«22»қаңтарындағы


«Самұрық-Энерго» АҚ тәуекелдерді басқару саясаты



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата03.03.2017
өлшемі329,06 Kb.
#6383
1   2

«Самұрық-Энерго» АҚ тәуекелдерді басқару саясаты

 

Е (31-2)-01-03-10

 

3- 

редакция

 

24-



тің 10-парағы

 

30.



 

Тәуекелдерді  басқаруды  тиімді  ұйымдастыру  мақсатында  Қоғам  Басқармасы 

жанынан  алқалы  орган  -  Тәуекелдер  жөніндегі  комитет  құрылуы  мүмкін  және  ол  Қоғам 

Басқармасын қолдау бойынша мынадай өкілеттіліктер мен функцияларды орындайды

1)

 

тәуекелдерді  басқару  жүйесін  жетілдіру  бойынша  жұмыс  жоспарын  әр  жыл  сайын 



бекіту; 

2)

 



Қоғамның  Директорлар  кеңесіне  бекітуге  ұсыну  үшін  әр  тәуекел  бойынша 

төзімділік деңгейін және тәуекел-тәбетті алдын ала есептеуді қарастыру; 

3)

 

Қоғамның  Директорлар  кеңесіне  бекітуге  ұсыну  үшін    Тәуекелдер  тіркелімін, 



Тәуекелдер картасын,  Тәуекелдер мен бақылау матрицасын қарастыру; 

4)

 



 

Тәуекелдерді  барынша  азайту  бойынша  іс-шаралардың  біріктірілген  жоспарын 

келісу; 

5)

 



 

тәуекелдердің иелерін тағайындау бойынша ұсыныстарды бекіту; 

6)

 

 



тәуекелдерді  басқару  жөніндегі  әдістемелік  құжаттардың  мерзімді  жаңартылып 

және  жетілдіріліп  отырылуын,  сонымен  қатар    басшылар  мен  қызметкерлерді 

тәуекелдерді  басқару  бойынша  ішкі  нормативтік    құжаттардың  тәжірибелік 

аспектілері мен талаптары бойынша жүйелі оқытуды ұйымдастыруды бақылау. 

7)

 

Қоғамның  Директорлар  кеңесіне  бекітуге  ұсыну  үшін  негізгі  тәуекелдік 



көрсеткіштерді қарастыру; 

8)

 



 

тәуекелдер бойынша Комитеттің қызметін реттейтін ішкі құжаттарға сәйкес басқа 

да функциялар. 

31.


 

Тәуекелдерді  басқару  үдерісіндегі  үшінші  деңгей  Қоғамның  тәуекелдерді 

басқаруға  жауапты  құрылымдық  бөлімшесі болып  табылады  және  оның негізгі  функциялары 

мыналар: 

1)

 

Самұрық-Энерго тобындағы тәуекелдерді басқару жүйесінің қызметін үйлестіру; 



2)

 

тәуекелдерді  басқару  жүйесін  жетілдіру  бойынша  жылдық  жұмыс  жоспарын  құру 



арқылы  тәуекелдерді  басқару  бойынша  құрылымдық  бөлімшенің  жұмысын 

ұйымдастыру; 

3)

 

тәуекелдерді  басқару  құрылымын  дамыту  бойынша  ұсыныстарды  басқа  да 



құрылымдық  бөлімшелердің  ұсыныстары  мен  түсініктемелерін  ескере  отырып 

дайындау, саясаттар мен рәсімдерді әзірлеу, жетілдіру және жаңарту; 

4)

 

 



тәуекел-тәбеттің қолайлы деңгейіне қатысты ұсыныстар жасау; 

5)

 



 

тәуекелдерді (соның ішінде жаңа тәуекелдерді) айқындау үдерісін, сарапшылардың 

қатысуымен  тәуекелдерді  бағалауды  ұйымдастыру  және  үйлестіру,  тәуекелдердің 

иелерін тағайындау бойынша ұсыныстарды анықтау және келісу; 

6)

 

  



Тәуекелдер тізілімін, тәуекелдер Картасын, Тәуекелдерді барынша азайту бойынша 

іс-шаралар  жоспарын  құру,  оларды  өкілетті  органдарлың  келісуі  мен  бекітуін 

қамтамасыз ету; 

7)

 



 

Қоғамның  негізгі  тәуекелдерін  басқару  бойынша  саясаттары  мен  лимиттерін 

құрылымдық бөлімшелердің орындауына монгиторинг жүргізу; 


SAMRUK

 

ENERGY



 

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның тәуекелдерді басқару саясаты

 

Е (31-2)-01-03-10

 



редакция

 

24-



тің 11-парағы

 

8)



 

тәуекелдерді  барынша  азайту  бойынша  бағдарламалар  мен  жоспарлардың  іске 

асырылуына монгиторинг жүргізу; 

9)

 



негізгі  тәуекелдік  көрсеткіштерді,  негізгі  тәуекелдік  көрсеткіштер  бойынша 

ағымдағы жағдайының мониторингін әзірлеу, Тәуекелдер жөніндегі комитетке және 

басқа да органдарға құзыреттілігіне сәйкес есептерді жасау; 

10)


 

 

компания  тәуекелдерінің  сипаттамалары  мен  талдаулары  бар  ақпаратты,  сонымен 



қатар,  компанияның  Тәуекелдерді  барынша  азайту  бойынша  жоспарлары  мен 

бағдарламаларының  іске  асырылуы  туралы  мәліметтерді  беру  үшін  Директорлар 

кеңесіне  жәнеАудит  комитетіне  тоқсан  сайынғы  есептерді  ұсынып,кездесулер 

өткізу; 


11)

 

Басқарма  мен  Директорлар  кеңесіне  тәуекелдерді  басқарудың  белгіленген 



үдерістерінен  маңызды  ауытқулар  туралы  хабарлау  және  оларға  мониторинг 

жүргізу; 

12)

 

қызметтік органның Тәуекелдер жөніндегі комитеттің функцияларын орындауы



13)

 

жетекші  халықаралық  және  қазақстандық  компаниялардың  тәуекелдерді  басқару 



бойынша тәжірибелеріне салыстырмалы талдау жасау; 

14)


 

тәуекелдерді  басқару  мәселелері  бойынша  Қоғамның  басшылары  мен 

қызметкерлерін оқыту үдерісін ұйымдастыру және үйлестіру; 

15)


 

тәуекелдерді  басқаружүйесінің  барлық  қатысушылары  арасында  ақпарат  алмасу 

үдерісін қамтамасыз ету; 

16)


 

тәуекелдерді  басқару  бойынша  мәселелерді  талқылау  және  әдістемелік  қолдау 

көрсету үшін құрылымдық бөлімшелер арасында ішкі кездесулерді ұйымдастыру; 

17)


 

 

аудиторлық  тексерулердің,  ақпарат  алмасудың,  аудиторлық  тексерулердің 



нәтижелерін  талқылаудың,  білім  мен  әдістеме  алмасудың  жоспарын  құру  жөнінде 

ішкі аудит қызметімен өзара әрекет жасау; 

18)

 

сонымен бірге Қоғам қызметінің ерекшелігіне жауап беретін басқа да функциялар. 



32.

 

 



Қоғамның  тәуекелдерді  басқаруға  жауапты  құрылымдық  бөлімшесі 

қызметкерлерінің өкілеттігі, жауапкершілігі және ұсынылатын есептіліке қойылатын талаптар 

осы Саясат пен тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерде 

және  Қоғамның  тәуекелдерді  басқаруға  жауапты  құрылымдық  бөлімшесі  қызметкерлерінің 

лауазымдық нұсқаулықтарында қарастырылған. 

33.


 

Қоғамның  тәуекелдерді  басқаруға  жауапты  құрылымдық  бөлімшесінің 

қызметкерлері  тәуекелдерді басқару жүйесінің міндеттері мен мақсаттарын тиімді іске асыру 

үшін  Қоғамның  басқа  да  бөлімшелері  мен  еншілес  ұйымдарымен,  сонымен  бірге  Қоғамның 

сыртқы және ішкі аудиторларымен өзара әрекет жасауы қажет. 

34.


 

Қоғамның  тәуекелдерді  басқаруға  жауапты  құрылымдық  бөлімшесінің 

қызметкерлеріның  осы  Саясат  пен  аталған  қызметкерлердің  лауазымдық  нұсқаулықтарында 

көрсетілген  функционалдық  міндеттерді  орындауы  үшін  қажетті  Қоғам  құжаттарына, 

ақпаратқа қол жеткізетін мүмкіндіктері болуы керек. 


SAMRUK

 

ENERGY



 

«Самұрық-Энерго» АҚ тәуекелдерді басқару саясаты

 

Е (31-2)-01-03-10

 

3- 

редакция

 

24-



тің 12-парағы

 

35.



 

Қоғамның  Ішкі  аудит  қызметі  тәуекелдерді  басқару  үдерісінде  мынадай  негізгі 

функцияларды іске асырады: 

1)

 



тәуекелдерді  бағалау  әдіснамасы  мен  тәуекелдерді  басқару  рәсімдерінің,  сонымен 

бірге тәуекелдерді басқару рәсімдерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды 

дайындау аудиті; 

2)

 



Қоғамның  Директорлар  кеңесі  үшін  тәуекелдерді  басқару  жүйесінің  тиімділігі 

бойынша,  соның  ішінде  тәуелсіз  сарапшы  дайындаған  тәуекелдерді  басқарудың 

тиімді  жүйесін  тәуелсіз  бағалау  туралы  үш  жылда  кемінде  бір  рет  жыл  сайынғы 

есепті ұсыну; 

3)

 

Қоғамның  Директорлар  кеңесі  үшін  ішкі  бақылау  жүйесінің  тиімділігі  бойынша, 



соның ішінде тәуелсіз сарапшы дайындаған ішкі бақылау  жүйесін тәуелсіз бағалау 

туралы үш жылда кемінде бір рет жыл сайынғы есепті ұсыну

4)

 

бекітілген нормативтік құжаттарға сәйкес басқа да функциялар. 



36.

 

Тәуекелдерді  басқару  жүйесінің  құрылымындағы  маңызды  элементтердің  бірі 



әрбір  қызметкер  атынан  әрекет  ететін  Қоғамның  құрылымдық  бөлімшесі  болып  табылады. 

Құрылымдық  бөлімшелер  (тәуекелдердің  меншік  иелері)  тәуекелдерді  басқару  үдерісінде 

негізгі  рөл  атқаратынын  түсінуі  тиіс.  Қоғам  қызметкерлері  күнделікті  тәуекелдермен  жұмыс 

істейді,  оларды  басқарады  және  өздерінің  функционалдық  міндеттері  саласына  тигізетін 

олардың  әлеуетті  ықпалына  мониторинг  жүргізеді.  Құрылымдық  бөлімшелер  тәуекелдерді 

басқару  жөніндегі  іс-шаралар  жоспарының  орындалуына  жауапты,  олар  өз  қызметі 

саласындағы  маңызды  тәуекелдерді  уақытылы  тауып,  тәуекел-менеджерлерін  олар  туралы 

хабардар  етуге  және  іс-шаралар  жоспарына  енгізу  үшін  тәуекелдерді  басқару  бойынша 

ұсыныстар беруге жауапты болады. 

37.


 

Қоғамның  құрылымдық  бөлімшелерінің  (тәуекелдердің  меншік  иелерінің) 

тәуекелдерді басқару үдерісіндегі негізгі функциялары мыналар болып табылады

1)

 



тәуекелдерді тұрақты негізде бағалау және сәйкестендіру; 

2)

 



 

тәуекелдерді басқару әдістері мен тәсілдері бойынша ұсыныстар қалыптастыру; 

3)

 

 



тәуекелдерді  барынша  азайту  бойынша  ағымдағы  іс-шаралар  тиімділігін  бағалау 

негізінде  немесе  ағымдағы  іс-шаралар  болмаған  жағдайда    тәуекелдерді  барынша 

азайту  бойынша  ағымдағы  іс-шаралар  жоспарларын  олардың  негізгі  іске  асырылу 

кезеңдері  мен  жауапты  тұлғаларын  (іс-шаралардың  иелері)  нақты  көрсете  отырып 

әзірлеу; 

4)

 



 

Тәуекелдерді  барынша  азайту  бойынша  іс-шаралар  жоспарларының  мазмұнын  іс-

шаралардың Иелеріне және басқа да мүдделі тараптарға уақытылы хабарлау; 

5)

 



 

Тәуекелдерді  барынша  азайту  бойынша  іс-шаралардың  жоспарларын  орындау 

бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және осы іс-шаралардың орындалуын бақылау; 

6)

 



 

тәуекел  іске  асқан  жағдайда  –  тиісті  Тәуекел  жағдайларына  кейіннен  әсер  ету 

жоспарының орындалу үдерісіне басшылық жасау 


SAMRUK

 

ENERGY



 

«Самұрық-Энерго» АҚ тәуекелдерді басқару саясаты

 

Е (31-2)-01-03-10

 

3- 

редакция

 

24-



тің 13-парағы

 

7)



 

тәуекелді  бағалаудың  алдыңғы  нәтижелерінің  өзгеруіне  алып  келуі  ықтимал 

сыртқыжәне/немесеішкі  факторларды  бақылауды  іске  асыру,  тиісті  ақпаратты 

Тәуекел менеджеріне беру; 

8)

 

өз 



қарамағындағы 

тәуекелдерді 

барынша 

азайту 


бойыншаіс-шаралар 

Жоспарларының  орындалу  барысы  мен  нәтижелері  туралы  тәуекелдерді  басқаруға 

жауапты құрылымдық бөлімшеге уақытылы есеп беру. 

9)

 



тәуекелдерді  басқаруға  жауапты  құрылымдық  бөлімшенің  одан  әрі  зияндар  мен 

жазатайым оқиғалардың біріктірілген мәліметтер базасына ақпараттар беру арқылы 

зияндар мен жазатайым оқиғалардың мәліметтер базасын қалыптастыру. 

10)


 

өз құзыреті шеңберінде нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу; 

38.

 

Қоғамдағы  тәуекелдерді  басқару  құрылымы  барабар  ақпараттар  ағынын  – 



көлденеңінен де,  тігінен де қамтамасыз етеді. Оның ішінде төменнен жоғарыға келіп түсетін 

ақпарат  Директорлар  кеңесі  мен  Қоғам  Басқармасын  мынадай:  ағымдағы  қызметі  туралы, 

қызмет  барысындағы  қабылданған  тәуекелдер  және  оларды  бағалау,  бақылау  назар  аудару 

әдістері мен оларды басқару деңгейлері туралы мәліметтермен қамтамасыз етеді. Жоғарыдан 

төменге  бағытталған  ақпарат  мақсаттарды,  стратегияларды  және  қойылған  міндеттерді  ішкі 

құжаттарды,  регламенттер  мен  тапсырмаларды  бекіту  арқылы  жеткізуді  қамтамасыз  етеді. 

Көлденеңінен  апарат  беру  дегеніміз  Қоғамның  ішкі  құрылымдық  бөлімшелерінің  және 

«Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ»  АҚ  тобы  мен  Самұрық-Энерго  тобындағы  тәуекелдерді  басқаруға 

жауапты құрылымдық бөлімшелердің өзара әрекетін білдіреді. 

9.

 

Мақсаттарды анықтау 

39.


 

Қоғам  қызметінің  мақсаттары  стратегиялық  деңгейде  анықталады  және 

операциялық  мақсаттарды  әзірлеу  үшін  негіз  белгілейді.  Қоғам  сыртқы  және  ішкі  көздерден 

тәуекелдердің  ықпалына  бейімделген  және  тәуекелдерді  басқару  әдістерін  әзірлеудің,  тиімді 

сәйкестендіру  мен  бағалаудың  негізгі  шарты  мақсаттарды  қою  болып  табылады.  Ұйымның 

мақсаттары мен міндеттері Қоғамның тәуекелге деген тәбетімен келісіледі. 

40.

 

Мақсаттар  жетістіктеріне  кері  әсерін  тигізуі  мүмкін  әлеуетті  тәуекелдерді 



сәйкестендіруге  дейін  анықталған.  Тәуекелдерді  корпоративтік  басқару  Қоғамның 

тәуекелдерге деген тәбетіне сәйкес және міндетті істерімен келісілген Қоғамда мақсаттар мен 

міндеттерді айқындау үдерісінің жүріп жатқанына көз жеткізуге мүмкіндік береді.  


SAMRUK

 

ENERGY



 

«Самұрық-Энерго» АҚ тәуекелдерді басқару саясаты

 

Е (31-2)-01-03-10

 

3 -

редакция

 

24-



тің 14-парағы

 

41.



 

Қоғам жыл сайын немесе қажеттілікке қарай мақсаттарға қол жеткізуге әсер етуі 

мүмкін оқиғалармен және баламалармен байланысты тәуекелдерді анықтайды, өз мақсаттарына 

қол жеткізетін баламалы жолдарды белгілейді. Мұндай талдау тәуекелдерді сәйкестендіру үшін 

негіз болады.  

42.


 

Қоғам  қызметінің  қаржылық  болжамдары  негізгі  көрсеткіштерді  өзгертудің 

оптимистік  және  реалистік,  пессимистік  сценарийлерін  ескере  отырып  жасалады  және  оны 

Қоғамның Директорлар кеңесі бекітеді. 

43.

 

Қоғам  тәуекелдері  мақсаттарды  қою  барысында  Қоғамның  өкілетті  органы 



бекітетін стратегиялық даму бағыттары мен ұзақ мерзімді стратегияларды, даму жоспарларын, 

бизнес-жоспарларды әзірлеу арқылы Қоғам қызметін қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ 

мерзімді уақытқа стратегиялық жоспарлау жүйесін пайдалану арқылы төмендетілуі мүмкін.  

44.


 

Тәуекелдердің  маңыздылығы  шекарасын,  сонымен  бірге  тәуекелдерді  ауыстыру 

жөніндегі  келісімшарттардың  өлшемдерін  анықтау  мақсатында  корпоративтік  ұстап  қалу 

(ұстап қалу қабілеті) деңгейін есептеу арқылы іске асыралады. 

45.

 

Қоғам  тәуекелдер  мен  тәуекелдерге  деген  тәбетіне,  яғни  мақсаттарына  қол 



жеткізу үшін өзіне тәуекелдерді қабылдау қабілетіне қатысты ұстап қалу қабілетінің деңгейін 

белгілейді.  Қоғамның  ұстап  қалу  қабілетін  бағалау  тәуекелдерге  деген  тәбетін  анықтау  үшін 

негіз болып табылады. Ұстап қалу қабілеті сапалық деңгейде де, дәл солай сандық бағалауды  

қолдану арқылы да белгіленуі мүмкін. 

46.

 

Ұстап  қалу  қабілеті  тәуекелдердің  басталуы  мыналарды  бұзуға  әкелмейтінін 



ескеру арқылы есептеледі: 

1)

 



табыстылық – жиынтық зияндар төмендегіден артпауы тиіс: 

-

 



3-

тен жоғары Левридж деңгейіндегі салық салуға дейінгі табыстың 10 %-ы; 

-

 

3-



ті қосқандағы Левридж деңгейіндегі салық салуға дейінгі табыстың 7,5 %-ы; 

-

 



2-

ні қосқандағы Левридж деңгейіндегі салық салуға дейінгі табыстың 5%-ы; 

-

 

1-



ден аз Левридж деңгейіндегі салық салуға дейінгі табыстың 2,5 %-ы 2; 

2)

 



ұзақ  мерзімді  қаржылық  тұрақтылықтың  –  жиынтық  зияндары  акционерлер 

капиталының (немесе меншікті капиталдың) 2 %-дан артық кемуіне әкеліп соқпауы 

тиіс; 

3)

 



өтімділік – жиынтық зияндар негізгі қызметтің ақша ағынының 5 %-ынан аспауы 

тиіс. 


47.

 

Бірнеше  жылдың  қаржы  көрсеткіштерін  пайдалану  кездейсоқ  ауытқуларды 



болдырмауға мүмкіндік беретін мерзім ішіндегі орта есеппен өлшенген көрсеткіштерді есептеу 

үшін пайдалану мақсатына сәйкес. 

48.

 

Содан соң орта есеппен өлшенген көрсеткіштер шекті көрсеткіштерге, сәйкесінше 



табыстылыққа,  ұзақ  мерзімді  қаржылық  тұрақтылыққа  және  өтімділікке  көбейтіледі,  бұл  осы 

үш  көрсеткіш  бойынша  ұстап  қалу  қабілетінің  шекті  көрсеткіштерінің  өлшемдерін  алуға 

мүмкіндік  береді.  Үшеуінің  ең  аз  мәні  тәуекелдерге  қатысты  ұстап  қалу  қабілетінің  шекті 

(максималды) өлшемі ретінде белгіленеді.  



SAMRUK

 

ENERGY



 

«Самұрық-Энерго» АҚ тәуекелдерді басқару саясаты

 

Е (31-2)-01-03-10

 

3- 

редакция

 

24-



тің 15-парағы

 

49.



 

Ұстап қалудың жұмыс қабілеті келесі факторлар шегерімінің ұстап қалу қабілеті 

ретінде анықталады: 

1)

 



жоғары  ықтималдылықпен  басталатын  ағымдағы  операциялық  зияндардың  жалпы 

өлшемі.  Қоғам  өз  қызметінде  іс  тәжірибесінде  көрсеткендей  компанияның  жалпы 

шығысының  жеткілікті  тұрақты  пайызын  құрайтын  қызметімен  (мысалы, 

механикалық  сыныққа  байланысты  құрал-жабдықтарды  жоспардан  тыс  жөндеу, 

мерзімі  өтіп  кеткен  төлемдер  өсімақысындағы  бағамдық  айырмашылықтар, 

қызметкерлер  қосымша  өтемақылар  төлеу  және  т.б.)  байланысты  белгілі  бір 

бюджетте қарастырылмаған зияндардан құтыла алмайды; 

2)

 



түрлі  тәуекелдердің  (бір  мезгілде  бірнеше  ірі  тәуекелдердің  басталуы)  мүмкін 

болатын  шоғырлануы.  Ол  басталу  ықтималдылығы  25%-дан  жоғары  болатын  ірі 

оқиғалар саны негізінде белгіленеді. 

50.


 

Осыған сәйкес ұстап қалу қабілетінің көрсеткіші ағымдағы операциялық шығыс 

сомасымен  түзетіледі  және  қалған  сома  тәуекелдердің  мүмкін  болатын  шоғырлануын 

айшықтайтын оқиғалар санына бөлінеді. 

51.

 

Бақылаужы  тәуекелдерді  басқару  мен  анықтаудың  жалпы  үдерісі  аясында 



Қоғамның ішкі аудит қызметі жүргізеді. 

52.


 

Тиісті  ұсыныстар  мен  ұстап  қалу  қабілетін  есептеужі  тәуекелдерді  басқару 

жөніндегі  құрылымдық  бөлімше  дайындайды,  ол  Қоғамның  Директорлар  кеңесі  есебінің 

құрамдас бөлігі болып табылады. 

53.

 

Қоғамның  ұстап  қалу  қабілеті  жөніндегі  барлық  нәтижелер  мен  ұсыныстар 



мүдделі құрылымдық бөлімшелермен,  соның  ішінде  стратегияға,  жоспарлауға,  корпоративтік 

қаржыландыруға және т.б. жауапты бөлімдермен келісілуі тиіс. 

54.

 

Ұстап  қалу  қабілетінің  алынған  көрсеткіші  тәуекелдерді  басқару  жөніндегі  әрі 



қарай қабылданатын шешімдердің негізі ретінде қабылданады. 

55.


 

Қоғам  тәуекелдерді  меншікті  ұстап  қалуын  төмендегілердің  есебінен  қамтамасыз 

етеді: 

1)

 



бюджетте қарастырылмаған зияндарды жабуға арналған резервтік қор құру; 

2)

 



бюджетте  қарастырылмаған  зияндарды  өз  теңгеріміне  қабылдау  (яғни,  зияндарды 

ағымдағы ақша ағыны немесе меншікті капитал есебінен олардың басталуына қарай 

қаржыландыру). 

56.


 

Осылайша,  тиісті  аударымдар  немесе  шығындар  қажеттілігіне  қарай  меншікті 

ұстап  қалу  және  қалыптастыру  құрылымын  анықтау  тәуекелдерді  басқарудың  жалпы 

үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. 



SAMRUK

 

ENERGY



 

«Самұрық-Энерго» АҚ тәуекелдерді басқару саясаты

 

Е (31-2)-01-03-10

 

3- 

редакция

 

24-



тің 15-парағы

 

10. 



Тәуекелдерді сәйкестендіру 

57.


 

Тәуекелдерді сәйкестендіру – бұл Қоғамның басталуы жоспарланған мақсаттарға 

қол  жеткізу  және  қойылған  міндеттерді  іске  асыру  қабілетіне  кері  әсерін  тигізетін 

тәуекелдердің ықпалына бейімділігін анықтау. 

58.

 

Қоғамның  тәуекелдерді  басқарудың  корпоративтік  жүйесі  тәуекелдердің  кең 



спектрін  анықтауға  және  оларды  кешенді  түрде  қарауға  бағытталған,  ол  бар  тәуекелдер 

бойынша    жағдайды  тұтас  көрсетуге  және  тәуекелдерге  жүргізілген  талдау  сапасын  көтеруге 

мүмкіндік береді. . 

59.


 

Тәуекелдерді  басқарудың  халықаралық  негізгі  стандарттарына  сәйкес,  Қоғам 

тұрақты  негізде  тәуекелдердің  ең  көп  (максималды)  спектрін  анықтау,  қоршаған  тәуекелдер 

туралы  хабардарлықты  арттыру  және  ұйымның  тәуекел-мәдениетін  дамытуды  ынталандыру 

мақсатында  барлық  құрылымдық  бөлімшелер  қызметкерлерінің  қатысуымен  тәуекелдерді 

сәйкестендіреді. 

60.

 

Тәуекелдерді  сәйкестендіру  үшін  Қоғамның  Тәуекелдерді  сәйкестендіру  мен 



бағалау  ережесінде  егжей-тегжейлі  сипатталған  алға  қойылған  мақсаттар  мен  міндеттер 

негізінде  тәуекелдерді  сәйкестендіру,  салалық  және  халықаралық  салыстырулар,  семинарлар 

мен талқылаулар, сұхбаттар, орын алған зияндардың мәліметтер базасы және т.б. секілді түрлі 

әдістемелер мен құралдар комбинациялары пайдаланылады. 

61.

 

Сәйкестендірілген  тәуекелдер  мен  оқиғалар  тәуекелдер  тіркелімі  түрінде 



жүйеленеді.  Қоғамның  тәуекелдер  тіркелімі  Қоғамның  өз  қызметінде  тап  болуы  мүмкін 

тәуекелдер  тізімі  болып  табылады,  оған  сонымен  бірге  мүмкін  болатын  тәуекелдердің  іске 

асырылуының  түрлі  сценарийлері  жатады..  Әр  тәуекел  бойынша  тәуекел  иелері,  яғни  өз 

функционалдық міндеттеріне қарай осы тәуекелмен жұмыс істейтін құрылымдар анықталады. 

Тәуекелдер  тіркелімі  жаңа  тәуекелдерді  табу  мүмкіндігі  бойынша  тұрақты  негізде  Қоғамның 

құрылымдық бөлімшелерімен толықтырылады. 

62.

 

Сәйкестендірілген тәуекелдерді жүйелеу: 



1)

 

тәуекелдер бағдарын (бизнес-үдерістер, құрылымдық бөлімшелер, жобалар және т.б. 



бойынша)  салыстыруды  жақсартуға  мүмкіндік  беретін  тәуекелдердің  жіктелімдік 

және сандық бағалауында дәйектілікке қол жеткізуге; 

2)

 

тәуекелдерді сандық бағалау технологиялары мен анағұрлым күрделі құрал-



саймандар түзу тұғырнамасын  ұсынуға; 

3)

 



Қоғамдағы тәуекелдерді келісімді басқару мен бақылау үшін мүмкіндік 

жасауғамүмкіндік береді 

63.

 

Тәуекелдерді  бағалау  және  сәйкестендіру  нәтижелері  іс-шараларды  жетілдіру 



жөніндегі  ұсыныстарды,  сыни  тәуекелдерді  басқару  жөніндегі  іс-шаралар  жоспарын,  сыни 

тәуекелдер  туралы  ақпаратты  қамтитын    негізгі  тәуекелдер  туралы  Есеп  түрінде  Қоғамның 

Директорлар  кеңесіне  және  Басқармасына,  сонымен  бірге  тиісті  комитеттерге  (Қоғамның 

тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшелері дайындайды) ұсынылады. 

64.

 

Тәуекелдер  жіктелімі  үшін  тәуекелдер  тобы  келесі  санаттар  бойынша 



пайдаланылады: 

SAMRUK

 

ENERGY



 

«Самұрық-Энерго» АҚ тәуекелдерді басқару саясаты

 

Е (31-2)-01-03-10

 

3- 

редакция

 

24-



тің 16-парағы

 

1)



 

стратегиялық  тәуекел  –  Қоғам  дамуы  мен  қызметінің  стратегиясын  іске  асыру 

және анықтау кезінде, саяси орта мен аймақтық конъюнктураның өзгеруі, салалық 

төмендеу  және  басқа  да  жүйелі  сыртқы  факторлар  барысындағы  қателіктер 

(кемшіліктер) немесе өзгерістер салдарынан зияндардың пайда болу тәуекелі; 

2)

 

қаржылық  тәуекелдер  –  Қоғам  капиталының  құрылымымен,  табыстылықтың 



төмендеуімен,  валюталық  бағамдардың  ауытқуларымен,  несиелік  тәукелдермен, 

пайыздық  мөлшерлемелердің  ауытқуларымен  және  т.б.  байланысты  тәуекелдерді 

қамтиды; 

3)

 



құқықтық  тәуекел  –  Қоғамның  Қазақстан  Республикасының  резиденттері  емес  – 

басқа  мемлекеттердің  заңнамасына,  сонымен  қатар    ішкі  ережелер  мен  рәсімдерге 

қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамауы салдарынан 

пайда болған зияндар тәуекелі; 

4)

 

операциялық  тәуекел  –  қызметкерлер  тарапынан  (қызметкерлердің  тәуекелдерін 



қоса алғанда), ақпараттық жүйелер мен технологиялардың (технологиялық) жұмыс 

істеуінен,  сонымен  бірге  сыртқы  оқиғалардың  салдарынан  ішкі  үдерістерді  жүзеге 

асыру  барысында  жіберілген  кемшіліктердің  немесе  қателіктердің  нәтижесінде 

зияндардың пайда болу тәуекелі. 



11.

 

Тәуекелдерді бағалау 

65.


 

Тәуекелдерді  бағалау  және  сәйкестендіру  неғұрлым  «әлсіз»  жақтарын  анықтау 

үшін базалық саралауды іске асыру арқылы бар тәуекелдер мен олардың өлшемдері бойынша 

жалпы  көріністі  беруге  бағытталған.  Аталған  үдеріс  пайдаланылған  негізгі  тәуекелдерді 

басқару рәсімдері мен әдістерін бағалауға мүмкіндік береді. 

66.


 

Тәуекелдердің  мүмкін  болатын  ықпалы  мен  іске  асу  ықтималдылығын  бағалау 

тәуекелдер  туралы  түсініктерді  дамытуға  мүмкіндік  береді,  белгілі  бір  тәуекелді  басқару 

қажеттілігі туралы шешімдерді қабылдау үшін қажетті, сонымен бірге оны қысқарту жөніндегі 

анағұрлым  лайықты  және  экономикалық  тиімді  стратегиялар  туралы  ақпараттық  базаны 

ұсынады. 

67.

 

Тәуекелдерді бағалау үдерісі Қоғам қызметі мен оның стратегиялық мақсаттары 



мен  міндеттеріне  қол  жеткізуге  теріс  ықпал  ететін  маңызды  (сыни)  тәуекелдерді  бөліп  алу 

мақсатында  жүргізіледі.  Бұл  тәуекелдер  осы  тәуекелдер  бойынша  бақылау  және  басқару 

туралы шешімдерді қабылдауға тиісті Директорлар кеңесінің қарауына шығарылуы қажет. 

68.


 

Қоғамдағы  тәуекелдерге  бағалау  және  талдау  жүргізу  аясында  тәуекелдерді 

басқару  үдерісінің  әдістемелік  базасын  құрайтын  сапалық,  сандық  талдаулар  мен  олардың 

комбинациялары пайдаланылады. 

69.

 

Тәуекелдерді  бағалау  әр  тәуекелдің  пайда  болу  себептері  мен  көздерін,  оларды 



іске  асыру  барысындағы  жағымсыз  зардаптарын  және  белгілі  бір  оқиғаның  болу  ықтималын 

қамтиды. 



SAMRUK

 

ENERGY



 

«Самұрық-Энерго» АҚ тәуекелдерді басқару саясаты

 

Е (31-2)-01-03-10

 

3- 

редакция

 

24-



тің 18-парағы

 

70.



 

Бастапқыда  тәуекелдерді  бағалау  сапалы  негізде,  содан  соң  ең  маңызды 

тәуекелдер  үшін  сандық  бағалау  жүргізіледі.  Сандық  бағалауға  келмейтін  және  оларды 

модельдеу  немесе  осындай  модельдерді  тұрғызу  үшін  сенімді  статистикалық  ақпарат  жоқ 

тәуекелдер  үшін  шығындар  тұрғысынан  орынды  болып  табылмайды,  тек  сапалы  негізде 

бағаланады. Сандық бағалау ең дәл сараптамалық мәліметтерді алуға мүмкіндік береді, әсіресе, 

тәуекелдерді қаржыландыру әдістерін әзірлеу басырында пайдалы. 

71.


 

Барлық  сәйкестендірілген  және  бағаланған  тәуекелдер  тәуекелдер  картасында 

көрсетіледі.  Тәуекелдер  картасы  әр  тәуекелдің  (басқа  тәуекелдермен  салыстырғанда) 

салыстырмалы  маңызын  бағалауға,  сонымен  бірге  өте  қиын  болып  табылатын  тәуекелдерді 

бөліп  алуға  мүмкіндік  береді  және  оларды  басқару  жөніндегі  іс-шараларды  әзірлеуді  талап 

етеді. 


72.

 

Қоғамдағы  тәуекелдерді  кешенді  түрде  сәйкестендіру  және  бағалау  Қоғамның 



Тәуекелдерді сәйкестендіру мен бағалау ережесіне сәйкес іске асырылады. 

73.


 

Қоғам  жеке  тәуекелдерді  бағалауда  VAR,  гэн-талдау,  тарихи  сылтаурату  әдісі, 

стресс-тестілеу және т.б. секілді түрлі сандық әдістерді пайдалана отырып жүргізеді. Бағалау 

тәртібі  тәуекелдерді  басқарудың  тиісті  ережелері  және  Қоғамның  басқа  да  ішкі  нормативтік 

құжаттары арқылы реттеледі. 

12.

 

Тәуекелдерді басқару 

74.


 

Қоғам  тәуекелге  назар  аудару  әдістерін  анықтайды  және  Қоғамның  ұстап  қалу 

қабілеті  мен  оның  тәуекелдерге  деген  тәбетімен  келісілген  өте  қиын  тәуекелдерді  басқару 

жоспарын әзірлейді. 

75.

 

Тәуекелдерді  басқару  Қоғам  қызметінің  тәуекелдермен  байланысты  зияндар 



басталған  кезде  қаржылық  өтемақы  алу  үшін  немесе  зияндар  ықтималы  мен  теріс  әсерін 

азайтуға мүмкіндік беретін шараларды дайындау және іске асыру үдерісін білдіреді. Үдерістің 

тиімділігін қамтамасыз ету үшін және оны іске асыруға жұмсалатын шығындарды төмендету 

үшін Қоғам назарын қаржылық жағдайына, мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге елеулі 

ықпал  ететін  тәуекелдерге  аудару    керек.  Тәуекелдерді  басқару  бойынша  қабылданған 

шешімдерді Қоғамның Директорлар кеңесі немесе Басқарма қарайды және бекітіледі, сонымен 

қатар оны Қоғамның барлық құрылымдық бөлімдерінің орындауы міндетті болып табылады. 

76.


 

Қалдық  тәуекелдердің  қолдануға  лайық  деңгейін  қамтамасыз  ету  мақсатында 

тәуекелдерге назар аудару әдістерін таңдау және өте қиын тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-

шаралар жоспарын әзірлеу келесі опцияларды қамтиды: 

1)

 

тәуекелдерді азайту және бақылау – тәуекелдерге алдын алу іс-шараларын қолдану 



және  тәуекелдер  іске  асырылған  жағдайда  іс-әрекеттерді  жоспарлау  арқылы  әсер 

ету,  ол  тәуекелді  іске  асыру  ықтималдығы  деңгейінің  мүмкін  болатын  зияндар 

деңгейін  азайту  мақсатында  тәуекелді  іске  асырудан  болған  зардаптарды  немесе 

оның  пайда  болу  себептерін  өзгертуге  және  азайтуға  қарай  тәуекелді  іске  асыру 

ықтималдылығы дәрежесін өзгертуді қамтиды.  


SAMRUK

 

ENERGY



 

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның тәуекелдерді басқару саясаты

 

Е (31-2)-01-03-10

 



редакция

 

24-



тің 19-парағы

 

 



2)

 

Қоғам  үшін  рұқсат  етілген  тәуекел  деңгейін  ұстап  қалуды/қабылдауды  білдіреді 



және  Қоғам  оның  көріну  мүмкіндігін  қабылдайды,  сонымен  бірге  оны  азайту 

жөніндегі  іс-шараларды  қабылдағаннан  кейінгі  қалдық  тәуекелдерді  қабылдауы 

мүмкін; 

3)

 



тәуекелдерді  қаржыландыру  –  тәуекелді  беру/бөліп  алу  немесе  тәуекелді  басқа 

тарапқа  жекелеп  беру  жауапкершілік  пен  міндеттемелерді  бөліп  алуға  мүмкіндік 

беретін  түрлі  тетіктерді  (келісімшарттар,  сақтандыру  келісімдерін  жасасу, 

құрылымды анықтау) пайдалануды қамтиды; 

4)

 

тәуекелдің  пайда  болу  көзі  болып  табылатын  әрекетті  қабылдау  немесе 



жалғастыруға  қарсылық  білдіру  шешімін  қабылдау  арқылы  тәуекелден  кету 

(алыстау)/тәуекелден жалтару. 

77.

 

Тәуекелдерді бақылау және азайту:   



1)

 

зияндардың  алдын  алу  –  білгілі  бір  тәуекелдің  (зиянның)  басталу  ықтималдығын 



қысқартуға; 

2)

 



зияндарды бақылау – тәуекел басталған жағдайда зиян мөлшерін қысқартуға; 

3)

 



әртараптандыру  -  тәуекелдің  әлеуетті  ықпалын  азайту  мақсатында  бөлуге, 

бағыталған іс-шараларды білдіреді 

78.

 

Тәуекелдерді  бақылау  және  азайту  әдісі  Қоғамда  зияндардың  болу  мүмкіндігін 



азайтуға бағытталған үдерістер мен рәсімдерді енгізуді білдіреді. 

79.


 

Қоғамның  қаржылық  тәуекелдерін  азайту  және  бақылау  әдісі  Корпоративтік 

контрагенттерге  лимиттер белгілеу және мониторинг жүргізу ережесіне, Банк-контрагенттерге 

тікелей  және  шартты  міндеттемелер  бойынша  лимиттер  белгілеу  ережесіне,  Мемлекеттік 

лимиттерді  белгілеу  ережесіне  және  т.б.  сәйкес  қабылданатын  тәуекел  деңгейіне  лимиттер 

белгілеуді білдіреді. 

80.

 

Қоғамның құқықтық тәуекелдерін азайту және бақылау әдісі оларды қабылдауға 



қажетті  шараларды  әзірлейтін  және  Қоғам  қызметіне  өзгерістердің  ықпалын  бақылайтын 

мүдделі  құрылымдық  бөлімшелермен  бірге  құқықтық  мәселелерге  жауапты  Қоғамның 

құрылымдық  бөлімінің  заңнаманың  өзгерістеріне  мониторинг  жүргізуі  болып  табылады. 

Қоғамның  ішкі  рәсімдерін  реттейтін  немесе  Қоғамда  оларға  сәйкес  міндеттер  пайда  болатын 

кез  келген  құжат  Қоғамның  құқықтық  мәселелерге  жауапты  құрылымдық  бөлімшелерінде 

міндетті сараптамадан өтуі керек. 

81.

 

Қоғамның  стратегиялық  тәуекелін  азайту  және  бақылау  қорытындылары 



бойынша түзету шаралары қабылданатын, соның ішінде ішкі және сыртқы ортада өзгерістерді 

көрсету  үшін  бекітілген  стратегиялар  мен  қысқа  мерзімді  және  ұзақ  мерзімді  жоспарларды 

орындау мониторингі арқылы іске асырылады. 


SAMRUK

 

ENERGY



 

«Самұрық-Энерго» АҚ тәуекелдерді басқару саясаты

 

Е (31-2)-01-03-10

 

3- 

редакция

 

24-



тің 20-парағы

 

82.



 

Қоғамдағы  операциялық  тәуекелдерді  азайту  мен  бақылау  белгіленген  Бизнес-

үдерістерге  талдау  жүргізу  және  операциялық  тәуекелдерді  басқару  ережесіне  сәйкес  оларды 

жетілдіру бойынша тиісті іс-шаралар жоспарын әзірлеу арқылы іске асырылады. 

83.

 

Тәуекелдерді  азайту  және  бақылау  бойынша  қолданылған  әдістер  компания 



шығындарымен  байланысты  болған  жағдайда  және  бұл  шығындар  маңызды  болып  табылса, 

мынадай: 

1)

 

осы іс-шаралар қаншалықты қажетті болып табылады және олар тәуекелдерді ұстап 



қалу және/немесе қаржыландыру (ауыстыру) есебінен төмендетіле ме; 

2)

 



тәуекелдерді  ұстап  қалу/ауыстыру  құнымен  салыстырғанда  іс-шараларға 

жұмсалатын  шығындардың  баламалы  бағасы  қандай  деген  мәселелер  бойынша 

талдау жүргізіледі. 

84.


 

Тәуекелдерді  ұстап  қалу:  Түйінді  тәуекелдерді  табу  және  бағалау  барысында 

Қоғамның ұстап қалу қабілеті есептеледі. 

85.


 

Ұстап  қалу  қабілеті  Қоғамның  ағымдағы  табысы  және  бұрынғы  жылдарда 

бөлінбеген  және    жоспарланбаған  зияндарға  (яғни,  тәуекелдердің  басталуы  салдарынан 

компания  табысын  тікелей  азайтатын  зияндар)  тура  аллокациясы  жоқ  табыстың  есебінен 

қалыптастырылады. 

86.


 

Қоғамның  ұстап  қалу  қабілетін  тәуекелдер  бойынша  тарату  тәуекелдерді 

ауыстыру құны мен әр тәуекелдің ықпалын талдауға негізделеді, яғни тәуекелдерді ауыстыру 

құны неғұрлым қымбат болса, соғұрлым осындай тәуекел үшін бағытталған ұстап қалу үлесі 

жоғары болады. 

87.


 

Тәуекелдерді қаржыландыру (ауыстыру) мынадай құралдарды қамтиды: 

1)

 

сақтандыру («таза» тәуекелдер үшін – басталуы өзінің соңынан тек зияндар әкелетін 



және табыс алуға әкелмейтін тәуекелдер); 

2)

 



хеджерлеу  («алып-сату»  тәуекелдері  үшін  –  іске  асырылуы  зияндарға  қалай  алып 

келсе, табыстарға да солай алып келетін тәуекелдер); 

3)

 

келісімшарт бойынша тәуекелді ауыстыру (келісімшарт құнын тиісті түрде арттыру 



немесе қосымша сыйақы үшін контрагентке тәуекелге жауаптылықты ауыстыру); 

4)

 



шартты  несиелік  желі  –  белгілі  бір  оқиғалардың  басталуы  барысында  келісілген 

шарттар бойынша банктік қаржыландыруға қол жеткізу; 

5)

 

тәуекелдерді қаржыландырудың басқа баламалы әдістері. 



88.

 

Осы  құрал-саймандардың  негізгі  ерекше  белгілері  тәуекел  үшін  «төлемақының» 



болуы,  осыған  сәйкес  ол  осы  құралды  Қоғам  шығыстарын  төмендету  мақсатында  оңтайлы 

қолдануды талап етеді. 

89.

 

Тәуекелден  кету/тәуекелден  жалтару  Қоғам  үшін  теріс  зардаптарға  әкеп 



соқтыратын  операцияларды  жүзеге  асырудан  бас  тартуға  немесе  тоқтатуға  бағытталған  іс-

әрекеттерді қамтиды. 

90.

 

Ең қолайлы опцияларды таңдау белгілі бір әдістерге байланысты, оны пайдалану 



ерекшелігімен  және  басқа  да  тікелей  және  жанама  шығындардың  теңгерілуін  ескере  отырып 

жүргізіледі. 



SAMRUK

 

ENERGY



 

«Самұрық-Энерго» АҚ тәуекелдерді басқару саясаты

 

Е (31-2)-01-03-10

 

3- 

редакция

 

24-



тің 21-парағы

 

91.



 

Тиісті  шараларды  және  тәуекелдерге  назар  аудару  әдістерін  қолдану  өте  қиын 

тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар жоспарында сипатталады. Бұл жоспар өзіне қажетті 

әрекеттер мен жауапты орындаушылардың тізімін қамтиды. 



13.

 

Бақылау іс-әрекеттері 

92.


 

Негізгі  тәуекелдерді  және  тәуекелдерді  басқару  бойынша  іс-шараларды 

анықтағаннан  кейін  осы  тәуекелдерге  бейім  негізгі  бизнес-процесстер  анықталады.  Тиісті 

бақылау  іс-әрекеттерді  енгізу  мақсатына  сай  және  қажеттілігін  анықтау  үшін  бизнес-

үдерістерге  сатылы  талдау  жүргізіледі.  Сонымен  бірге,  тәуекелдерді  басқару  бойынша 

жоспарланған  іс-шараларға  талдау  жүргізіледі,  осындай  іс-шараларды  тиімді  орындауды 

қамтамасыз етуге қажетті көрсеткіштер мен бақылау іс-әрекеттері анықталады. Көп жағдайда 

бақылау іс-әрекеттері өз алдына тәуекелдерді басқару әдісі болып табылады. 

93.

 

Бақылау іс-әрекеттері – тәуекелдерді басқару жөніндегі шаралардың орындалуын 



қамтамасыз  етуге  көмектесетін  саясат  пен  рәсімдер.  Бақылау  іс-әрекеттері  Самұрық-Энерго 

тобына кіретін ұйымдардың барлық деңгейлеріндегі бизнес-үдерістеріне қосылған. Бақылау іс-

әрекеттері  мақұлдау,  авторлау,  верификация,  келісу,  операциялар  өткізу  талдауы,  активтер 

қауіпсіздігі және міндеттерді бөлу секілді шаралардың кең спектрін қамтиды. 

94.

 

Бизнес-үдерістердің  талдауын  жүргізу  және  қосымша  бақылау  іс-әрекеттерін 



енгізу  мақсаттылығы  мен  қажеттілігін  анықтау,  бақылау  іс-әрекеттерін  әзірлеу  мен 

тәуекелдерді  басқару  шаралары  жөніндегі  көрсеткіштер  бойынша  жауапкершілігі  тәуекелдер 

жеке меншік иелеріне – Қоғамның тиісті құрылымдық бөлімдерінің басшыларына жүктеледі. 

95.


 

Қоғамдағы  негізгі  нәтижелер  мен  тәуекелдерді  басқару  үдерісінің 

қорытындылары  тәуекелдерді  басқаруға  жауапты  құрылымдық  бөлімдер  мен  тәуекелдер 

иелерінің бөлімдері қалыптастырған тәуекелдер мен оларға назар аудару жөніндегі іс-шаралар 

бойынша тұрақты есептілік (жиынтық есеп) түрінде көрсетіледі. 

96.


 

Қоғамда  тәуекелдер  бойынша  тұрақты  есептілік  негізінде  ағымдағы  тәуекелдер 

мен тәуекелдерге назар аудару жөніндегі шаралардың орындалуына бақылау жүргізіледі. 

97.


 

 

Қоғамның қызметкерлері мен лауазымды тұлғалары Қоғамның Аудит комитетіне 



немесе Қоғамның Директорлар кеңесіне тәуекелдерді басқару немесе ішкі бақылау не басқа да 

саясаттар  рәсімдерінің  бұзылуы/  дұрыс  орындалмауы,  заң  бұзушылықтың  орын  алуы  туралы 

жасырын мәлімдей алады. 


SAMRUK

 

ENERGY



 

«Самұрық-Энерго» АҚ тәуекелдерді басқару саясаты

 

Е (31-2)-01-03-10

 

3-

редакция 

 

24-



тің 22-парағы

 

14. 



Ақпарат және  коммуникация 

98.


 

Тәуекелдерді  басқару  жүйесінің  әр  құраушысын  іске  асыру  үдерісіне  Қоғамның 

құрылымдық бөлімшелері арасында ақпарат алмасу қамтамасыз етіледі. Тәуекелдерді басқару 

жүйесі  аясында  дайындалған  барлық  материалдар  мен  құжаттар  өздерінің  ескертулері  мен 

ұсыныстарын  енгізетін  мүдделі  бөлімдермен  келісіледі.  Директорлар  кеңесінің  қарауына 

жылына кемінде бір рет: Қоғамның ұстап қалу қабілеті мен тәуекелдерге деген тәбеті бойынша 

ұсыныстар,  тәуекелдерді  басқару  жөніндегі  іс-шаралар  жоспары  мен  түйінді  тәуекелдер 

талдауы ұсынылады. 

99.

 

Қоғамдағы  ақпарат  пен  коммуникация  тәуекелдерге  назар  аудару  жөніндегі 



құралдар  мен  әдістер,  тәуекелдер  туралы  хабардарлықтың  деңгейін  көтереді,  тәуекелдер 

туралы  уақтылы  және  дұрыс  ақпаратпен  тәуекелдерді  басқару  үдерісіне  қатысушыларды 

қамтамасыз  етеді.  Тиісті  ақпарат  қызметкерлердің  өз  функцияларын  тиімді  орындауына 

мүмкіндік беретін нысанда және мерзімде анықталады, тіркеледі және ұсынылады. 

100.

 

Қоғам бөлімшелері үнемі мониторинг жүргізіп және орын алған зияндар туралы 



тәуекелдерді басқаруға жауапты бөлімді хабардар етіп отырады. Осындай әр жағдай бойынша 

зияндардың пайда болу себептеріне талдау жүргізіледі және келешекте осындай оқиғалардың 

алдын алу жөнінде шаралар қабылданады (зияндарды тіркеу жүйесі). 

101.


 

Қоғамның  еншіліс  және  тәуелді  ұйымдары  бекітілген  нормативтік  құжаттарға 

сәйкес Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарамасын ақпараттандыру және шоғырландыру 

мақсатында  тәуекелдер  туралы  ақпаратты  беріп  отырады.  Сонымен  қатар  тәуекелдер  туралы 

шоғырландырылған ақпарат «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ  АҚ-ға жіберіледі. 

102.


 

Қоғам  серіктестерінің,  несие  берушілерінің,  сыртқы  аудиторлардың,  ретингтік 

агенттіктердің  және  басқа  мүдделі  тараптардың  назарына  Қоғам  қызметінің  ауқымы  мен 

сипатын  ашатын  ақпараттың  (соның  ішінде  жылдық  есеп  құрамындағы)  талдап  тексерілген 

дәрежесіне  сәйкестігін  қамтамасыз  ете  отырып,  тәуекелдерді  басқару  жөніндегі  ақпаратты 

ұсынады. 



15.

 

Мониторинг 

103.


 

Қоғамда тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесіне мониторинг (басқару әдістері 

мен  тәуекелдерді  бақылау  құралдарын  қоса)  және  қажеттілігіне  қарай  оны  модификациялау 

(үлгісін өзгерту) және жетілдіру іске асырылады. Мониторинг тұрақты түрде жылына кемінде 

бір рет жүргізіліп тұрады. 

104.


 

Қоғамда тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесіне мониторинг (басқару әдістері 

мен  тәуекелдерді  бақылау  құралдарын  қоса)  және  қажеттілігіне  қарай  оны  модификациялау 

(үлгісін өзгерту) мен  жетілдіру іске асырылады. Мониторинг тұрақты түрде жылына кемінде 

бір рет жүргізіліп тұрады. 


SAMRUK

 

ENERGY



 

«Самұрық-Энерго» АҚ тәуекелдерді басқару саясаты

 

Е (31-2)-01-03-10

 

3-

редакция

 

24-



тің 23- парағы

 

105.



 

Тәуекелдерді  басқарудың  корпоративтік  жүйесінің  мониторингі  бүкіл  бизнес-

үдерістің маңызды бөлігі болып табылады және осындай жүйе мен оның құраушыларын іске 

асырудың бар болуымен бағаланады. Мониторинг тәуекелдерді басқару жүйесі мен мақсатты 

тексерулер  рәсімдерінің  және  іс-шараларының,  саясатының  орындалуын  қадағалайды. 

Мақсатты  тексерулердің  жиілігі  мен  ауқымы  тұрақты  мониторинг  тиімділігіне  және 

тәуекелдерді  бағалауға  тәуелді.  Тәуекелдерді  басқару  жүйесінің  кемшіліктері  Қоғамның 

Директорлар кеңесі мен Басқарма назарына жеткізілуі тиіс. 

106.

 

Қоғамның  Директорлар  кеңесі  тәуекелдерді  басқару  жөніндегі  іс-шаралар 



жоспарын бекіткеннен соң, тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлім әр іс-шараның 

орындалу мерзіміне сәйкес іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. 

107.

 

Еншіліс және тәуелді ұйымдары Қоғамға факторлар мен тәуекелдердің кестесін,  



«Самұрык-Энерго» акционерлік қоғамының корпоративтік орталығының еншілес және тәуелді 

ұйымдарының  даму  Жоспарларының  орындалуының  әзірленуі,  келісілуі,  бекітілуі,  түзетілуі, 

орындалуы және мониторингі ережесімен белгіленген нысанда және мерзімде факторлар мен 

тәуекелдердің  кестесі  бойынша  есепті,  сонымен  қатар  қаржылық  тәуекелдердің  жеке  түрлері 

бойынша,  басқармалық  есептіліктің  пакеттері  белгілеген  мерзімде  және  нысанда    есептерді 

береді. 


108.

 

 



Қоғам  өз  кезегінде  Қорға  факторлар  мен  тәуекелдердің  шоғырландырылған 

кестесін,  факторлар  мен  тәуекелдердің  шоғырландырылған  кестесі  бойынша  есепті  Қордың 

еншілес  ұйымдарының  даму  Жоспарларының  орындалуының  әзірленуі,  келісілуі,  бекітілуі, 

түзетілуі, орындалуы және мониторингі ережесімен белгіленген нысанда және мерзімде береді. 

109.

 

 



Тәуекелдерді  басқаруға  жауапты  құрылымдық  бөлімше,  тоқсан  сайын,  есепті 

тоқсаннан  кейінгі  екінші  айдың  15-і  күнінен  кешіктірмей,  Қоғам  Басқармасына  тәуекелдер 

бойынша есепті шоғырландырылған негізде береді. 

110.


 

 

Басқарма,  тоқсан  сайын  есепті  тоқсаннан  кейінгі  үшінші  айдың  10-ы  күнінен 



кешіктірмей,  Қоғам  Директорлар  кеңесіне  тәуекелдер  бойынша  есепті  шоғырландырылған 

негізде береді. 

111.

 

Қоғам  құрылымындағы  атқарушы  орган  мен  Ішкі  аудит  қызметінің  арасындағы 



өзара  әрекет  Қоғам  қызметімен  байланысқан  негізгі  тәуекелдерді  бақылау  және  мониторинг 

жүргізу мақсатында корпоративтік басқару принциптеріне негізделген. 

112.

 

Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен Басқарма жұмысы тәуекелдерді басқару 



жүесі  тиімділігінің  мәні  бойынша  (тәуекелдерді  бақылау  құралдары  мен  басқару  әдістерін 

қоса)  және  тәуекелдерді  басқару  жүйесі  мен  ішкі  бақылау  жүйесі  жағынан  ішкі  аудит 

қызметінің құзыретіне кіретін басқа да мәселелерді Қоғамның Ішкі аудит қызметі тексереді. 

113.


 

Директорлар кеңесіне берілетін тәуекелдерді басқару туралы есепте шектелмеген 

мынадай ақпарат болуы керек: 

 


 

 

SAMRUK



 

ENERGY


 

«Самұрық-Энерго» АҚ тәуекелдерді басқару саясаты

 

Е (31-2)-01-03-10

 

3- 

редакция

 

24-



тің 24-парағы

 

1)



 

тіркелім,  тәуекелдер  картасы  жәнеөте  қиын  тәуекелдерді  басқару  бойынша 

болжанатын жылға жоспар (жылына бір рет); 

2)

 



өте  қиын  тәуекелдерді  басқару  бойынша  іс-шаралардың  жоспарын  іске  асыру 

туралы ақпарат; 

3)

 

тәуекелдер  қоржынына  елеулі  әсер  етуі  мүмкін,  негізгі  тәуекел  көрсеткіштері 



туралы ақпарат; 

4)

 



болжанатын жылға (жылына бір рет) ұстап қалу қабілеті мен тәуекелге тәбеті; 

5)

 



бақылауларды жетілдіру (жылына бір рет) туралы ақпарат; 

6)

 



өте қиын тәуекелдер картасындағы өзгерістер туралы ақпарат; 

7)

 



іске асырылған тәуекелдер туралы ақпарат; 

8)

 



тәуекелдерді  басқарудың  белгіленген  үдерістерінен  маңызды  ауытқулар    (болған 

жағдайда) туралы ақпарат; 

9)

 

тәуекелдер бойынша лимиттердің сақталмауы (болған жағдайда) туралы ақпарат; 



10)

 

тәуекелдерді  басқару  саласында  реттеуші  талаптарының  орындалуы  (олар  болған 



жағдайда) туралы ақпарат; 

11)


 

 

«Самұрык-Қазына» 



АҚ-дағы 

және 


ұлттық 

институттардағы, 

ұлттық 

компаниялардағы  Сақтандыру  қорғанысын  ұйымдастыру  жөніндегі  саясат 



талаптарына сәйкес сақтандыру бойынша ақпарат 

12)


 

Қоғамның  Директорлар  кеңесі  бекіткен  Қаржылық  тәуекелдердің  жекелеген 

түрлерін басқару ережесіне сәйкес қааржылық тәуекелдер бойынша есеп. 

114.


 

Тәуекелдерді  басқару  жүйеснідегі  ішкі  аудит  және  тәуекелдерді  басқару  жүйесі 

мен  ішкі  бақылаудағы  кемшіліктерді  жою  жөніндегі  жоспарлардың  орындалуын  тексеру 

Қоғамның Директорлар кеңесі бекіткен Ішкі аудит қызметінің Жылдық аудиторлық жоспарына 

сәйкес  жүргізіледі.  Ішкі  аудитті  жүргізуді  реттейтін  нормативтік  құжаттарға  сәйкес 

жүргізіледі. 



Document Outline

  • Қолданылу аясы
  • Жауапкершілік
  • Анықтамалар мен қысқартулар
  • Жалпы ережелер
  • Тәуекел-менеджменті саясаты
  • Мақсаттарды анықтау
  • Тәуекелдерді бағалау
  • Тәуекелдерді басқару
  • Бақылау іс-әрекеттері
  • Мониторинг


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет