2015-
2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-
ҚИМЫЛ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша партия 2015 – 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
бағдарламасын әзірледі.
2014 жылдың шілдесінен бастап Бағдарлама жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылды. Бастауыш партия ұйымдары, өңірлік
филиалдар, ҚР Парламенті депутаттары, сарапшылар, қоғамдық ұйымдардан 800-ден аса ұсыныс келіп түсті.
Бағдарлама жобасы мемлекеттік органдармен келісімделіп, партияның Мәжілістегі фракциясы, партияның барлық өңірлердегі
кеңестерінде бірауыздан қолдау тапты.
Ұсыныстар мен толықтыруларды ескере отырып, аталмыш құжат айтарлықтай жетілдіріліп, 2014 жылдың 11 қарашасында «Нұр
Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында қабылданды.
«Нұр Отан» партиясы
Саяси кеңесінің
2014 жылғы 11 қарашадағы
№ 001 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
КІРІСПЕ
Бағдарламалық құжаттар – «Қазақстан–2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» және «Қазақстан жолы –
2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауларында
Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
егемендік, еркіндік пен демократияға негізделген мемлекет пен қоғам құрылысының
маңызды тарихи кезеңінің табысты аяқталғанын атап өтіп, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі одан әрі дамуының стратегиялық
бағытын айқындап берді.
«Қазақстан–2050» Стратегиясының мақсаттарына сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізу арқылы ғана қол жеткізуге
болады. Елбасы айтып өткендей: «Мемлекет пен қоғам біртұтас майдан құрып жемқорлыққа қарсы шығуы тиіс. Жемқорлық – жай
құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып
табылады».
Достарыңызбен бөлісу: |