Дұғалар Аллах есімдері р



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата23.01.2022
өлшемі1,15 Mb.
#24227
  1   2   3


Раббыңның берген өмірін тар деп

білсең-таршылықта боласың, ал

Раббыңды кең деп білсең-кеңшілікте

боласың!



Өзіңнің Рахымыңнан жалынып, жалбарынып тұрып жәрдем

сұраймын - менің күллі істерімді Өзің оңынан реттестіріп берші!

Раббым, асылында мен Сені Әл - Муджиб, дұға етушінің дұғасына

жауап беруші, қажеттілігі бар құлының қажеттілігін өтеп беретін,

сұрауға лайықты Жалғыз Жаратушы деген есіміңмен

таныдым, осылай иман келтірдім Раббым!

Олай болса менің дұғаларымды қабыл болған дұғалардан етші!

Раббым, Саған мұқтажбын, Сенің дұғамды қабыл етуіңде мұқтажбын!

Уа Раббым, әміріңе құлдық, әміріңе құлдық деп алдыңа келдім, қуаныштан

қуанышқа жеткізе гөр деп алдыңа келдім. Бар жақсылық

бір Өзіңнің ғана қолыңда!

Раббым, асылында мен Сені Әл-Уәкил, құлы лайықты деңгейде

тәуекел етсе,  құлының ісін оңынан реттестіруші, күллі жаратылыстың

ісі Өзінің ғана қолында, Өзінің ғана жәрдемі құлына әбден жеткілікті

болған Жаратушы деп танып, иман келтірдім! Олай болса, қолымнан

келгеннің барлығын жасап, нәтижесін Өзіңе тапсырамын, ризығым

мен істерімінің нәтижесіне уайымдамай, Өзіңе лайықты

түрде тәуекел етуге ниет еттім!

Раббым, асылында мен Сені Әл-Қаууи, Қуатты, Құдіретті, шамасы

күллі нәрсеге жететін, Көркем Жаратушы деп танып, иман

келтірдім! Маған бір Өзің Жәрдемші болшы, бір Өзің қуатташы!

Раббым, асылында мен Сені Әл-Уәхид , теңдесі жоқ Жалғыз,

Билігі мен Күш-Құдіретінде ешбір серігі жоқ жалғыз Жаратушы

деп танып, иман келтірдім! Күллі үмітімді Өзіңмен байлап, 

ризық-нығметті тек бір Өзіңнен күтемін! Әмин!



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет