2016 жыл №89 (8009 ) 12 Қараша сенбі (Жалғасы 3-бетте)


–  Айтпақшы,  аға  сізді  футболдан



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата02.01.2017
өлшемі12,39 Mb.
#1037
1   2   3   4

–  Айтпақшы,  аға  сізді  футболдан 

Қазақстан ұлттық құрамасының белсенді 

жанкүйері десе-ді. Тартысты өтеді деген 

ойындарға чемоданыңызды жинап, кете 

береді екенсіз... 

– Иә, рас. Ұлттық құрамамен қоса, «Аста-

на»,  «Қайрат»,  «Қайсар»  футбол  клубы-

на  жанкүйермін.  Биылғы  маусымда  «Қайсар» 

үмітті ақтады. Жоғары лигаға жолдама алды. 

Ең  соңғы  рет  «Қазақстан  –  Түркия»  матчын 

тамашалауға бардым. Жалпы, аяқ допқа деген 

құмарлығым зор. 



–  Гастрольмен  ауыл-аймақты  ара-

лайсыз,  футбол  деп  Астана,  Алматыға 

қарай  шапқылайсыз.  Ал,  отбасында 

қандай әкесіз? Өнер жолын таңдаған ұл-

қызыңыз бар ма?

–  Әрине,  ұтымды  ұйыстыра  білсең, 

барлығына  уақыт  табуға  болады.  Шүкір, 

отбасының  берекесін  келтіріп,  келімді-кетімді 

қонақтарға 

қонақжайлылығын 

көрсетіп 

отырған  жеңгеңе  рахмет.  Есімі  –  Қатира. 

Бір  ұл,  бір  қыздың  аяулы  анасы.  Ұлым  Та-

лант  мұнайшы.  Қызым  Назгүл  Әл  –  Фараби 

атындағы Қазақ Ұлттық университетінің фило-

логия факультетінің студенті. Назгүлім өнерге 

бір  табан  жақын.  Университет  жанынан 

құрылған  «Таң  қалмаңыз»  көңілді  тапқырлар 

клубының белді мүшесі. 

–  Әкеңіз  Тілеу  саналы  ғұмырын  ел 

басқаруға арнады. Елдің еңсесін тіктеуде 

еңбегі  ерен.  Білікті  басшы  болғанын 

ел  біледі.  Содан  болса  керек,  құрмет 

көрсетіп кент орталығынан көше атауын 

берді.  Әкеңіздің  айтқан  бір  ауыз  өсиет 

сөзі есіңізде бар ма?

– Әрине бар. Марқұм әкем: «Ұрлық жасай-

тын болсаңдар, мені жерлеңдер де, сосын ба-

рып ұрлық жасаңдар» деп үнемі айтып отыра-

тын. Яғни, ұзақ жылғы елге еткен еңбегіме кір 

келтірмеңдер деуші еді. Міне, әкенің осы сөзі 

өмірлік ұстанымға айналды. Әкем Үкімет үшін 

жанын  берген  кісі  ғой.  Жалағашта  Мәдениет 

совхозын  басқарып  тұрғанда  үлкен  ағам 

дүниеге  келген.  Есімін  ауылмен  байланысты-

рып  «Мәдениет»  деп  атады.  Мен,  өзіміздің 

Талап  совхозын  басқарып  тұрғанда  туы-

лып, «Талап» атандым. Талғат деген інім әзіл 

қылып  айтады  ғой:  «Мен  туылғанда  есімімді 

«Түгіскен» деп қоймағанына  шүкір», – дейді. 

Өйткені,  ол  уақытта  әкеміз  Түгіскенде  төраға 

екен.  Иә,  анамыз  Күлайша  екеуі  алты  ұл,  үш 

қызды тәрбиелеп, жетілдірді. Бүгінде олардан 

өрбіген  ұрпақ  сан-салада  абыройлы  қызмет 

етуде.   



–  Әңгімеңізге  рахмет,  аға.  Өнеріңіз 

өрге жүзсін!

Тілдескен Әбдісамат ӘБДІШ.



12 қараша, 2016 жыл

4

Меншік иесі:

жауапкершілігі

шектеулі серіктестігі

Бас директор



Аманжол ОҢҒАРБАЕВ

Жаңақорған аудандық

«Жаңақорған тынысы» газетінің редакциясы

Бас редактордың міндетін атқарушы



Нұрлат БАЙГЕНЖЕЕВ

Телефондар:



Бас директор -8(7242) 70-00-36

Бас редактор -21-4-35

Бас редактордың орынбасары -21-9-71

Жауапты хатшы -79-1-35

Тілшілер -22-2-44

Газет Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агентігінде 

19.06.2014 ж. қайта тіркеліп, №14411-Г куәлігі берілген.

«Жаңақорған тынысы» аудандық газеті ҚР СТ ИСО 9001-2009

«Сапа менеджменті жүйесі» талаптарына сәйкес сертификатталған.

Газет әр аптаның сейсенбі, сенбі күндері шығады. Қолжазбалар өңделеді 

және кері қайтарылмайды. Жеке авторлардың пікірі редакцияның түпкілікті 

көзқарасын білдірмейді.

Газет редакцияның компьютер орталығында

теріліп, беттеліп, «Сыр медиа» ЖШС баспаханасын-

да басылды. Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан 

көшесі, 4. Тел: 8(7242) 40-06-68. Газеттің таралымы 

бойынша 22-2-44 немесе 8(7242)70-14-08 телефоны-

на хабарласуға болады.



       

        Таралымы 6225             Тапсырыс № 1365

Мекен-жайымыз: 120300 Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті, Аманкелді көшесі, №58 үй. Е-mail: janakorgangazeta@mail.ru



СЫР

МЕДИА

СЕНБІЛІК СҰХБАТ

Оқшау ой

Самат ОҢҒАРҰЛЫ.

–  Аға,  бала  Талап  ең  алғаш  сахна 

төріне қанша жасында шықты?

–  Сахна  –  киелі  орын.  Оған  барынша 

тазалықпен  шығу  әрбір  өнерпаздың  міндеті. 

Өзім  жастайымнан  өнерге  құштар  болдым. 

Білім  ордасындағы  әрбір  іс-шараға  атсалы-

сып,  шығармашылығымды  шыңдадым.  Ең 

алғаш  сахна  төріне  жетінші  сыныптан  ба-

стап  шыға  бастадым.  Ол  кезде  үлкен  ағам 

Мәдениет  аудандық    мәдениет  үйінде  жұмыс 

істейтін.  Ағамның  жұмыстарына  қызығып, 

концерттік  бағдарлама  мен  түрлі  мәдени 

шараға қатысатынмын. 1983 жылы №169 орта 

мектебін  бітіріп,  №17  кәсіптік  училищесіне 

оқуға түстім. Осында жүріп Нұрберген Тастаев 

ағамыз жетекшілік ететін «Резерв» ансамбліне 

мүше болдым. Мақтанғаным емес, бұл топ сол 

кезде  «Экспресс»  ансамблінен  кейін  ауданға 

танымалдығы  артты.  Одан  әрі  әскери  боры-

шымды өтеп келгеннен кейін 1990 жылы өзім 

түлеп ұшқан №17 кәсіптік техникалық учили-

щеге  көркемөнерпаздар  үйірмесіне  жетекші 

болып  орналастым.  Міне,  содан  бері  өнер 

жолындағы еңбек өтілім басталып кетті.

–  Аға,  өзіңіздің  жеке  авторлық  жо-

баңыз  бар.  Азаттықтың  ақ  таңы  атқан 

тұста  негізі  қаланған  «Хит.  Топ.  Шоу» 

бағдарламасы әлі күнге өз өміршеңдігін 

Өнер табу 

ОНЫҢ ЕСІМІ ЖАҢАҚОРҒАН ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА ЖАҚСЫ ТАНЫС. ӘСІРЕСЕ, 

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА. ОЛ – ТАНЫМАЛ АНСАМБЛЬДІҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ. ӨЗІНДІК 

ҚОЛТАҢБАСЫ БАР ШОУ-КОНЦЕРТТІҢ АВТОРЫ ӘРІ ЖҮРГІЗУШІСІ. ТОҚСАНЫНШЫ 

ЖЫЛДАРДАҒЫ ТОҚЫРАУДА «ТРАКТОРИСТ» ЖӘНЕ «МАРИАННА, КЕШІР МЕНІ» 

АТТЫ РЭП ЖАНРЫНДАҒЫ ӘНІМЕН КӨПШІЛІКТІҢ ЕСІНДЕ ҚАЛДЫ. БҮГІНДЕ 

ОЛ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ҚОЮШЫ-РЕЖИССЕР. ЗАМАНАУИ ЖАНР-

ДЫ ЖАНЫ СҮЙЕТІН ӨНЕР ИЕСІН «СЕНБІЛІК СҰХБАТТЫҢ» ТӨРІНЕ ШАҚЫРДЫҚ. 

БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ, ТАЛАП ТІЛЕУҰЛЫН ҰЖЫМНЫҢ АТЫНАН «АЛТЫН КҮЗ – 2016» 

МЕРЕКЕСІНДЕ ЖЫЛДЫҢ «ҮЗДІК МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРІ» НОМИНАЦИЯСЫ ИЕГЕРІ 

БОЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫҚ. ОДАН ӘРІ ӘҢГІМЕ ТӨМЕНДЕГІШЕ ӨРБІДІ. 

өрге шабу

Ойландыратын



3 оқиға

...  «Жол  жаққа  қараймын,  Сен  жоқсың 

арайлым.  Кешікпей  келем  деп  ең,  Мен 

тұрмын елеңдеумен. Қайтемін кінәләп  бұған 

сені,  Сағатың  алдаған  шығар  сені».  Иә,  бұл 

бәріңіз  білетіндей  Шәмші  Қалдаяқовтың  әні. 

Дұрысы  ән  жолдарынан  үзінді.  Қайырмасын 

қысқартып алдық. Тақырып ауанына тікелей 

қатысы  болмаса  да  жанама  жақындығы 

болғасын.  Әңгіменің  арқауына  кешігу  әдеті 

себеп.  Тілші  болғаннан  кейін  іс-шара  мен 

жиналысқа  жиі  барамыз.  Ақпараттандыру 

мақсатында.  Алайда,  әлі  күнге  уақытылы 

басталған  шараны  көрмедік.  Ең  кемі  бір  не 

жарты  сағат  кешігіп  басталады.  Мәселен, 

сағат  17:00-де  өтетін  шараға  16:30-деп 

шақырады.  Ұйымдастырушылардан  себебін 

сұрасаң: «Нақты уақытында ешкім келмейді. 

Сондықтан  да  жарты  сағат  бұрын  шақыруға 

тура келеді» деген жауап естисің. Яғни, сенім 

мен  жауапкершілік  үйлеспегендіктен  өзгенің 

уақытын  ұрлауға  тура  келеді.  Тақырыпқа 

тұздық болсын, біз көбіне кешігу әдеті жайлы 

сөз қозғағанда немістерді міндетті түрде тілге 

тиек етеміз. Жақында ғаламтордан сол неміс 

халқының  уақытпен  қалай  санасатындығы 

жайлы  қызықты  бейнеролик  көрдім.  Оқиға 

Берлин қаласында өрбиді. Ресей елінен кел-

ген ұлт аспаптар оркестрі Германияның кон-

гресс  холында  концерт  құрады.  Зал  лық 

толы. Әуезді ән мен музыкалық аспаптардың 

сүйемелдеуімен  тамаша  бағдарлама  жүріп 

жатты.  Кенет,  ат  шаптырым  залдың  орта-

сынан  бір  әйел  шығып,  тура  сахнаға  қарай 

беттеді. Орындалып жатқан әнге қарамастан 

сахнаға  көтеріліп,  микрофонды  қолына 

ұстады.  Неміс  тілінде  екі  ауыз  сөз  ай-

тып,  көрермендерден  тарқауын  сұрады. 

Жиылған  жұртшылық  аң-таң.  Бір-біріне 

қарап,  шүйіркелесе  қайтуға  жинала  баста-

ды. Ролик соңында неге бұлай болғанын бы-

лай түсіндіреді. Бұл күні ресейлік өнерпаздар 

Конгресс холды екі сағатқа жалға алған. Ал, 

концерттік  бағдарлама  өз  уақтысынан  жар-

ты  сағатқа  кеш  басталып,  арада  бір  жарым 

сағат  өткенде  мәдениет  сарайының  маманы 

уақыттың біткенін елге хабарлаған. Осылай-

ша, бағдарлама аяқсыз қалды. Бұл темірдей 

тәртіп бар деген сөз.

Иә, уақытпен санасу – жауапкершілік пен 

мәдениеттіліктің мәйегі. Жалпы, шақырылған 

жерге  кешікпей  бару  кез-келген  азаматтың 

лауазымына қарамайтын ортақ қағида. Әттең, 

уақыттың  қадірін  түсінбей  жүрміз-ау  шама-

сы. Бұл баға жетпес құндылықтың орнын еш 

нәрсе толтыра алмайды. Ал, тойлардың жы-

рын  айтпай-ақ  қояйын.  Шақыру  билетіндегі 

тойдың  басталу  уақыты  ол  –  асықпай 

көйлегіңді үтіктеп, темекіңді түтетіп, көршінің 

үйінен  шаш  кептіретін  құрылғы  сұрататын 

сәттің  басталғанын  білдіреді.  Жәә..осы  жер-

ден түйіндейін. Жайбарақаттық әдеттен ары-

латын  кез  келді  ағайын.  Бәсекеге  қабілетті 

болу  үшін  бізге  уақытпен  санасуға  тура 

келеді. 

«КЕШІКПЕЙ

КЕЛЕМ 

ДЕП ЕҢ...»



МАРАПАТ

АЛТЫ ҰЛДЫ ТАПҚАНДЫ 



«ХАНЫМ» десе болады

ЖАЗЫЛҒАН ЖАЙДЫҢ ЖАҢҒЫРЫҒЫ

Біздің керемет 

ӘРІПТЕСТЕР



Редакцияға 

Ғабит 

Нұрымбетов 

есімді  азамат  ақ  тілегін  арқалай 

келіпті. 

«Жаңақорған тынысының» жанашыры 

әрі 

белсенді оқырманы екенін тілге тиек 

етіп 

келіп,  шығармашылық  ұжымның 

ізденісі 

мен  газет  таратушылардың 

еңбегін 

жоғары бағалайтынын айтты.

–  Газеттің  №88  (8008)  нөмірінде  Мақпал 

Пәтенованың  «Газет  таратушының 

бір  күні» 

атты  мақаласы  жарық  көріпті.  Автор 

мақалада 

газет  таратушы  Күміскүл  Мәнтайқызының 

бір 


күндік  өмірін  суреттей  келе,  газет  таратудың 

оңай  шаруа  еместігін  алға  тартыпты. 

Сөз 

жоқ,  жақсы  жазылған  материал.  Міне, 



сон-

дай  ісіне  жауапты  газет  таратушының 

бірі  Бе-

галы  Сыздықов.  Ол  ауа  райы  қалай 

болма-

сын,  оқырмандарға  газетті  уақытылы 



жеткізіп 

беретін  жауапкершілігін  айту  керек.  Шыны 

ке-

рек,  сейсенбі  және  сенбі  күні  кешкісін 



газетті 

тұрақты түрде үйге жеткізіп беріп жүреді, 

– деп 

газет таратушы Б.Сыздықовтың жауапкершілігін 



сөз етті.

Әрине,  әріптесті  оқырмандар  мақтап-

мадақтап  тұрғаны  қуантады.  Иә, 

мұндай 


жауапкершілік  жүгін  мойымай  көтеріп 

жүрген 


Құрманғазы  Әбілтан,  Толқынай  Ысқақова, 

Ал-


мат  Сатыбалдиев  және  Азамат  Асанов 

сынды 


әріптестер де мақтауға лайық-ақ.

Жасыратыны  жоқ,  тұтас  ауданның  жаршы

-

сы  болған  газеттің  жүгін  көтеріп,  әрбір 



үйге 

ыждағаттылықпен  тарату  тек  жұмысына 

адал 

берілген  жандардың  қолынан  келетін 



іс  екені 

анық.  Ондай  қасиет  біздің  әріптестердің 

бой-

ында  бар.  Оны  редакцияға  арнайы 



келген 

Ғ.Нұрымбетовтың: 

–  Бегалы  Сыздықов  Тастаев  көшесіне 

әрбір 


газетті тиянақты әрі аса жауапкершілікті 

сезіне 


отырып,  уақытынан  кешіктірмей  жеткізуде. 

Га-


зет  таратушының  еңбегі  жана  берсін 

деген  игі 

ниетпен  алғыс  айту  үшін  келдім!  –  деген 

пікірі 


дәлелдей түсетіндей. 

Нұр-Кенже..

Ферма қожайыны тышқан аулайтын қақпан қойды. Оны байқаған тышқан 

көрген-білгенін тауыққа, қойға және сиырға жеткізді. Ал олар болса: «Қақпан 

–  сенің  проблемаң!  Бізге  оның  қатысы  жоқ!  Өз  шаруаңды  өзің  шеш»  деп 

тышқанды сөйлетпей тастайды.

Кешкісін, қақпанға жылан түсіп, фермердің әйелін шағып алыпты. Күйеуі 

әйелі  жақсарсын  деп,  тауық  сойып,  сорпа  дайындап  беріпті.  Ал,  әйелдің 

жағдайын сұрап келген қонақтарға қой сойыпты. Жағдайы нашар әйел қайтыс 

болады. Ал, садақа өткізуге сиырды сояды.

Осы көріністің барлығын тышқан өз інінен қарап отырыпты...



ТҮЙІН. Өзіңізге тікелей қатысы жоқ шаруаның, сізге мүлдем кесірі тимейді 

деп ойлау – үлкен қателік.

Бүркіт биік талдың басында отыр екен. Көңілі тоқ, абыройы бар бүркіттің 

ештеңе істемей отырғанына қызыққан қоян, бүркітке:

– Мен де сіз құсап, ештеңе істемей отырсам бола ма? – дейді.

– Әрине болады. Талдың түбіне отыра ғой, – дейді бүркіт.

Бүркіт айтқандай тал түбіне жайғасқан қоянды, түлкі жеп қойыпты.

ТҮЙІН.  Ештеңе істемей дем алу үшін – ұзақ еңбек жасап, абыройлы 

болу керек! Сонда ғана, түлкі сындылардың тісі батпайтын болады...

Фермада жылқы ауырып қалыпты.

Ветеринар:

–  Жылқыға  дәрі  ектім.  Егер  таңертең  оянбай  қалса,  өлді  деп  есептей 

беріңіз,


– деп фермерге айтып кетіпті.

Таң атты. Жылқы оянған жоқ. Қасында жатқан қой:

– Досым, тұрсаңшы! Әйтпесе, сен өлесің, – деп жылқыны оятып алыпты.

Фермер:


– Міне керемет! Мен өте қуаныштымын! Бұл жағдайды атап өту керек, – 

деп қойды сойыпты.



ТҮЙІН.  Өзіңізге қатысы жоқ іске – ешқашан араласпаңыз. Бірақ, қақпан 

туралы әңгімені де ұмытпағаныңыз жөн!



1

2

3

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 

Жаңақорған 

кенті әкімі Аллаберген Ахметов көп 

баланы дүниеге 

алып  келіп,  бүтіндей  шаңырақты 

шаттыққа  бөлеген 

«Батыр  аналарды»  арнайы  марапаттап, 

құрмет 

көрсетіп, ерекше көңіл-күй сыйлады.

Иә,  алтын  құрсақты  аналарға  әрдайым 

зор  қошемет 

білдіріп,  қамқорлығына  алуды  мемлекет 

назардан  тыс 

қалдырған  емес.  Ел  демографиясының 

өсуіне  сүбелі  үлес 

қосып жүрген аяулы жандарға қандай 

құрмет көрсетсе де жа-

расады  емес  пе?  Құндақтағы  баласына 

ақ  сүтін  дарытып, 

бойына  қазақы  тәлім-тәрбиені  сіңдіріп, 

мәпелеп  өсірген 

ақ  жаулықтыларға  аппақ  көңілдің  белгісіндей 

тілектері 

ақтарылды. Гүл шоқтарын тарту етті. 

Аналар құрметіне 

«Арман» мәдениет үйінің өнерлі ұжымы 

ән айтып, күй 

шертті.


–  Тәуелсіздіктің  25  жылында  бірлік, 

тұрақтылық, 

өркендеу  сияқты  арқаулы  құндылықтар 

қалыптасты. 

Осы  игіліктердің  қайнар  бастауында 

ұлтымыздың 

ұлылығын  ұлықтаған,  берекелі  тірлікке 

қамқоршы, 

тілектес  болған  аналарымыз  бен  қыз-келіншектердің 

тұрғандығы 

аян. 

Сондықтан, 



мемлекетіміздің 

демографиялық  дамуына  және  тек 

бір  әулеттің 

ғана  емес,  тұтас  елдің  ең  басты  байлығы 

–  адами 

капиталының  артуына  үлкен  үлес  қосып, 

көп  бала-

лы ана атанып, ұрпақтың ертеңі үшін, 

«барым балам 

үшін»  деген  Сіздерді  бүгінгі  күннің  нағыз 

батырлары 

ретінде мақтан етеміз, – деген кент басшысы 

аналарды 

«Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік 

наградалары-

мен марапаттады.

–  Мен  үшін  бүгін  ерекше  күн.  Көп 

балалы  аналарды  ескеріп,  осын-

дай  құрмет  көрсетіп  жатқан  алдымен 

басшылыққа  рахмет.  Осылай  қолдау 

көрсетіп тұрса неге қазақ санын көбейтпеске? 

Әрине, өмірге нәзік жан болып 

келген соң ана атану парыз, әрі үлкен 

абырой деп білемін. Сондықтан, жас 

болсам да «Алтын алқа» иегері болып 

жатырмын. Менің жолымды жастарға 

тілеймін, – деді аналар атынан сөз алған Динара Шукеева.

Сондай-ақ,  Роза  Сейткамалова,  Нұргүл 

Саркулова,  Тұрсынай  Нәлібаева, 

Қалампыр  Иманова,  Сәуле  Жамалова, 

Айжан  Ақылтұрсынова,  Гүлдана  Бал-

дыбекова мен Жұма Байарыстанова және 

Айсұлу Тұрсынбаева «Күміс алқаға» 

қол жеткізді.

Көңілдері көтеріңкі әрбір марапат иесі 

кезекпен сөз алып, қуаныштарын 

жылы сөзбен жеткізіп жатты. 

Айта кететіні, Жаңақорған кентінде 304 

«Алтын алқа», 479 «Күміс алқа» 

иесі ұрпағына тәлімді тәрбие, саналы білім беруде.



Әлібек ТЕМІРБЕК.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет