2023 жылдың 10-31 мамыр аралығында «Аналитикалық геометрия» атты математика бойынша облыстық онлайн марафонның өтетіні туралы



Дата12.05.2023
өлшемі37 Kb.
#92025

Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі


2023 жылдың 10-31 мамыр аралығында
«Аналитикалық геометрия» атты математика бойынша облыстық онлайн марафонның өтетіні туралы
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!


Сіздерді «Аналитикалық геометрия» атты математика бойынша өтетін онлайн марафонға қатысуға шақырамыз!

Онлайн марафонға қатысу шарттарымен танысуларыңызды және


09.05.2023 күні сағат 23:59-ға дейін https://docs.google.com/forms/d/1G-utfyDqzA_fv-tc_qOjEp_8UdXQpvYkCW8kBLP0FkA/edit?pli=1 сілтемесі бойынша тіркелу арқылы қатысуға келісім берулеріңізді сұраймыз.

Онлайн марафонның басты мақсаттары: педагогтардың шығармашыл және кәсіби өсуін ынталандыру, олардың кәсіби құзыреттіліктерінің дамуына жағдай жасау, білім беру ұйымдарының ынтымақтастығын нығайту, жаңа қарым-қатынас орнату және жастарды зияткерлік сайыстарға қатысуға тарту.



«Аналитикалық геометрия» атты математика бойынша өтетін онлайн марафон аясында педагогтар үшін оқыту вебинарлар өткізіледі:
1. «Түзу теңдеуі. Жазықтық теңдеуі» 10.05.2023г, 17-00 – 17-40.
2. «Кеңістіктегі бұрыштар мен арақашықтықтар» 12.05.2023г, 17-00 – 17-40.
3. «Есептер шешу практикумы» 15.05.2023г, 17-00 – 17-40.

Техникалық ақпарат:
1. Өткізілу форматы – қашықтан. Қатысушыларға аналитикалық геометрия бойынша тапсырмаларды орындау қажет.
2. Марафон өткізілу тілдері: қазақ, орыс.
3. 09.05.2023 күні сағат 23:59-ға дейін https://docs.google.com/forms/d/1G-utfyDqzA_fv-tc_qOjEp_8UdXQpvYkCW8kBLP0FkA/edit?pli=1 сілтемесі бойынша тіркелу қажет.
4. Вебинарларға сілтемелер тіркеуден өткен барлық қатысушыларға поштаға жіберіледі.
5. Тапсырмалар және олардың шешімдерін рәсімдеу мен жүктеу бойынша қосымша ақпарат 16.05.2023 күніне дейін тіркеуден өткен әрбір қатысушының электрондық поштасына жіберіледі.
6. Тапсырмалар шешімдерін 31.05.2023 күні 23:59-ға дейін жүктеу қажет.
7. Марафонға қатысу тегін.
8. Онлайн марафон қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар беріледі, жеңімпаздар дипломдармен марапатталады.

Құрметпен,


Қарағанды қ. ХББ НЗМ математика пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі.

Сұрақтар туындаған жағдайда Mathmarafon@krg.nis.edu.kz электрондық поштасына хабарласуларыңызды өтінеміз.



Nazarbayev Intellectual school
Karaganda, Kazakhstan
https://krg.nis.edu.kz/

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет