7-модуль. ӨЗіндік анықталу тұЛҒаны зерттеудің психологиялық МӘселесі ретінде 7-ДӘріс. ӘЛеуметтік өзіндік және кәсіби өЗіндік анықталудың психологиялық ерекшеліктері
3. Кәсіби бағдар және әлеуметтік бейімделу.
Дәрістің мақсаты:Білім берудегі әлеуметтік өзіндік анықталу арқылы тұлғаның ақыл – ой, эмоционалдық, еріктік және адамгершілік әлеуетін байыту, өзін – өзі дамыту және кәсіби өзіндік анықталудың психологиялық ерекшеліктерінстуденттердеқалыптастыру
Дәріс бойынша оқыту нәтижелері:
1-ОН: Өзіндік анықталу тұлғаны зерттеуді психологиялық мәселе ретінде қарастыратын субъектінің кәсібилену процесі негізінде туындайтын феномендер динамикасы мен көрсеткіштеріндегі теорияларды, әдіснама және ұғымдық ақпараттарды білім алушыда қалыптастыру;
2-ОН: Адамның әлеуметтік өзіндік анықталу негізінде кәсіби іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, кәсіби дағдыларының даму заңдылықтарын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін түсіндіру;
3-ОН: Адамдардың кәсіби бағдарлануға бағытталған жеке (индивидуалды) және топтық формадағы тренингтік технологияларды қолдану;
4-ОН: Кәсіби бағдарлану ғылымының дамуындағы негізгі тенденциялар: психодиагностикалық көрнекілік құралдары, мамандықты суреттеуді белсенді қолдану;
5-ОН: Әлеуметтік өзіндік анықталу және кәсіби өзіндік анықталуды анықтайтын психологиялық ұсыныстарды құрастыру.
І.Құрметті оқырман,әлеуметтік өзіндік анықталу технологиясының алгоритмі әлеуметтік тәжірибені дамытудағы кезеңдер жүйесі ретінде құрылған.
Әлеуметтік өзіндік анықталудегеніміз –ең алдымен қоғамның адамгершілік құндылықтарына қатысты,белгілі бір әлеуметтік шеңберге немесе адамның қоғамдағы орнын анықтау. Бұл әлеуметтік сананы қалыптастыру, дінге, саясатқа, өмір философиясы мен моральға деген жеке көзқарастарды анықтау.