексеру үшін осы БЖБ алынады. Тапсырманы орындауға 15-25 минут беріледі. Оған шамамен 10-18 балл қойылады.
ТЖБ тоқсандық жиынтық бағалау, яғни әр тоқсан аяғында алынады. Оқушыларға оны орындау үшін 40 минут беріледі. Жұмысы 30 баллға дейін бағаланады.
Бұрын тапсырмалар тест, диктант, бақылау жұмысы деп аталса қазір барлық пән бойынша алынатын бақылау жұмысын БЖБ және ТЖБ деп аталады. Айырмашылығы осы ғана. Қазір оқушылардың тек бір бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі. БЖБ және ТЖБ тапсырмаларында критерий мен дескриптор көрсетіледі. Критерий – баланың берілген материалды қандай шарттарға негіздеп орындағанын, меңгеруі керек екенін белгілейтін көрсеткіш. Ал дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін сипаттама.
Жаңаша білім беру бағдарламасы маңызды үш құжаттан тұрады:

Осы күнге дейінгі біздің жасап келген «Күнтізбелік – тақырыптық» жоспар – ұзақ мерзімді жоспар негізгі оқу мазмұнын қамтиды. Ұзақ мерзімді жоспар білім беру деңгейі бойынша барлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп, олардың жалпы ережелерін анықтайды. Яғни, ұзақ мерзімді жоспар – бұл оқу бағдарламасының жалғасы, онда пәннің негізгі мазмұны нақтыланады.
Орта мерзімді жоспар – ол белгілі тақырыпқа сай тізбектелген сабақтар жоспары, яғни, сол тақырыпқа тән бөлінген сағаттардың жұмыс сызбасы. Бұл жоспарды мұғалім жеке сынып үшін пайдаланады.
Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеуді қамтамасыз ету – қысқа мерзімді жоспарда жоспарланады. Қысқа мерзімді жоспар орта мерзімді жоспардың құрамындағы бір тақырыпқа байланысты, оқушыға арнап құрылған сабақ жоспарының формасы немесе үлгісі, яғни, Қысқа мерзіміді жоспар – жеке, дербес сабақ жоспары болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет