Сөйлеу және тілдік дағдыларды дамытуға арналған 5 дидактикалық ойын



Дата28.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#76882
түріСабақ

СӨЙЛЕУ ЖӘНЕ ТІЛДІК ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН
5 ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН
(қашықтықтан оқыту бойынша)
Әлжанова Дамира Сәрсенбайқызы
Алматы қаласы,
№139 мектеп-гимназия логопеді

Қашықтан оқыту жағдайында біз практикалық іс-әрекет пен цифрлы технология арасында таңдау жасауымыз керек пе?


Қысқасы: екеуін де жасаңыз!
Мен сізге бұл әрекеттер бір-бірін жоққа шығармайтынын бірнеше қысқа мысалдармен жеткізсем деймін.
Онлайын сабақ дәстүрлі сабақ секілді нәтиже көрсетпейтініне күмәніңіз болсада, мақсатқа жету барысында барлық мүмкіндікті қолдануға тырысуымыз қажет.
Мен өз сабағымда қолданылатын ойындарыммен бөліскім келеді. Сізге де пайдасы тиер.
1.ЖАҚСЫ КӨРЕМІН НЕМЕСЕ ЖАҚСЫ КӨРМЕЙМІН.
Оқушыға әр түрлі заттарды (ойыншықтар, жемістер, жануарлар, күнделікті қолданыстағы заттар) ұсына отырып, екі топқа жіктеуге нұсқау береміз. Оқушы өзі ұнататын және ұнатпайтын заттарды жіктей отырып, өз таңдауы, қалау немесе қаламау секілді шешімдерді қабылдауға үйренеді. Сонымен қатар, бұл сізге келесі сабақтарыңыздың қай бағытта қандай заттармен өткізуіңізге де пайдасы мол.

Сурет №1.
2. ҚУЫРШАҚТАР НЕМЕСЕ ӨЗ ҚОЛЫМЫЗБЕН ЖАСАЛҒАН КІТАП
Бұл жерде оқушының қызығушылығы басты назарға алынады. Яғни, бала ұнататын мультфильм кейіпкерін немесе жануарлардың бейнелі қағаздарын қолдануға болады. Баланың таңдауы бойынша дайын суретті шығарып алып, формаға келтіре отырып қырқып, әшекелеп алыңыз (немесе бояу). Қалған іс сіздің қиялыңызға байланысты:
-кейіпкерлерді өз рөлдері бойынша сөйлету, көлеңкелі кино түсіру
-өзіңізді бір кітаптың авторы ретінде оқиғаңызды құрап, кейіпкерлермен диалог жүргізу.

Сурет №2
3. ҚҰРАСТЫРМА немесе ПАЗЛДАР
Жиі қолданылатын және жеңіл ойындарымыздың бірі. Баламен бейнелі және сөздік пазлдар жасап, үй жағдайында және қашықтықтан онлайн байланысқа шыға отырып ойнауға болады. Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында немесе өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында тапсырмаларды осы әдісті қолдана отырып беруге болады.

Сурет №3
4. СУРЕТ САЛУДЫҢ ҚАРАПАЙЫМ НҰСҚАУЛАРЫ
Қарындаш пен қағазды алыңыз(өйткені бұл сізге керек)!
Телетерапия сеанстарында тосқауыл жаттығуларын орындау өте оңай ("кім екенін біліңіз" ойыны-бұл керемет мысал)!
Мұны істеу керек:
* Әр түрлі пішіндегі суретті салыңыз.
* Оны сіздің оқушыңызға сипаттаңыз, сонда ол сіздің нұсқауларыңызға сүйене отырып сурет сала алады.
* Кері байланыс ретінде оқушыдан сізге бағыт беруді сұраңыз! Бұл негізгі ұғымдар мен көп сатылы бағыттар бойынша жұмыс істеудің тамаша тәсілі!
Қашықтықтан экранды демонстрациялау арқылы «Paint» программасын қолдануға болады.

Сурет №4
5. КӨРСЕТІҢІЗ ЖӘНЕ АЙТЫҢЫЗ
Неліктен үйдегі нәрселерден пайда көрмеске? "Көрсету және айту" баланың сізбен жеке байланысудың қарапайым және өте маңызды әдісін ұсынады.
Бұл әдіс шет елде «Show and Tell» деп аталады. Оқушымен қашықтықтан жұмыс жасай отырып, көмегі тиер ең тиімді тәсілдердің бірі. Оқушыны өзі отырған бөлме ішіндегі заттарды көрсетіп, оларды таныстыруын өтініңіз. Сұрау барысында, заттың түсін мен көлемін, санын да сұрау есіңізде болсын.
Бұл әдістің екінші бір варианты ретінде келесі нұсқаулықты ұсынсаңыз болады. Баланың кеңістікті бағдарлауын, санай білуін аңғару үшін оған өзі тұрған жерінен бірнеше қадам жасауын; жасаған қадамын санап отыруын немесе сүйікті заттарын белгілі бір орынға қойып, ол заттың оқу үстелімен арақашықтығын қадамдармен санауын; заттарды орналастыру немесе алу барысында кеңісті бағдарлауын оңға, солға, төмен, жоғары нұсқаулықтарын дұрыс орындауына мән беріңіз.
Жоғарыда келтірілген 4 практикалық сабақта оқушының
-жалпы моторикасын;
-ұсақ моторикасын;
-тілдік дағдыларын;
-қарым-қатынасын;
-танымдық дағдыларын және т.б қабілеттері мен дағдыларын дамытуға бағытталған.
Ұсынылған ойындарындардың біреуі болсын сіздің сабағыңыздың нәтижелі әрі қызықты өтуіне, мақсатыңызға жетуіңізге септігін тигізер деген үміттемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет