Терминдену – термин шығармашылығының бір тәсілі екенін дәлелдеп, өз ойыңызды айтыңыз



бет1/5
Дата21.12.2023
өлшемі20,54 Kb.
#141914
  1   2   3   4   5

1
Терминдену – термин шығармашылығының бір тәсілі екенін дәлелдеп, өз ойыңызды айтыңыз

Терминдер негізінен белгілі бір ұлт тілі негізінде жасалады немесе өзге тілдерден дайын қалпында қабылданады. Ұлт тілінде жасалған терминдер де жалпы қолданыстағы сөздер сияқты сол тілдің сөзжасам тәсілдері арқылы туындайды. Термин шығармашылығының біз қарастырғалы отырған тәсілі – семантикалық (мәністік) тәсіл болып табылады. Алайда тілшіғалымдар терминологиядағы семантикалық тәсілдің жалпы әдеби тілдегі семантикалық тәсілден елеулі өзгешеліктері бар екендігін көрсетіп жүр. Мәселен, В.В. Виноградов термин жасаудың семантикалық тәсілінің жалпы әдеби тілдегі семантикалық тәсілден айырмашылығы – жалпы әдеби тілде сөздің семантикалық тұрғыдан өзгеріске ұшырауы терминологиядағыдай емес, ұзақ эволюциялық процесс екенін айтса15, В.П.Даниленко осы пікірді қолдап терминологияда тілде бұрыннан бар сөздің семантикалық тұрғыдан өзгеріске ұшырап, жаңа мағынаға бейімделуі үшін ұзақ мерзімнің қажет емес екендігін атап көрсетеді. Сондай-ақ, соңғы аталған автор «жалпы әдеби тілде бұрыннан бар сөздердің семантикалық тәсіл арқылы мағыналық тұрғыдан кайта жаңғыруын, яғни, семантикалық тәсілді сөзжасамның тұрақты және өнімді тәсілі деп тануға болмайды. Тек жаңа дербес мағынаға ие болған жекелеген сөздер туралы ғана айтуға болады. Ал ғылым тілінде семантикалық тәсілдің орны айрықша. Бұл тәсілдің көмегімен жаңа терминдерге деген барлық сұраныстар өтеліп отырады»16, –дейді. Терминологияда бұл тәсіл түрліше аталып жүр. Түрколог-ғалым К.Мұсаев терминжасамның бұл өнімді тәсілі – халықтық лексиканың терминденуі (терминологизация народной лексики), лексика-семантикалық тәсіл, жалпы қолданыстағы сөздердің терминге айналуы, жалпы әдеби тілдегі сөздердің терминденуі, сөз мағынасының алмасуы, жалпы қолданыстағы сөздерге жаңа арнаулы мағына жүктеу, тілдегі сөздерді терминдік мағынада қолдану, байырғы сөздерді терминологиялық мағынада жұмсау, сөз мағынасын өзгерту – деп аталып жүргендігін айтады. Дәл осындай пікірді Ө.Айтбайұлының еңбектерінен де кездестіреміз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет