2. ДӘріс тезистері


Сапалық анализдің теориялық негізі - әрекеттесуші массалар заңы. Ерітінділердегі тепе-теңдік



бет8/31
Дата22.04.2022
өлшемі277,63 Kb.
#31934
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
Сапалық анализдің теориялық негізі - әрекеттесуші массалар заңы. Ерітінділердегі тепе-теңдік.

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

1. Сапалық анализдің теориялық негізі - әрекеттесуші массалар заңы.

2.Ерітінділер туралы жалпы мағлұмат.Ерітінділердегі тепе-теңдік.

3. Ерітінділердегі иондарға ортаның әсері.

4. Гомогендік және гетерогендік жүйелер.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Ерітінділер туралы жалпы мағлұмат. Әрекеттесуші массалар заңы және оның қолданылуы. Химиялық реакцияның жылдамдығы. Қайтымсыз және қайтымды реакциялар. Сулы ерітінділердегі тепе-теңдік. Гомогендік және гетерогендік жүйелер. Химиялық реакцияның жылдамдығына түрлі факторлардың әсері.

Ерітінді– бірнеше компоненттен тұратын гомогенді бір фазалы жүйе. Еріткіште біркелкі ион немесе молекула күйінде кездесетін бір немесе бірнеше компоненттен тұратын орта. Анализдік химияда сулы ерітінділер жиі қолданылады, яғни еріткіш ретінде су қолданылады.

Гомогенді жүйе – құрамы және қасиеттері жағынан жүйе компоненттері бір-бірінен ажырамайтын, бөлінбейтін біртекті болады. Мысалы: газдар қоспасы, негіздер, тұздар, қышқылдардың судағы қанықпаған ерітінділері және т.б.

Гетерогенді жүйе – бір-бірінен жекеленетін бөлімдерге ажыратушы беттері бар, құрамы мен қасиеттерінің әркелкілігімен сипатталатын жүйе. Мысалы, бір-бірімен араласпайтын сұйықтар (май-су), көптеген металл құймаларын және т.б. алуға болады.

Химиялық реакцияның жылдамдығына әрекеттесуші заттардың концентрацияларыныңәсерін зерттеген Норвегия ғалымдары Гульдберг пен Вааге эксперимент жүзінде дәлелдеп, 1867 жылы мынандай қорытындыға келді. Химиялық реакцияның жылдамдығы реакцияласушы заттар концентрациясының көбейтіндісіне тура пропорционал, яғни әрекеттесуші массаларға тура пропорционал. Мұны әрекеттесуші массалар заңы деп атайды.

Химиялық реакциялардың кинетикасын зертегенде, олардың жылдамдықтары әртүрлі факторларға байланысты екені анықталды: әрекеттесетін заттардың табиғатына, температураға, катализаторға және әрекеттесуші заттардың концентрацияларына тәуелді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет