2 дәріс Жануарлар ауруларының оның ішінде жануарлар мен ададмдарға ортақ аурулардың алдын алу ережелері және жою шаралары



бет1/141
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133572
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141

2 дәріс
Жануарлар ауруларының оның ішінде жануарлар мен ададмдарға ортақ аурулардың алдын алу ережелері және жою шаралары
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.04.2020 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
16. Жануарлардың аса қауіпті аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы ЖАО шешім қабылдайды.
Карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу, жануарлардың жұпалы аурулары тізбесіне енгізілген аурулар бойынша, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/128 бұйрығымен бекітілген карантин немесе шектеу iс-шараларын белгілеу бойынша жүргізіледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7583 болып тіркелген).
17. Бақылау аймақтары мен буферлік (қорғаныш) аймақтарды қоса алғанда, эпизоотиялық ошақтарда және саламатсыз пункттерде ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру тізбесі, тәртібі мен мерзімдері ЖАО тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторымен және Заңның 11-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйыммен (бұдан әрі – РЭО) бірлесіп әзірлеген жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жою және оқшаулау жөніндегі іс-шаралар жоспарында (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) айқындалады.
Іс-шаралар жоспары кесте түрінде жасалады, онда реттік нөмірлер, іс-шаралардың атаулары, орындау мерзімдері, жауапты адамдар мен орындаушылар көрсетіледі.
Қажет болған жағдайда іс-шаралар жоспарларына толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі.
Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, олардың қауіптілік дәрежесіне қарай, Бұйрықпен бекітілген Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу қағидаларына (бұдан әрі – Алып қою қағидалары) сәйкес міндетті түрде алып қоюға және жоюға не оларды алып қоймай міндетті түрде залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға) жатады.
Жеке және заңды тұлғаларға алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген олардың құны Бұйрықпен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың немесе жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттарына және Алып қою қағидаларына сәйкес өтеледі.
Жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізгеннен кейін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша ЖАО шешімімен карантинді немесе шектеу iс-шараларын алу туралы шешім қабылданады.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынысы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ЖАО шешімімен карантинді алып тастау туралы шешім қабылданғаннан кейін, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында қарастырылған жағдайларда, уәкілетті орган шектеу шараларын белгілейді.
3


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет