3-апта: Ерлі-зайыптылардың жеке, мүліктік құқықтары мен міндеттері



бет1/2
Дата28.04.2023
өлшемі50,84 Kb.
#87732
  1   2
Байланысты:
4 апта




3-апта: Ерлі-зайыптылардың жеке, мүліктік құқықтары мен міндеттері.

1-тапсырма: Глоссарий




Жеке құық - жеке азаматтардың арасындағы қатынастарды реттеуге жауап беретін нормалар мен принциптер жиынтығы.


Мүліктік құқықтар - иеленушінің өз шаруашылық аясындағы мүлікті тікелей қолдану арқылы мүддесіне жетуді қамтамасыз ететін заңды мүмкіндігі.


Неке шарты - некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың келiсiмi немесе ерлi-зайыптылардың некедегi (ерлі-зайыптылықтағы) және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм.


Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері - неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайтын құқықтар мен міндеттер.


Ерлі-зайыптылардың отбасындағы теңдігі - ерлі-зайыптылар тең құқықтар пайдаланады және тең міндеттер атқаруы, ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет түрін, кәсібін және діни сенімін таңдауға еріктігі.


Ерлі-зайыптылардың тектерді таңдау құқығы - неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезiнде ерлi-зайыптылар өз тiлектерi бойынша ортақ тегі ретiнде өздерiнiң бiреуiнiң тегiн таңдайды не ерлi-зайыптылардың әрқайсысы өзiнiң некеге дейiнгi тегiн сақтап қалады, не біреуі (екеуі де) өз тегiне екiншi жұбайдың тегiн қосып ала алуы.


Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі ұғымы- егер неке шартында өзгеше белгiленбесе, ерлi-зайыптылардың бiрлескен ортақ меншiгiнiң режимi олардың мүлкiнiң заңды режимi болып табылады.


Ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі - Ерлi-зайыптылар некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезінде жинаған мүлiк олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады. Оған тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін қоспағанда, ерлi-зайыптылардың некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезінде жинаған мүлкiне ерлi-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметiнен, кәсiпкерлiк қызметтен және зияткерлiк қызмет нәтижелерiнен түскен кіріс сомалары, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнен және ерлi-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкiнен алынған кіріс сомалары және т.б. жатады.

2-тапсырма:










Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет