2-ші дәріс Ежелгі Грекия мен Римдегі саяси ойшылдар


Туллий Цицерон (б. з. б. 106-43)



бет4/4
Дата08.11.2022
өлшемі19,88 Kb.
#48551
1   2   3   4
Туллий Цицерон (б. з. б. 106-43) өмір сүрді. Оның "Мемлекет туралы", "Зандар туралы", "Міндеттер туралы" деген еңбектері көпке әйгілі.
Цицерон мемлекеттің пайда болуының иегізгі себебі - адамдардың бірінші өмір сүруге тырысатын табиғи талабының және меншікті қорғау мақсатынан туындайды дейді. Қоғамга және жеке меншікке қол сұғуға болмайды. Бұлардың мызғымастығын бұзушылықты әділеттілік пен құқықты қорлаумен бірдей көрді.
Цицерон мемлекеттің құрылым түрі оны басқарушының "мінезі мен еркіне'' байланысты болады деп түсіндірді. Басқарушылардың санына карай ол мемлекет басқаруды патшалық билік, аристократия (оптиматтардың билігі) және демократия (халық билігі) етіп үш түрге бөлді. Бұлардың әрқайсысының өзінің жақсы жақтары мен кемшіліктері бар. Мәселен, патша рақымшылдығымен жұртқа ұнайды, бірақ мұнда басқа адамдар заң қабылдаудан сыртта қалады және бір адамның басшылығы зорлық-зомбылыққа айналып кетуі мүмкім. Оптиматтар (аристократтар) даналығымен бағалы, бірақ олар үстемдік еткенде халық өз еркіндігін пайдалана алмайды, билік ақсүйектердің сұрқия тобының қолында калуы мүмкін. Демократия болса бостандығымен жағымды, бірақ халықтың толық билігі зиянды зардаптарға, "тобырдың зорлығы мен есалаңдығына" әкеліп соқтыруы мүмкін.
Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болды, қоғамдық-саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет