3-апта тапсырмалары
1-тапсырма: «Біздің қоғамға тиімді саяси режим» кейс-стади.
Кейс-стади дегеніміз – белгілі бір мәселеге қатысты, дәлелді ақпараттарды ұсына отырып, өз тұжырымыңызды дәлелдейтін материалдар жиынтығы, ол білім алушының креативті және шығармашылық қабілетінің дамуына жол ашатын оқу әдісі. Тапсырманы онлайн түрінде өткізетін болғандықтан, келесі сұрақтарға жауап бере отырып, мәселені шешуге тырысыңыз:
Қандай саяси режим түрлерін білесіз;
Қазақстандық қоғам өз тарихында қандай саяси режимдерді басынан өткізді;
Біздің еліміз үшін, сіздің ойыңызша, қай саяси режим тиімді болып саналады және не себепті?
Дәлелдейтін деректер, фактілер, ақпараттар келтіруіңіз қажет, кем дегенде бір факт
Саяси режим туралы айтуды бастамай, ең алдымен саяси жүйе терминин талқылайық. Саяси жүйе – билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар жатады. Ал, саяси режим- биліктің басқару формасы, яғни мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру әдістерінің жиынтығы.
Саяси режимнің түрлері:
- демократиялық
- антидемократиялық
Антидемократиялық саяси режим өз кезегінде:
-авторитарлық
-тоталитарлық
-фашистік режимдер болып жіктеленеді.
Біздің еліміздің ел болып қалыптасуында ең ауқымды із қалдырған кез ол коммунизм кездері. КСРО кезінде Қазақстан талай оқиғаларды бастан шеккен болатын, бұл оқиғалармен тарихта әр адам бетпе-бет танысқан еді . Біздің еліміз отар болған кезде, адамдардың моральдік принциптары, өмірлік көзқарастар қарқынды өзгерді. Қазіргі таңмен тікелей байланырыстыратын болсақ, психологиялық жағынан қазіргі есейген адамдар әлі де сол кездерді аңсайды.Бұл үлкен уақыт аралығында еліміз репрессия, геноцид, аштық кезеңдерін бастан шекті.
Жағымды жақтарына тоқталатын болсақ, елімізде зауыттар ашылды. Орташа білім беру жүйесі бірте- бірте орнады. Адамдар тұрақты бір жұмыс, өмір деңгейі орташа иелеріболған.
2-тапсырма: ҚР стратегиялық құжаттарын зерттеу негізінде «Қазақстанның саяси жүйесінің даму келешегі» тақырыбына кейс-стади.
Кейс-стади дегеніміз – белгілі бір мәселеге қатысты, дәлелді ақпараттарды ұсына отырып, өз тұжырымыңызды дәлелдейтін материалдар жиынтығы, ол білім алушының креативті және шығармашылық қабілетінің дамуына жол ашатын оқу әдісі. Тапсырманы онлайн түрінде өткізетін болғандықтан, келесі сұрақтарға жауап бере отырып, мәселені шешуге тырысыңыз:
Қандай саяси жүйе түрлерін білесіз;
Қазақстандық қоғам өз тарихында қандай саяси жүйелерді басынан өткізді;
сіздің ойыңызша, біздің саяси жүйе болашақта қалай өзгермек және не себепті?
Дәлелдейтін деректер, фактілер, ақпараттар келтіруіңіз қажет, кем дегенде бір факт.
Дерек көзі:
2.Саяси жүйе – билікті жүргізуші әлеуметтік топтар , таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар жатады.
Демократиялық саяси жүйе – саяси жүйенің түрі, оған мыналар тән:
1) Азаматтардың кепілденген құқықтары мен бостандықтарының кең ауқымы қамтылуы;
2) билеуші және оппозициялық саяси партиялардың еркін қызмет етуі;
3) жалпымемлекеттік өкілетті билік органдарының – парламенттің болуы;
4) сайлаудағы заңды күрес қорытындылары бойынша партиялардың үкіметті жасақтауы;
5) мемлекеттік және қоғамдық органдардың қызмет етуі принциптері және заңдылықтарына бақылау орнататын тәуелсіз жүйесінің болуы;
6) өзін – өзі және жергілікті өзін – өзі басқару органдарының болуы;
7) көз жеткізу, дәлелдеу мемлекеттік органдар ықпалының негізгі құралы ретінде ақпарат көздерінің еркін қызмет етуі.
Демократиялық саяси жүйе мыналарды қамтамасыз етеді;
1. басқарушы топтың тұрақты заңды мойындалғандығын;
2. оны қалыптастыруға қалың бұқараның қатысуы;
3. саясаттың негізгі бағыттарын айқындауға бұқараның тікелей немесе жанама түрде қатысуы;
4. Бұқараның тарапынан басқарушы топты бақылауға алуы.
Менің ойымша келешекте елімізде Либерализм (лат. liberalis - «ерікті)» саяси жүйесі боп өзгереді. Едің жоғарғы бағалылық тағы үстемдік санатында дара еркіндікті ұстанатын идеология. Либерализмнің әлеуметтік-саяси теориясы қоғамдық әрі мемлекеттік құрылымның демократиялық принциптеріне негізделеді, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың зорлық-зомбылықсыз түрлерін ұстанады, тұлғаның ерікті дамуын шектемейтін жә әрбіріне мемлекеттік-құқықтық қолдау, қаумет құқы пен сабаз бостандығын сақтау кепілдігін беретін қоғам құруды көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |