2023 оқу жылы «Бекітемін» Тәрбие ісі- жөніндегі орынбасары : А. Cүлейменова



Дата08.12.2023
өлшемі20,36 Kb.
#135125



Қарттарын қадірлеген ел ардақты
1 қазан -Қарттар мерекесіне арналған
мерекелік кеш


А – 23/9 оқу тобы
Топ жетекшісі: Н.Абдиева


2023 оқу жылы


«Бекітемін»
Тәрбие ісі- жөніндегі орынбасары : А.Cүлейменова


29.09.2023 жыл


Тақырыбы: Қарттарын қадірлеген ел ардақты


Мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата- бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.


1жүргізуші
Қымбатты, ақылдың кенін арқалаған айбынды ата- әжелер! Қазан айының алғашқы қарттар күні мерекесімен құттықтаймыз!


Мерекелеріңіз құтты болсын ата - апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма!
Зейнетіне жеттіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
Алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі жақындап қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.


1- жүргізуші
Қаттар – біздің асыл қазынамыз. Олай болса, осында отырған аталарымыз бен апаларымыздың төл мерекелері тағы да құтты болсын! «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кешімізге қош келдіңіздер!
Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін колледж директорының уақытша міндетін атқарушы Жубанышов Әбдікәрім ағайымызға сөз береміз.


1-жүрзізуші
Өміріңіз ұрпаққа өнеге мың,
Тілейміз қуанышқа бөленгенін
Жүзге келіп, марқайып отырыңдар
Қылығына қуанып, шөберенің – деп, келесі сөз кезегін колледжіміздің ардагер ұстаздарына береміз. ________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Аман болсын бастарыңыз,


Ағармасын шаштарыңыз.
Шөбере сүйіп әлі де
Жүзге келсін жастарыңыз.


1-жүргізуші:
Халқымыздың тәлім тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен беріліп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Олай болса, келесі кезекте колледж студенттерінің әдеби монтаждарын қабыл алыңыздар .
Альфия, Гүлстан, Несібелі, Ерқанат
1-жүргізуші
Өне бойы тұнған ақыл, ұлағат,
Ешкімге жасамайтын қиянат.
Жайлап қана ақылменен түхзейді,
Болып қалса ұғына алмай бір сағат.
Ниеті ақ, көңілі кең дариядай,
Аман болшы, кең қария қарттарым!!
1-жүргізуші
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.

Ортада коллдждің 2 курс студенттерінің орындауындағы қазақ биін қабыл алыңыздар.
1 -жүргізуші

Бүгінгі ұрпақ үшін жасаған бар жақсылықтарыңызға шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл- күй, отбасыларыңыз бен замандастарыңыз арасында атап өтетін мереке күндеріңіз көп болсын деп тілейміз.


Егде тартқан жастарыңыз еңселеріңізді түсірмей, өмірлік күш –қуаттарыңыз ұзағынан болғай.


1-жүргізуші:
Қарттар жүрсін ортада,
Өткенді көрген шежіре.
Аман-сау болсын әрқашан,
Сыйлаған бақыт біздерге.
1-жүргізуші
Той деп бүгін халқым шашу шашады,
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрамына арналған
Альфия әнмен әуен шашады.
2 курс студенті Машенова Альфияның орындауындағы Ата – әже әнін қабыл алыңыздар.


1-жүргізуші
Тыныштық елімізге бере берсін,
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел-жұртымыз аман болып,
Қызығын бейбіт өмір көре берсін.
Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Тап-таза абыройлы болғаныңды.
Қазіргі ел билеген жастар көрсін, - дей келе біз, жастар, ақылдың кенін арқалаған айбынды ата- әжелерімізден бата берулеріңізді сұраймыз! Қымбатты да ардақты ата – әжелер, ұстаздар осымен бүгінгі біздің «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кешімізді аяқтаймыз. Қайта жүздескенше сау болыңыздар!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет