20 3-ДӘріс ағартушы-демократтық бағыт. Шәкәрім



Pdf көрінісі
Дата15.02.2017
өлшемі167,53 Kb.
#4156

 

20 

 

3-ДӘРІС 

Ағартушы-демократтық бағыт. Шәкәрім 

Құдайбердіұлы (1858-1931) 

 

1.



 

Ағартушы-демократтық бағыт 

2.

 

Шәкәрім шығармашылығы 

 

1)ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиетінің  дамуына 

ағартушы-демократтық  бағыт  айрықша  ықпал  етті.  Бұл 

бағыттың  дамуы  қазақ  сӛз  ӛнерінің  кәсіби  деңгейінің 

ӛсуіне  кӛркемдік  серпін  берумен  қатар  қоғам  мен  дәуір, 

ӛмір  мен  болмыс  сырын  кең  кӛлемде  сипаттап,  терең 

ашуға  соны  тыныс  дарытты.    Аталған  бағыттың  айтулы 

ӛкілдері  дәстүрлі  қазақ  қоғамындағы  біліммен  қатар 

Шығыс  пен  Батыстың  әдебиеті,  мәдениетінен  терең 

сусындады.  «Жеті  жұрттың  тілін  біл,  жеті  елдің  білімін 

игер»  деген  ата-баба  аманатын  жаңа  дәуір  талабына  орай 

жаңғыртып,  «қараңғы  қазақ  кӛгіне  ӛрмелеп  шығып  күн 

болуды»  эстетикалық  мұрат  тұтты.  Қазақтың  жаңа 

сипаттағы  жазба  әдебиетінің  жанрлық  тұрғыдан  дамуына 

ӛлшеусіз  үлес  қосты.  Ақын-жазушылар  туған  елін 

ағартушылыққа  үндей  отырып,  қоғамдағы  әлеуметтік 

теңсіздікті  кӛре  білді.  Қоғамдағы  қайшылықтарды  сынай 

отырып,  оны  жоюдың  ӛзіндік  жолдарын  ұсынды. 

Халықтың  ағаруы,  дамыған  елдермен  ӛнер-білім,  ғылым-

ілім  жолында  теңелу  арқылы  әлеуметтік  теңдікке, 

қоғамдық 

еркіндікке 

жетеміз 

деп 


білді. 

Шығармашылықтарына  отаршылдық  қысымдағы  ұлт 

тағдырын  арқау  етіп,  әлеуметтік  серпілістерге  шырмау 

болып  отырған  керітарпа  салт-сана,  әдет-ғұрыпқа  жаңа 

заман  биігінен  үңілді.  Адам  арқылы  заманды,  заман 

арқылы  адамды  түзеуді  мұрат  тұтты.  Әлеуметтік 

теңсіздіктің  түп  сырына  жіті  үңіліп,  қоғамдық  дамуда 

кенже 


қалудың 

кесір-кесапаты 

надандық 

екенін 


 

21 

 

ұғындырды. Надандық жақсы менен жаманды, терең менен 

таязды,  ілгерлеу  мен  кері  кетуді,  анық  пенен  танықты 

айырмаудан  туындап  отырған  қасірет  һәм  содан  ұлттың 

азып-тозуы, досқа күлкі, жұшпанға таба болуы десек, ақын 

Сұлтанмахмұт  жарлағандай,  «Бұл  ұйқысын  ашпаса, 

Надандықтан  қашпаса,  Басқаларға  мазақ  тұрған»  кейіптен 

арылу үшін рухани ояну қажет еді. Бұл бағыттың ӛкілдері 

адамды  ағарту  арқылы  оның  жандүниесін  надандықтан 

тазартуға  болатынын,  ол  рухани  кемелденуге  бастайтын 

бірден бір даңғыл жол деп білді. Сондықтан да әдебиеттің 

релистік сипатын еселеуде реализм, сыншыл релизм әдісін 

шығармашылықтарының  басты  эстетикалық  ұстанымы 

етіп  алды.  Реалистік  әдебиеттің  дамуымен  қатар  сӛз 

ӛнеріндегі 

түрлі 


жанрлардың 

шығармашылықпен 

игерілуіне  қол  жеткізілді.  Атап  айтқанда,  сюжетсіз 

философиялық-лирикалық 

поэма 

(С.Торайғырұлы), 



ӛлеңмен 

жазылған 

роман 

(С.Торайғырұлы), 



философиялық-психологиялық  роман  (Ш.Құдайбердіұлы), 

мысал  ӛлең  (С.Дӛнентайұлы)  соның  айқын  дәлелі. 

Кӛркемдік  ізденістегі  серпіліспен  сабақтас  дәстүр  арнасы 

кеңейіп,  ӛз  кезегінде  дәстүр  жалғастығы  соны  сипатқа  ие 

бола бастады.  

2)Шәкәрім  шығармашылығы  қазақ  әдебиетіндегі 

бірегей  құбылыс.  Абайдың  ақындық  мектебінен  тағылым 

алады.  «Әкеміздің  бір  шешесінен  туған  Ибраһим  мырза 

қазақ  ішінде  Абай  деп  атайды,  сол  кісі  мұсылманша  һәм 

орысшы  ғылымға  жүйрік  һәм  Аллланың  берген  ақылы  да 

бұл қазақтан бӛлек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден 

тағылым  алып,  әр  түрлі  кітаптарын  оқып,  насихатын 

тыңдап,  аз  ғана  ғылымның  сәулесін  сездім»  (Шәкәрім). 

Ақынның  ғажайып  білімі  М.Мағауин  тілімен  айтқанда 

«Тұрандағы мәдени оазис болатын». Шәкәрім кітапханасы 

да  кітап  қорының  молдығымен  таң  қалдырады.  Ақын 

баласы  Ахат  Шәкәрімұлы  атап  кӛрсеткендей  1918  жылы 



 

22 

 

кітаптарын тазалаттырып, тізімге алдырғанда «Әкем айтып 

оытрды,  мен  кітаптардың  авторларын,  шығармаларын 

жазып  отырдым.  Үш  күнде  тізімді  зорға  бітірдік. 

Кітаптадың 

молдығы 


сондай, 

авторлардың 

бап 

томдарының  аттарын  жекелеп  жазыр  шығуға  мүмкіндік 



болмады».  Сан  қырлы  дарын  ӛзіндік  ізденістерімен  әлем 

әдебиеті  мен мәдениетін терең игереді. Шығыс пен Батыс 

ғұламаларының  шығармаларымен  жан-жақты  танасып, 

әдебиеттің 

поэзия, 

проза 


саласында 

классикалық 

туындылар  жазды.  Діни  білімі,  философиялық  ой-

толғанысының  тереңдігін  «Мұсылмандық  шарты»,  «Үш 

анық»  еңбектері  айқындаса,  қазақ  шежіресінің  білгірі 

болғанын  «Түрік,  қырғыз,  қазақ  һәм  ханлар  шежіресі», 

«Қазақтың  түп  атасы»  мұрасы  кӛрсетеді.  «Үш  анық» 

философиялық  трактаты  адамзат  баласының  рухани 

дамуындағы  кең  ӛрісті  дүниетанымдық  арналарды 

қамтыған, оларды ой елегінен бағамдауға тырысқан ізденіс 

арнасы  ӛте  кең  қазақ  философиясындағы  бірден-бір 

туынды» (Б.Рахымжанов).  

Ақын  Абай  дәстүрінде  кӛркем  аудармада  ӛзіндік 

дарынымен 

танылды.  Атап 

айтқанда, 

Пушкиннің 

«Дубровский  әңгімесі»,  «Боран»,  Бичер  Стоу  Гариеттің 

«Том  ағайдың  балағаны»,  Физулидің  «Ләйлі-Мәжнүн» 

шығармаларын  және  Хафиз  ғазалдарын  ана  тілімізге 

аударды. 

Қазақ 


прозасының 

кӛркемдік 

дамуына 

Ш.Құдайбердіұлы  «Әділ-Мария»  атты  философиялық 

романымен  үлес  қосты.  «Мұнда  әлеуметтік  теңсіздік,  бар 

мен  жоқтың,  күшті  мен  әлсіздің,  бай  мен  кедейдің 

тартысы,  күресі  аздыкӛпті  кӛрінгенімен,  бірінші  кезекке 

шықпайды.  «Әділ-Марияда»  қарапайым  ӛмір  шындығын 

суреттеу  арқылы  Шәкәрім  ӛзінің  шығармашылық 

табиғатына тән тағы бір қасиетін кӛрсетеді. Адамгершілік, 

арлылық,  адалдық,  нысап  ұғымдарын  баса  айтады. 


 

23 

 

Шәкәрімнің  ұсынуында  адамның  әрбір  іс-әрекеті  мен  ой-

пиғылы  осы  ұғымдарға  бағынуы  керек.  Адамдарды  бай, 

кедей  деп  бӛлуге  болмайды.  Екекі  де  айналып  келгенде 

адам.  Адамды  түрлі  спалық  топқа  бӛлетін  материалдық 

жағдайы  емес,  ішкі  әлемі,  жан  дүниесі  болуға  тиіс» 

(Б.Әбдіғазиұлы). 

Ақын  поэзиясы  қазақ  әдебиетіндегі  Абайдың 

сыншыл  реализмін  дамытудағы  кӛркемдік-эстетикалық 

қуатымен дараланады. Шәкәрімнің ақындық мұраты мына 

ӛлең жолдарында айшықталған. «Мен жетелеп ӛлемін, 

Ӛрге қарай қазақты. Ӛлсем де ойын бӛлемін, Сӛзбен салып 

азапты. Білімдінің сӛзіндей, Сӛзім де мен таза-ақты. Қазақ 

болса ӛзімдей, Қыла алмайды мазақты». 

«Жастарға» ӛлеңінде Абай ӛмірі мен ӛнері қазақтың 

рухани кемелділік бағытымен дамуының даңғыл жолы деп 

білді.  Тұңғыш  ӛлең  жинағы  «Қазақ  айнасында»  (1912) 

отаршылдық  қысымдағы  қазақ    қоғамының  ӛзекті 

мәселелері  жырланады.  Бұл  жинақтағы  ӛлеңдерінің  басты 

тақырыбы  -  адам  тағдыры,  адам  ӛмірінің  мәні, 

адамгершілік сынды мәңгілік философиялық категориялар. 

«Ӛзіме», «Ӛмір», «Талап пен ақыл», «Адамшылық», «Адам 

немене», «Тәңірі мен жан», «Тіршілік, жан туралы» ӛзге де 

ӛлеңдерінен соны аңғарамыз. 

Шәкәрім  Абай  дәстүріндегі  кӛркемдік  ізденісінде 

ағартушылық  идеяны  жаңа  эстетикалық  биікке  шығарды. 

Ұлтын рухани ағаруға, оянуға үндеп, ар іліміне негізделген 

ғылым жолына нұсқады. Ӛмірдегі басты байлық білім деп 

білді. Оған «Насихат», «Сынатарсың ӛзіңді», «Үш-ақ түрлі 

ӛмір  бар»,  «Сен  ғылымға...»,  «Ғылымсыз  адам  айуан», 

«Жасымнан  жетік  білдім  түрік  тілін»  т.б.  ӛлеңдерін 

мысалға алуға болады. 

Ақынның  саяси-әлеуметтік  лирикасының  басты 

ӛзегі,  негізгі  күретамыры  отаршылдық  езгідегі  ұлт 

тағдыры, адам бойындағы жағымсыз қасиеттер «Қазағым», 


 

24 

 

«Қазақ»,  «Тағы  сорлы  қазақ»,  «Партия  адамдары», 

«Еріншек»,  «Ескіден  қалған  сӛз  теріп»,  «Сәнқойлар», 

«Анық  пен  танық»,  «Шаруа  мен  ысырап»  ӛлеңдерінде 

кӛрініс тапты. Ӛз дәуірінің шынай шындығын жырлап, ұлт 

тағдырындағы  күрмеуі  қиын  жағдайларын  кӛре  білді. 

Адам бойындағы кесір-кесапатты сынап қана қоймай, оған 

ӛз  үкімін  айтты.  Айналасына  ой  тастай  сӛйледі.  Бұл 

ӛлеңдерінде  де  Абай  дәстүрін  ұстанып,  жұртшылық 

санасындағы  кейбір  керітартпа  мінездерді  аяусыз 

әшкерлеп,  халық  ар-намысын  оятуға  күш  салды.  «Мінін 

айтып  қазушы  ем,  Түзетпек  боп  елімді»  («Ашу  мен 

ынсап»),  «Бояу  мақтан  бола  ма  Ішімізді  нұр  қылмай» 

(«Шаруа  мен  ысырап»)  деп  білген  ақын  адам  бойындағы 

ар-ождан,  ынсап,  мейірім  сынды  ілкі  қасиеттерді 

дәрептейді.  Мәселен,    «Арамды  адал  десе  кім  болады? 

Қазақтың  сӛзі  қашан  шын  болады?  Алдау  үшін  қаруы  – 

құдай  аты,  Япыр-ау,  осы  қайтіп  дін  болады?»  («Партия 

адамдары»).  «Жалқаулық,  кӛрсеқызар,  ашу,  мақтан, 

Арамдық,  ӛтіріктен  ерте  сақтан.  Күні  бұрын  жуытпа 

маңайыңа  -  Есер,  есірік,  ынжықтық  солар  жақтан» 

(«Хайуан  мен  ақымақтар»).  «Еріншектен  –  салақтық, 

Салақтықтан  -  надандық...Бірінен  –  бірі  туады,  Жоғалар 

сӛйтіп адамдық» («Еріншек»).  «Мен жетелеп ӛлемін, Ӛрге 

қарай  қазақты,  Ӛлсем  де  ойын  бӛлемін,  Сӛзбен  салып 

азапты»  («Сынатарсың  ӛзіңді»).  «Жүрегі  таза  адамдар, 

Зұлымдықтан амандар, Қиянатсыз надандар Әулиеден кем 

емес» («Ескіден қалған сӛз теріп»). «Жер жүзі жабылғанда 

ғылым жаққа, Қазақ жүр құмарланып құр шатаққа. «Анау – 

қу, мынау – пысық, мен – батыр» - деп, Айналды бірін-бірі 

құрытпаққа» («Қазақ»). «Жастарға» ӛлеңінде «Ақылды сол 

–  нысап  пен  ар  сақтайды,  Арсыз  сол  –  арамдықпен  жан 

сақтайды.  Адал  сол  –  таза  еңбекпен  күнін  кӛріп,  Жаны 

үшін  адамшылық  ар  сақтайды...Ар  қайда?  Рахым  қайда? 

Әдеп  қайда?  Быт-шыт  боп  неге  жүрміз  әрбір  сайда?  Кӛз 


 

25 

 

жұмып,  «Кӛппен  кӛрген  ұлы  той»  деп,  Береді  бұл 

надандық  кімне  пайда?»  дейді.  «Адамдық  борышың» 

ӛлеңінде  «Адамдық  борышың,  -  Халқыңа  еңбек  қыл  Ақ 

жолдан  айнымай,  Ар  сақта,  соны  біл.  Талаптан  да  білім 

мен  ӛнер  үйрен,  Білімсіз,  Ӛнерсіз  Болады  ақыл  тұл» 

халыққа адал қызмет етуге ой салып, арлы да намысы биік 

жаңа ұрпақ елін еркіндікке жеткізетінен сенеді.  Ал  «Қош, 

жұртым» ӛлеңінде лирикалық кейіпкер халқының ӛткеніне 

кӛз жүгіртіп, бүгініне үңіледі.  

Патшаның  тақтан  құлағанын  айтып,  елінің 

болашақта тәуелсіз ӛмір сүретінен үміттенеді. 1917 жылғы 

Ақпан, Қазан тӛңкерістерін шынайы қуанышпен жырлады. 

Бұған «Бостандық таңы атты», «Бостандық туы жарқырап» 

ӛлеңдері  дәлел.  Алайда  гуманист  ақын  үміті  ақталмады. 

Ақын большевиктердің адамгершілікке жат саясатын ашық 

айыптады.  «Бостандыққа  елім  қана  алмай,  Әділет  жолын 

таба  алмай,  Басшыға  айтқан  мұңдары,  Есепке  жатыр 

саналмай» деп жырлады. 

Ақынның  «Ӛкінішті  ӛмір»  («Арам  безден  арылып 

әділ  жүрсең,  Ақ  жаратқан  құдайың  жек  кӛре  ме?»),  «Жан 

менен дене һәм кӛңіл», «Тойымсыз нәпсі, тұрақсыз дүние», 

«Шаранамен  туып  едің»,  «Адамнан  артық  жәндік 

жаралмаған»,  «Тумақ,  ӛлмек  –  тағдырдың  шын  қазасы», 

«Ақыл  деген  ӛлшеусіз  бір  жарық  нұр»,  «Ғайсадай  жан 

теретін  таңның  желі»,  «Адам  немене?»,  «Тау  басындағы 

ой»,  «Күннен  неге  түсіп  тұр  мұнша  жарық»,  «Бұл  кездегі 

діндердің  бәрі  нашар»,  «Ұждандыны  мақтайды  тамам 

адам», «Тіршілік, жан туралы», «Иманым»,  «Әлемді түгел 

мен  кӛріп»,  «Шыннан  ӛзге  құдай  жоқ»,  «Дін»  ӛзге  де 

философиялық  лирикасының  да  мазмұны  терең.  Ӛлеңдері 

имандылыққа негізделіп, адам жанының арлылығы, ұждан 

тазалығын  асқақ  тұтуымен  құнды.  «Адамның  айуаннан 

айласы мол, Қит етсе қиянатқа қояды қол. Мейірім, ынсап, 

ақ  пейіл,  адал  еңбек,  Бұл  тӛртеуін  кім  қылса,  шын  адам 


 

26 

 

сол» («Адамнан артық жәндік жаралмаған»). «Тамам адам 

періште бомай тұрып, «Ал, түзелші» дегенге ешкім кӛнбес. 

Айла,  күш,  -  айуандықтың  ең  жаманы,  Боқты  боқпен 

жуғанмен  ел  түзелмес,  Ар  түзейтін  бір  ғылым  табылмаса, 

Зұлымдықты  жалғанда  әділ  жеңбес»  («Адам  немене?»). 

«Адамның  адал  ұлы  болам  десең,  Алдыменен  ӛзіңнің 

нәпсіңді  жең»  («Серігім  жалғыз  Әупіш  қасымдағы»). 

«Ӛзімшіл болма, кӛпті ардақта, Адамның бәрі - ӛз халқың» 

(«Анадан  алғаш  туғанда»).  Міне,  ойшыл  ақын  «Шын 

мұсылман  болайын  деп  ойласаң,  Құдайға  құл  болудың 

мәнісін  біл»,  «Құдай  таза  жаратты  сен  таза  бол,  Ұқсаң 

анық  айттым  ғой  бұл  тура  жол»  деген  имани  қасиеттерді, 

адамзаттық  гуманизмді  дәріптейді.  Ал,  «Мен  жетпіс  екі 

жасқа  келгенше»  деп  басталатын  қара  сӛзбен  жазылған 

философиялық  ой-толғанысында  «Адам  ӛмірін  қалай 

түзеуге  болады?  Адам  қайткенде  тату  тұра  алады?  Ойлы, 

саналы  адамдардың  ғасырлар  бойы  миын  тыныштатпай, 

ӛмірін  сарп  еткен,  әлі  де  сан  адамдардың  арын  қозғап, 

ойларын  тыныштатпайтын  осы  сұрақтар»  дей  келіп, 

«Бізше,  адам  ӛмірін  түзеуге,  барлық  адамдар  тату  тұруға 

негізгісі  –  адал  еңбек,  ақ  жүрек,  арлы  ақыл  болуға  керек, 

Дүниеде  бұл  үшеуі  үстем  болмай,  адам  баласына 

тыныштық  ӛмір  сүруге  мүмкіндік  жоқ»  деген  кӛзқарасын 

білдіреді.  «Ар  білімі»  деген  білім  оқытылуға  керек»  деп 

адамзаттық гуманизмді ұлы мұрат етіп қояды. 

Шәкәрім 

қазақтың 

жаңа 

сипаттағы 



жазба 

әдебиетінде жаңа жанрлық түрлердің орнығуына, дамуына 

үлес  қосқан  классик  ақын.  Бұл  ретте  реалистік  үлгідегі 

поэма  жанрындағы  жемісті  ізденістерін  ерекше  атап 

кӛрсетеміз. 

«Қалқаман-Мамыр», 

«Еңілік-Кебек», 

«Нартайлақ-Айсұлу»  поэмаларына  тарихи  дерек  пен 

кӛркемдік  шешімнің  үйлесіп  жатуы  және  жек  адам  мен 

қоғам  арасындағы  қайшылықты  биік  деңгейде  ашып 

кӛрсету тән. Әр поэмасының мазмұндық желісі, кӛркемдік 


 

27 

 

шешімі,  образдар  сомдауы  тарихи  оқиға  ӛткен  кезеңнің 

шындығымен түйінделіп отырады. 

Ақынның  «Айқап»,  «Қазақ»,  «Таң»,  «Абай»  сынды  газет-

журналдарда  жарық  кӛрген  «Жазу  мәселесі»,  «Би  һәм 

билік  туралы»,  «Ұлтшылдық  туралы»  философиялық  ой-

толғамдары, мақалаларының да саяси-әлеуметтік мәні зор. 

 

Дәріс бойынша сұрақтар: 

1)

 

Ағартушы-демократтық бағыттың дамуы. 



2)

 

Шәкәрімнің қазақ прозасына қосқан үлесі. 



3)

 

Ақынның поэзиясы. 



4)

 

«Жастарға» ӛлеңін талдау. 



5)

 

Шәкәрім поэмалары. 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Негізгі әдебиеттер тізімі 

1. Әбдіғазиев Б. Асыл арна. - Алматы, 1992. 

2. Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет. - Алматы, 1994. 

3.  Жаксылыков  А.  Образы,  мотивы  и  идеи  с  религиозной 

содержательностью 

в 

произведениях 



казахской 

литературы. - Алматы, 1999.  

4.  20-30  жылдардағы  қазақ  әдебиеті.  1-кітап.  -  Алматы, 

1997.  


Қосымша әдебиеттер тізімі: 

1. Исмакова А. Казахская художественная проза. Поэтика, 

жанр, стиль (начало ХХ века и современность). - Алматы, 

1998. 


2. Сәтбаева Ш. Ш.Құдайбердиев. - Алматы, 1993.  

3. Шәкәрім. Энциклопедия. - Семей, 2008. 

4. Шәкәрім. Шығармалары. - Алматы, 1988.                                          

 

 



 

 

28 

 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет