1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет теориясы



бет1/65
Дата31.12.2021
өлшемі233,12 Kb.
#23703
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
ЭКЗАМЕН ӘТ


1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары

Әдебиет теориясы — әдебиеттану ғылымының сөз өнерінің табиғатын, оның әдістері мен методологиясын, әдеби процесс, рухани-эстетикалық құндылықтар заңдылықтарy зерттейтін саласы. Әдебиет теориясы  көркем әдебиетті  барлық қырынан жан-жақты ашып көрсетудің құралы болып табылады. Қазақ ғалымдарынан әдебиет теориясы жөнінде ең алғаш құнды пікірлер айтқан Ш. Уәлиханов болды. Ол қазақ халық поэзиясының жанрлық түрлерін (жыр, жоқтау өлеңі, қайым өлең,  қара өлең, өлең т.б.) жүйелеп берді. “Әдебиет танытқыш” — қазақ ұлттық әдебиеттануының негізі. Қ. Жұмалиевтің “Әдебиет теориясы” атты еңбегі негізінен орта мектептер мен жоғары оқу орнына арналды. Сондай-ақ, Е. Ысмайыловтың “Әдебиет теориясының мәселелері” атты орта мектепке арналған оқулығы жазылды. 1970 ж. З. Қабдоловтың “Әдебиет теориясының негіздері” атты еңбегі жарық көрді. З.Ахметовтың  “Қазақ өлеңінің құрылысы”, “Өлең сөздің теориясы” атты еңбектері — осы салада соны пайымдауларымен көрінген құнды  зерттеулер. Әл-Фараби шығарманың оқушысына әсерін сипаттай отырып, шығармашылық әдіс ұстанымы деңгейінде бірнеше қағида негіздейді. Ол қағидалар бойынша, оқушы жұрт оқыған шығармасы арқылы мынадай күйлерді бастан кешуі шарт: біріншіден, ақылға қонымды қуат-күшін жақсартып, өзінің әрекеттерімен де, ойларымен де жақсылыққа асық болуға, жамандықтан қашық болуға құлшынуы ләзім; екіншіден, ақыры күшке, күш көрсетуге ұласатын жан аффектілерін (ашу, тәкаппарлық, қаталдық, арсыздық, күншілдік, атаққұмарлық, мансапқорлық, дүниеқорлық, т.б.) бәсеңдетуге, басуға және оларды жамандық істерде емес, жақсы істерде пайдалануға бағыттауы керек; үшіншіден, құмарлық, қорқақтық, уайымшылдық, ұялшақтық, көнгіштік, көнбістік, жігерсіздік, салғырттық, еріншектік және басқа осындай босаңдық пен жұмсақтыққа ұқсайтын жан аффектілерін жақсартуға, шектен асырмауға, игілікті істерге пайдалануға лайықты етіп өзгертуге талпынуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет