2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Көркем әдебиет және эпикалық сарын» Оқылатын шығарма Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян»



Дата02.12.2022
өлшемі18,16 Kb.
#54463

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Көркем әдебиет және эпикалық сарын»
Оқылатын шығарма Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян»
Оқу мақсаты
8.1.2.1 Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу
8.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы • Шығарманың идеясы мен пафосының ұлттық ерекшелігін көрсетеді • Көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдап, автор стилін анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма «Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдырын Мұрат Мөңкеұлы тебірене жырлайды» деген ойды өрбітіп жазыңыз. Берілген үзінді идеясының ұлттық ерекшелігін талдап жазыңыз.

Тұлпар мініп, ту алған,


Дұшпаның көріп қуанған,
Алмасын қанға суарған,
Аруақты ерлердің
Абыройын төққен жер,
Керегесін кескен жер,
Кесіп, бұршақ еткен жер,
Ердің соны — Исатай
Бармағын тістеп өткен жер!
Жеті жұрт көшіп кеткен соң,
Атамыз қазақ баласы
Конып, мекен еткен жер.
Мыңнан-мыңнан жылқы айдап,
Жүзден-жүзден нар байлап,
Дәулеті қалың біткен жер.
Аузы түкті кәуірдің,
Басы шошақ қалмақтың
Қанын судай төққен жер.
Алма мойын аруын
Ерлерім олжа еткен жер.
Күндердің күні болғанда,
Таршылыққа қалынды,
Қайырсыз болған неткен жер?!
2.Берілген үзіндіден көркемдегіш құралдарды тауып, қолданысын талдаңыз. Автордың стилін ажыратыңыз.
Ақ борықтай иілген,
Кейінгі туған баланың
Ұстай ма деп білегін,
Шая ма деп жүрегін,
Шашын, мұртын қойдырып,
Ащы суға тойдырып,
Бұза ма деп реңін.
Адыра қалғыр заманның
Мен жаратпаймын сүреңін!..

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Шығарманың идеясы мен пафосынның ұлттық ерекшелігін көрсетеді



1

Білім алушы

1

шығарманың идеясын ашады;

1

ұлттық мүдде тұрғысынан талдайды

1

ойын жүйелі жазады

1

Көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдап, автор стилін анықтайды

2

көркемдегіш құралдарды табады;

1
1

қолданысына талдау жасайды;

1

автор стилін ажыратады.

1

Барлығы 8




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет