22. «КӨркем еңбек» ПӘнін оқытудың ерекшеліктері 1



Дата15.03.2023
өлшемі16,21 Kb.
#74714
Байланысты:
Әдістемелік түсінік хат


22. «КӨРКЕМ ЕҢБЕК» ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 1. Жалпыға міндетті білім беру стандартында оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 2-қосымшасының 21-22-тармағына сәйкес 2–4- сыныптарда «Көркем еңбек» міндетті оқу пәні ретінде оқытылады. «Технология және өнер» білім беру саласы пәндерінің мазмұны қоршаған ортаны біртұтас қабылдауды қалыптастыруға, оны визуалды өнер мен музыка құралдары арқылы тануға; бейнелеу өнерінің, қолөнер мен музыканың адам өміріндегі рөлі туралы алғашқы түсініктерді дамытуға, қазақтың ұлттық сәндікқолданбалы өнеріне, музыкалық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына, әлемдегі басқа халықтардың өнеріне құрметпен қарауға тәрбиелеуге; өнердің алуан түріне адам өмірінің көрінісі ретінде адамгершілік-эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуге, бастауыш мектеп білім алушыларының көркем және музыкалықшығармашылық дамуына бағытталған. 248 «Көркем еңбек» - «Бейнелеу өнері» мен «Еңбек баулу» пәндерін біріктіретін кіріктірілген пән. Ол әртүрлі шығармашылық іс-шаралар барысында көркемдік және технологиялық білімді, дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 3-қосымшасының 33, 34, 35 тармағына сәйкес 5–9- сыныптарда «Көркем еңбек» міндетті оқу пәні ретінде оқытылады. «Технология және өнер» білім беру саласының мазмұны қоршаған әлемнің бейнесін, өскелең ұрпақтың ортақ мәдениетін тұтастай қабылдауды, білім алушылардың эстетикалық, рухани-адамгершілік және эмоционалдық саласын қоғамның ұлттық және әлемдік көркем құндылықтары негізінде дамытуға, адам өміріндегі өнер мен технологиялардың рөлі туралы негізгі түсініктерді дамытуға, қазақ халқының және әлемнің басқа да халықтарының салтдәстүрлеріне, мәдениетіне және әртүрлі өнер түрлерін түсінуге және құрметтеуге; өнердің әртүрлі түрлерінде көркем, музыкалық және жобалық әрекетті жүзеге асыру білімдерін, біліктерін және дағдыларын одан әрі дамытуға; негізгі технологиялық білім, білік, дағдыларды, соның ішінде компьютерлік цифрлық технологияларды қолдану арқылы; әртүрлі музыкалық цифрлық технологияларды қоса алғанда, вокалды және инструменталды дағдыларды дамытуға; мәнерліліктің көркем және музыкалық құралдары және заманауи технологиялар арқылы әлемді танудың әртүрлі әдістерін өз бетінше меңгеруге бағытталады. 2. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Бастауыш және негізгі білім беру деңгейінде оқытылатын ««Көркем еңбек»» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі үлгілік оқу жоспарының оқу түріне байланысты.(22.1,2-кестелерде көрсетілген). 22.1-кесте. 2-4-cыныптарда «Көркем еңбек» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі Сынып Оқу пәнінің атауы Жалпы жүктеме, сағат Үлгілік оқу жоспары Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен) Апталық Жылдық Апталық Жылдық Инварианттық компонент 2 Көркем еңбек 1 36 1 36 3 Көркем еңбек 1 36 1 36 4 Көркем еңбек 1 36 1 36 22.2-кесте. 5-9-cыныптарда «Көркем еңбек» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі 249 Сынып Оқу пәнінің атауы Жалпы жүктеме, сағат Үлгілік оқу жоспары Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен) Апталық Жылдық Апталық Жылдық Инварианттық компонент 5 Көркем еңбек 2 72 2 72 6 Көркем еңбек 2 72 2 72 7 Көркем еңбек 1 36 1 36 8 Көркем еңбек 1 36 1 36 9 Көркем еңбек 1 36 1 36 Оқу жылының ұзартылуына байланысты қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады. Оқу жүктемесі Үлгілік оқу жоспарына және төмендетілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес «Көркем еңбек» пәні бойынша 5-6-сыныптарда 2 сағат, 7-9- сыныптарда 1 сағат көлемінде оқытылады. 3 Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар «Көркем еңбек» оқу пәні, 2-4 сыныптар 2022-2023 оқу жылында орта білім беру ұйымдарының 2-4 сыныптарында «Көркем еңбек» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылады. «Көркем еңбек» пәнін оқытудың мақсаты – жеке тұлғаның қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістіктік-образдық ойлауын, көркемдіктехнологиялық білімінің негізін қалыптастыру. 3. «Көркем еңбек» оқу пәнінің міндеттері: 1) әртүрлі іс-әрекеттерді кіріктіру арқылы пәндік білімдерді, дағдыларды және қабілеттерді дамыту; 2) ұлттық және әлемдік материалдық мәдениет пен өнер шығармаларымен таныстыру арқылы құндылық бағыттарын қалыптастыру; 3) білім алушылардың визуалды және эстетикалық қабылдауын, сыни ойлауын дамыту үшін терминологиялық аппарат қалыптастыру; 4) бақылау, эксперимент жүргізу және көрсетілім жасау арқылы зерттеу дағдыларын дамыту; 5) әртүрлі материалдар мен құралдарды қолдану арқылы шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру; 6) білім алушылардың өзін-өзі бағалауын жоғарылату және жағымды көзқарас қалыптастыру; 7) коммуникацияның бір тілі ретінде ұлттық және әлемдік мәдениет мұраларының мағынасын, көркем еңбектің рөлін түсіндіру; 250 8) өз жұмысын жасау үшін, әртүрлі ақпарат түрлерін (іздеу, жинау, сұрыптау) бағдарлау қабілетін дамытуға ықпал жасайтын, әртүрлі танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы міндеттерді өздігінен шешу тәжірибелерін қалыптастыру; 9) ұжымдық, топтық және жеке жұмыстарды орындау процесінде қолдың моторикасын, сенсорикалық, қиялдауы мен шығармашылығын, елестетуін және қабылдауын дамыту. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен бірлесе дамытылуы білім берудің «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты құндылықтарын бойына сіңіруіне, Отанына риясыз қызмет ететін, білімді, білікті, рухани терең азамат болып қалыптасуына негіз болады. «Көркем еңбек» пәні, 5-9-сыныптар «Технология және өнер» білім саласының мазмұнына «Көркем еңбек» пәні енгізілген. 2022-2023 оқу жылында Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9- сыныптарына арналған «Көркем еңбек» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылады. Жалпы орта білім беру жүйесіндегі «Көркем еңбек» пәнінің ерекшелігі әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету, әмбебап (тұрмыстық) және арнайы (пәндік) білімдер мен икемділікті, материалдар мен нысандарды түрлендіру және көркем өңдеу дағдыларын, үй шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен техниканы қолдану машықтарын иелену болып табылады. 4. Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік талаптарына сүйеніп, бөлім бойынша жиынтық бағалау «Көркем еңбек» пәні бойынша 5-9 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығының 16-тармағына өзгерістер мен толықтырулармен). «Көркем еңбек» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. 5-9 сыныптардағы «Көркем еңбек» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына (жаңартылған мазмұн бойынша және оқу жүктемесін қысқарту бойынша) сәйкес қалыптастырушы бағалау қорытындылары бойынша тоқсан/жарты жыл және оқу жылының соңында «Көркем еңбек» пәні бойынша «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі қойылады. Білім алушылардың жетістіктерін бағалау кезінде Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген «Оқу пәндері бойынша сынаққа қойылатын талаптар» әдістемелік ұсынымдарын педагог басшылыққа алуы қажет (www.nao.kz). Әдістемелік ұсынымдар жиынтық бағалау критерийлерін 251 қамтиды, аталған пән бойынша сынақ өткізуге арналған тапсырмалардың үлгілері ұсынылған. 5. Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен оқу пәні бойынша жүргізілетін элективтік курстар «Көркем еңбек» пәні мазмұнының вариативті компоненті оқу процесінің әр түрлі формаларын қолдануға және оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық технологияларын енгізуге бағытталған. Вариативті компонент аймақтық ерекшеліктерді, мектептің материалдық базасының орналасуын, мұғалімнің мүмкіндіктері мен оқушылардың мүдделерін ескеру қажеттілігіне байланысты болғандықтан, оқу материалын жергілікті білім беру органдары ұсынады және көркем еңбек мұғалімдері әзірлейді. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу әр түрлі іс-шараларды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады: қолөнер көрмесі, мектепті көгалдандыру және абаттандыру, шеберлер турнирі, игі істер апталығы, Көңілді Шеберлер қаласы, еріктілер актісі, қамқорлық көрсету аймағы, еңбек десанты және басқалар. 6. «Көркем еңбек» пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын әдістемелік тақырыптар Әдістемелік бірлестік отырыстарында «Көркем еңбек» пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі) бойынша ұсынылатын тақырыптар: 1) Қолөнер – сырлы өнер»; 2) «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі»; 3) «Ұлы мұра – Ұлттық қолөнер». 7. Оқу пәні бойынша оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20708 болып тіркелген) сәйкес «Көркем еңбек» пәні бойынша көрсетілген бұйрықпен бекітілген орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін қолданады. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 21.06.2022 № 29

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет