2.Үй қояндарының терісінің түстері ала және тұтас бір түсті болады. Осындай қояндарды шағылыстырғанда Ғ1 ала түсті көжектер, ал Ғ2-23 ала



Pdf көрінісі
Дата04.11.2022
өлшемі165,58 Kb.
#47503
Байланысты:
Малика 109Аа



«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ 
 
NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL 
UNIVERSITY» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
БОӨЖ #8 
Есептер шығару 
 
Орындаған: Борамбаева 
Малика 
Курс: 1 курс 
Мамандық: Жалпы медицина 
Группа: 109 A 
Қабылдаған: Орынбай 
Гүлжазира 
Алматы, 2022


«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ 
 
NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL 
UNIVERSITY» 

Мендель есептері: 
 
1.Гетерозиготалы қара үй қоянының ұрғашысын осындай қоянның еркегімен 
шағылыстырды.Мынандай сұрақтарға жауап бер:
Бірінші ұрпақтың генотипі қандай? 
Осы генотиптердің ішінде гетерозиготалары қанша? Гомозиготалары қанша? 
Осы ұрпақтың фенотипі қандай?
2.Үй қояндарының терісінің түстері ала және тұтас бір түсті болады. Осындай 
қояндарды шағылыстырғанда Ғ1 ала түсті көжектер, ал Ғ2-23 ала, 8тұтас түсті 
көжектер пайда болды. Қай белгі доминанты? 23 ала түсті көжектердің қаншасы 
гомозиготалы? 
3.
Сұр және ақ тышқандарды бір-бірімен шағылыстырды.Бірінші ұрпақта тек қана сұр 
тышқандар пайда болды.Ал екінші ұрпақта 198 сұр және 72 ақ тышқан туды.Осы аты 
аталған белгілер қалай тұқым қуалайды? 
4.
Қарбыздың сырты жасыл және ала болады.Ал пішіні жағынан сопақ және 
домалақ.Сопақ,жасыл гомозиготалы қарбызды домалақ ,ала гомозиготалы 
қарбызбен будандастырғанда Ғ1 ұрпақта домалақ ,жасыл қарбыздар пайда 
болған.Ғ2 ұрпағы қандай? 
5.
Сұр дрозофила шыбыны қара түсті шыбындармен бундастырған ұрпағы тегіс сұр 
денелі болған. Осы белгілердің қайсысы рецессивті, сұр шыбынның генотипі қандай? 
6. 
Қызыл гүлді түнсұлуы өсімдігін, ақ гүлді түнсұлу өзімдігімен буындастырғанда 
қызғылт гүлді өсімдіктер шыққан, яғни аралық белгі байқалған. Төмендегі 
буындастырудың нәтижесінде алынатын ұрпақтардың гүлдерінің түстерін анықтау 
керек. Аа х Аа; АА х Аа; аа х Аа; Қандай ұрпақ қызыл болады? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ 
 
NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL 
UNIVERSITY» 

Морган есептері
1.
 
H сау адам, һ гемофилия гені. Есептің шарты бойынша анасы сау бірақ гемофилия 
генін тасымалдаушы, әкесі сау. Ұрпақтарында гемофилияның гені кімге беріледі?
2. Шағын балықтың жыныстары дрозофила шыбындары тәріздес тұқым қуалайды. Ол 
балықтың денесінің түсін шығарушы R және r жұп аллельдері екі жыныс, Х және Ү 
хромосомаларында орналасқан. Балықтың қызал түсі доминантты, ақ түсі –
рецессивті. 
Ақ түсті аналықты гетерозиготты аталықпен шағылыстырып F1-18 ұрпақтар, ал F2 - 
44, олардың 24 ұрғашылар. 
1. F1 ұрпақтарының қаншасы қызыл түстілер болды? 
2. F2 ұрпақтарының генотиптері қанша түрлі болды? 
3. F2 ұрпақтарының қаншасы қызыл түстілер? 
4. F2 ұрпақтарының қаншасы қызыл түсті ұрғашылар? 
5. Ұрпақтардың қаншасы ақ түстілер? 
3. Тауықтардың рецессивті аллелді гені k жыныспен тіркесе тұқым қуалайды. Егер 
зиготада доминантты аллелді ген К болса, онда шөжектер жұмыртқадан шықпастан 
бұрын өледі. 
Осы ген бойынша гетерозиготалы аталық қалыпты тауықтармен будандастырылды. 
Жұмыртқадан 72 шөжектер шыққан. 
1. Мұндай будандастыруда қанша әртүрлі генотиптер құрылады? 
2. Қанша шөжектер жұмыртқадан шықпастан бұрын өледі ? 
3. Өлгендердің қаншасы ұрғашылар болуы мүмкін? 
4. Мұдай будандастырудан қанша тірі аталықтар шығуы мүмкін? 
5. Осы будандастырудан қанша тірі ұрғашылар шығады? 
4. Екіүйшікті, меландриум өсімдігінің жапырақтарының енін шығаратын гендері Х-
хромосомамен тіркескен. S гені- жапырақтың жалпақтығын, ал рецессивті s гені - 
жапырақтың енсіздігін шығарады. 
Жалпақ 
жапырақты 
гомозиготалы 
өсімдік 
енсіз 
жапырақтылармен 
тозаңдандырылды. F1-90 өсімдіктер алынды. 
1. Оның қаншасы аналық өсімдіктер? 
2. Аталық өсімдіктердің қаншасы жалпақ жапырақтылар? 
3. Аналық өсімдіктердің қаншасы жалпақ жапырақтылар болып шықты? 
4. F1 ұрпақтарын өзара будандастырып F2 1280 будандар алынды. Олардың 
қаншасы жалпақ жапырақтылар? 
5. Аталық өсімдіктердің қаншасы енсіз жапырақтылар? 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет