2.Қазақ тілінің синонимдер сөздігін пайдаланып, кесте бағандарын толықтырып жаз



Дата18.10.2023
өлшемі32,17 Kb.
#118722

1 деңгей
1.Синоним сөздер берілген қатарды толықтыр.
а)ұстаз-
ә)адам-
б)нәресте-
в)тамақ-
2.Қазақ тілінің синонимдер сөздігін пайдаланып, кесте бағандарын толықтырып жаз.

туысқан

данышпан

қуану

өкіну












2 деңгей
1.Қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың өлең шумақтарынан үзінді берілген.Ондағы синоним сөздер бола алатын сөздерді тауып жазып, синонимдік қатар құрыңыз.


Талапты жастың бірі – сен бір балам,
Келіпсің дәмің айдап Қаратайдан.
Қаңбақтай жел аударған ажырапсың,
Ел - жұрттан, туысқаннан кейін қалған.

2.Синонимдерге арналған тест сұрақтарына жауап беріп өтіңіз.

  1. Синоним дегеніміз –
    А) Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздер
    В) Мағыналары қарама - қарсы сөздер
    С) Жазылуы әр түрлі, мағыналары бір - біріне жуық сөздер

D) Заттың атын білдіретін сөздер.
Е) Заттың сынын білдіретін сөздер.

2. «Даңқ» сөзінің синонимін тап.
А) Мықты
В) Атақ
С) Дәулет
Д)Мансап
Е)Ұжым

3. «Қадірлі, құрметті, қадірменді» синонимдік қатары қай сөз табына
жатады?
А) Сын есім
В) Зат есім
С) Үстеу
Д)Етістік
Е)Шылау

4. «Адам» сөзінің синонимін табыңыз.
А) Шәкірт
В) Дос
С) Кісі
Д)Ұстаз
Е)Дәрігер

5. Синонимдік қатардың дұрысын табыңыз.
А) Күлу, сықылықтау, жылау
В) Зат, мүлік, нәрсе, бұйым
С) Көне, жаңа, ескі
Д)Сынып,мектеп,оқушы
Е)Астында, алдында, қасында

3 деңгей


1.Өлеңдегі бос орындарға синоним бола алатын сөздерді іріктеп, тауып жазыңыз.
1.Өз білмегеніңді ________сұра,
________жоқ болса кішіден сұра.

2. _____киім жаңаны сақтайды,
______кемпір баланы сақтайды.

3.Атамекен — _____екен,
Қысылғанда _____ екен.

4.______ - алтын мекен.

5. _______ дәмсізі, балдың уы бар.

2.Екі бағанда синоним сөздер берілген.Бір-бірімен сәйкестендіріңіз.

Ауру

келбет

Алыс

дәу

Үлкен

нән

Ажар

шалғай

тамақ

науқас

кесел

ауқат


4 деңгей
1.Адамға қатысты айтылатын сын есім синонимдерін көрсетіп өтіңіз.
А)Адамның мінез-құлқына байланысты айтылатын синонимдер:

Ә)Адамның денсаулығы мен мүшелік кемшіліктеріне қатысты айтылатын синонимдер:


Б)Адамның қоғамдық ортадағы орнына қатысты айтылатын синонимдер:




С)Адамның жеке басына қатысты айтылатын синонимдер:

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет