2. Тұлғаны дамыту, қалыптастыру факторларын ашып көрсететін жағдаяттарды таңдау және талдау. Педагогика ғылымында тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, оқыту, дамыту, қалыптастыру, әлеуметтендіру, табыстылық, тұлғаның құзыреттілігі т.б. негізгі категориялары мен ұғымдары болып табылатыны белгілі.
Тәрбие үдерісінде тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» бір — бірімен тығыз байланыста дамиды. Даму дегеніміз, ең алдымен адам ағзасындағы физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер. Бұл өзгерістер белгілі бір әлеуметтік ортада болады. Адам биологиялық жанды зат ретінде дүниеге келеді де, ол даму үрдісінде әлеуметтік қызметтерді (өмірге, адамдарға, еңбекке, тұтастай қоғамға қатысты, т.б.) атқару арқылы ғана тұлға болып қалыптасады.
Даму – бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі, көптеген әлеуметтік – тұрмыстық және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді игереді. Бірақ адамның жеке адам болып дамуындағы басты белгі, ондағы сапалы өзгерістер. Оны мына мысалдардан түсінуге болады: тілдік қызметтің жіктелуі адамның танымдық қабілетін арттырады, сезімдік аймағын кеңейтеді. Танымдық қызмет барысында абстракт ойлау, логикалық ес дамиды, өмірге деген қөзқарас пен наным – сенімдер орнығады. Еліктеушілік мінез – құлық бірте – бірте белсенді – жасампаз, шығармашылық іске ауысады, өз қылық — әрекетін басқара алу мен өзіндік билік қабілеті көркейеді. Бұл өзгерістердің бәрінен адамның анатомиялық – физиологиялық кемелденуіндегі, жүйке жүйесі мен психикасының және танымдық мен шығармашылық іс — әрекетінің жетілуіндегі, дүниетанымдық,имандылық, қоғамдық – саяси қөзқарастары мен нанымдарындағы бір – біріне кіріс байланысқан сандық және сапалық өзгерістер үрдісін білеміз.
Тұлғаның қалыптасуы ұғымына баланың қоғамда өздігінен өмір сүруге қабілеттілігі, өз тағдырына өзі үкім ете білуі және өзінің қарым-қатынасын түсіне білу қабілетін меңгерген, сонымен бірге құндылық атаулыны тұрақты таңдай алу сияқты дамудың шартты түрдегі жетістіктері жатады.
Тұлғаның қалыптасуы – тұлғаның шындықпен өзара әрекеті барысындағы өзгеріске түсу үдерісі және оның дене құрылысы мен әлеуметтік-психологиялық жаңаруындағы өзгерістердің пайда болуы.
Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында тәрбие ортадан дамуына қажетті материалды іріктейді; жағымсыз ықпалдардан шығу жолдарын іздестіреді; оқушының мүмкіншілігін анықтайды, ашады, табиғи нышандарының дамуына жағдай жасайды.
Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі көптеген идеяларға негізделеді:
— адамды қабілетіне және дарындылығына сүйеніп, жан-жақты дамыту;
— ересек адамдар мен балалардың бірлесу ісәрекеттерінің ынтымақтастығы, мұғалім мен балалар еңбегінің бірлестігі, мұғалімнің балаға ерекше көңіл аударуы, ата-аналармен мен мұғаліммен ынтымақтастық, өзін-өзі құрметтеу идеясы , өзінөзі тәрбиелеу т.б.
Тәрбие адамның ішкі жан дүниесіне ұнамды қозғау салып, өзіндік өңдеу белсенділігін арттыра алса ғана, адам өз дамуындағы қызметін орындай алғаны.
Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуін және тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді.
Балада табиғаттан, тумысынан жалпы адамдарға тән сөйлеу мәдениеті және жеке өз басына байланысты әртүрлі нышандар қоры, табиғи қасиеттері жеке адамның өзіндік мүмкіншіліктерін құрайды, солар арқылы түрлі қабілеттіліктердің қалыптасуы басталады.Табиғи мүмкіншіліктер адамның әлеуметтік өмір әрекеттерінің барысында дамиды.Адамның өмір сүру ортасы болмаған жағдайда табиғи нышандардың, қабілеттіліктер мен бейімділіктердің де күші жойылады.
Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор, ол – адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық, дағдысына бағытталған жұмыс. Егер тәрбие жеткіліксіз, әлсіз болса, баланың қалыптасуына кері әсер етеді.
Жеке тұлға дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы әсерлер екі топқа бөлінеді: ішкі және сыртқы. Қоршаған орта, тәрбие – сыртқы әсерлер. Сыртқы әсерлерінен пайда болатын сезімдер мен толғаныстардың жиынтығы – ішкі әсерлерге жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы – осы екі фактордың байланысынан пайда болады.
Тұлғаның қалыптасуында отбасы маңызды рөл атқарады.Ол - бала тұлғасын әлеуметтендірудің факторы және белсенді субъектісі болып табылады. Отбасы тәрбиесі - көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапынан жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын істердің ауқымын құрайды. Отбасы-лық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мәселенің әлеуметтік жағдайлары әлеуметтік педагогиканың үлесінде.
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының терендігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса, екінші тараптан - тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезендерінде болатын ықпалдардан басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы - бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос-жарандары да, отбасы - бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан, педагогтар нақты да дәл тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасыға тәуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі де жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі заңдылыққа тәуелді: жанұя қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай болады.
3.Баспасөз беттерінен қазіргі жеткіншектер туралы материалдарды талдау