21- ғасырдағы мектеп қандай болуы тиіс?
21- ғасыр - технология ғасыры. Менің ойымша, заман талабына сай мектеп жаңа технологиялармен қамтылған, оқушының жан-жақты, ойы тұрақты тұлға ретінде дамуына жағдай жасай білуі тиіс. Ең бірінші кезекте білім жүйесі және ішкі тәртіп қадағалануы керек.
Қазақтың талантты ақыны Мағжан Жұмабаев «Адам жаңашыл: жаңа үстіне жаңа тілейді, жаңадан жаңаға құмар келеді. Адам әсемшіл: әсемнен әсем, сұлудан сұлу таңдайды», дейді. Бұл құнды ой арқылы жаһандану заманында адамзат ескі сүрлеумен жүре бермей ілгерілеуге, өзгеруге ұмтылуы қажеттігін айтқан. Себебі, бұл – заман талабы. Оқушылардың жігерлене оқуы үшін, мектептің де хал-ахуалының жақсы болғаны маңызды. Мектеп қабырғаларының әсемденіп, оқушылар, мектеп жетістіктеріне толып тұрғаны, үзілістерде әр-түрлі оқушының ойларын алаңдатып, сергітетін тапсырмалардың болуы, демалыс орнының болуы, оқушылардың қандай да бір іс-шараларға дайындық үшін бөлек бір кабинеттің болғаны жақсы. Оқушыларды әдебиет, тарих, өнерге баулу мақсатында жеке қойылым сыныбы болса, өзіндік киюге арналған киімдер, қойылымға қажетті жабдықтармен жабдықталған болса оқушылар еркін түрде өздерінің қабілеттерін сынап көріп жатады.
Оқушылар тек бір мезгіл оқып, екінші мезгілде қосымша сабақтар, дайындықтармен айналысса сынып жағынан қиындықтар туындамас еді деген ойдамын.