Заңды тұлғалар Заңды тұлға ұғымы және оның белгілері



бет1/11
Дата17.11.2022
өлшемі71,71 Kb.
#50928
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Заңды тұлғалар



  1. Заңды тұлға ұғымы және оның белгілері

  2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу,қайта құру және тарату негіздері

  3. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары

  4. Заңды тұлғаның түрлері.

Заңды тұлғалар қазіргі уақытта азаматтық құқық қатынастарының ең кең тараған қатысушыларының бірі болып танылады. Бірақта кез келген кәсіпорын, мекеме, ұйымдар заңды тұлға бола бермейді. Заңды тұлғаның анықтамасы және белгілері ҚР АК 33 бабында берілген. Заңды тұлға дегеніміз – ол жеке меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, немесе жедел басқару құқығында оқшаланған мүлкі бар, сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап қайтаратын, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарға және міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер болатын ұйым. Бұл анықтамадан заңды тұлғаның төрт белгісін көруге болады. Бесінші белгісі ретінде, әдебиетте, заңды тұлғаның ұйымдастырылу бірлестігі аталады.


Тарихта заңды тұлғаның қалыптасуы ұзақ уақытты алады, сондықтан азаматтық құқық теориясында әр түрлі «заңды тұлғалар теориялары» пайда болған. Мысалы, К.Ф. Савиньидің фикция туралы теориясы, немістердің нақтылық теориясы және басқалар.
Заңды тұлғалар да, азаматтар сияқты, азаматтық құқық субъектілері ретінде құқыққа қабілетті және әрекетке қабілетті болуы тиіс. Азаматтарға қарағанда, заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бір уақытта (ол құрылған кезде) пайда болып, бір уақытта (заңды тұлға таратылғанда) тоқтатылады. Сондықтан да, заңтану саласында заңды тұлғаларға қатысты бір ғана термин қолданылады – «заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі» деген. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі жалпы және арнайы болады, ол қабілеттіліғі заңды тұлғаның арнаулы органдары және өкілдері арқылы жүзеге асырылады.
Заңды тұлғаның құрылган күні болып заңды тұлға Мемлекеттік реестрде тіркелген күні танылады. Мемлекеттік тіркеу тәртібі Азаматтық Кодекста (41, 42 б., б.) және арнайы нормативтік құқықтық актілерде бекітілген. Мысалы: «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тұралы заң», «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тұралы» Ережелерде. Мемлекеттік емес заңды тұлғалар үшін тіркеу ерікті түрде өткізіледі: тиісті санға, көлемге, құрамға сай құрылтайшылар, жарғылық қоры, тіркеу туралы өтініш, құрылтайшылар құжаттарын (жарғысын немесе жарғысы мен құрылтайшылар шартын, мемелекеттік мекемелер үшін Ережелерін), орналасқан орны туралы анықтама қағазын және тіркеуге төленетін арнайы төлемнің төленгені жөніндегі құжаттарын тапсыру арқылы өткізіледі. Құрылтайшылар шарты оның құрылтайшылары екі немесе одан да көп болған жағдайда жасалады. Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдардың құрылтайшы құжаттары міндетті түрде нотариалдық күәландыруды қажет етеді. Жарғы мен құрылтайшылар шарты мазмұнын да атап өту қажет болады. Заңды тұлғалардың кейбір түрлері үшін тіркеу кезінде жарғылық капиталының белгілі бір мөлшерінің болуы қажет. Осыдан кейін аталған құжаттарда ешбір қателер болмаған жағдайда, 15 күннің ішінде заңды тұлға тіркеуден өткізіліу тиіс, оған мемелекеттік тіркеуден өткені жөнінде Күәлік беріледі. Заңды тұлғаны тіркеу ҚР- сы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі Комитетінің заңды тұлғаларды тіркеу бөлімдерінде өткізіледі. Құрылтайшылар шартының мазмұны коммерциялық құпия болып саналады, ал жарғының мазмұны жария болады, сондықтан ҚР-ның АК 41 бабының 7 пунктіне сай барлық мүдделі адамдар заңды тұлғаның жарғысымен танысуға құқылы.
Тек тіркеуден өткеннен кейін заңды тұлға салық есебіне, статистикалық есепке тұрып, мөрін, бұрыш таңбасын, бланктарын жасауға тапсырма беріп, банкта есеп шотын ашуға болады. Банк есеп шотын ашу үшін, заңды тұлға, өтінішімен қоса банке жарғысының (ережесінің) көшірмесін, салық төлеушінің номерін, нотариалдық күаландырылған түрде бірінші басшысының және бухгалтерінің қолдарының үлгілерін, мөрінің үлгісін тапсырады. Егер заңды тұлғаның қызметі лицензия алуды қажет ететін болса, онда заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі сол лицензияны алған күннен бастап пайда болады. Заңды тұлғаның атауы өзгерген жағдайда, заңды тұлға қайта құрылған жағдайда және тағы да басқа жағдайларда, ол кайта тіркеуден өкізілуі қажет (ҚР АК 42 б., 6 т.).
Қызметінің түріне қарай қызметкерлерінің саны 50 адамнан аспайтын мемлекеттік емес заңды тұлғалар және заңды тұлға құрмастан жеке кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпкерлер кіші бизнес субъектілері деп аталады, бұл тұлғаларға заң шығарушы арнайы назар аударады (1997 ж. 8 сәуірінде қабылданған ҚР Үкіметінің Қаулысы). Заңды тұлғаларды кіші бизнес субъектілеріне жатқызудың екінші өлшемі – ол оның жылдық тауар айналымының мөлшері болады. Кіші бизнес субъектісі мәртебесіне ие болу әр түрлі жеңілдіктер береді: тіркеүден өту кезінде, банк несиелерін алу кезінде, салық жеңілдіктерін береді және т. б. Мысалы: кіші бизнес субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды тіркеу мерзімі 15 күннен 3 күнге дейін қысқартылады, жарғылық капиталының ең аз мөлшері, тіркеу төлемі азайтылады, т.б.
Заңды тұлғаларға өз филиалдары мен өкілдіктерін, еншілес және тәуелді кәсіпорындарды (қоғамдарды) құруға болады (ҚР АК 43, 94 және 95 баптары). Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлға болып танылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет