2Дәріс. Іі-а топша элементтері. Қасиеттері, алынуы, қолданылуы. II топтың негізгі топша элементтері. Мақсаты



бет1/3
Дата24.12.2023
өлшемі11,33 Kb.
#143180
  1   2   3

Дәріс. Іі-а топша элементтері. Қасиеттері, алынуы, қолданылуы II топтың негізгі топша элементтері. Мақсаты

2Дәріс. ІІ-А топша элементтері. Қасиеттері, алынуы, қолданылуы



. II топтың негізгі топша элементтері.

Мақсаты: ІІ топтың негізгі топша элементтерінің жалпы сипаттамасымен, табиғатта таралуымен, молекулаларының құрылымымен, өндірісте және зертханада алу тәсілдерімен, физикалық және химиялық қасиеттерімен және маңызды қосылыстарымен танысып білу.

Негізгі сұрақтар:
  1. Элементтерге жалпы сипаттама.


  2. Жай заттардың физикалық және химиялық қасиеттері.


  3. Сілтілік-жер металдарды сақтау ережелері, олармен жұмыс істеудегі қауіпсіздік шаралары.


  4. Металдардың негізгі қосылыстары.


  5. Судың кермектілігі және оны жою әдістері.




Қысқаша мазмұны:

ЭЛЕМЕНТТЕРГЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.
Периодтық жүйенің екінші тобындағы элеметтердің барлығының, оқып өткен басқа топтардағы элементтермен салыстырғанда, екі ерекшелігі бар:

  1. бұлардың барлығының сыртқы электрондық құрылымы бірдей электроннан тұрады;


  2. сырттан екінші қабаты да электрондары толық құрылып біткен қабат болады.


Сондықтан бұл топтың негізгі және қосымша тобының элементтері қасиет жағынан бірінен бірі алыс емес. Екінші топтың элементтерінің сыртқы қабатында екі электрон болғандықтан (сыртқы электрондық деңгейлері ns2np0 ), ол элементтер енді электрон қосып ала алмайды, қайта екі электронды оңай беріп жіберіп, оң екі зарядты ионға айналғыш екенін көрсетеді.


Бұл екінші топтың типтік элементтері бериллий мен магний. Электрондық құрылымы жағынан ұқсас болғандықтан үлкен периодтардың жұп қатарларының элементтері – кальций, стронций, барий және радий осыларға жатады.
Топ бойынша үстіден төменге қарай атомдық, иондық радиустары артады, иондану энергиясы кемиді; металдық, тотықсыздандырғыш қасиеттері артады, бейметалдық қасиеттері кемиді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет