3-дәріс Баланың жеке тұлғасы оқыту технологиялардағы объект және субъект ретінде



Дата01.11.2022
өлшемі141,12 Kb.
#46697

3-дәріс Баланың жеке тұлғасы оқыту технологиялардағы объект және субъект ретінде

Жоспары:

  • Объект және субъект ұғымдарының мәні
  • Баланың жеке тұлғасы объект және субъект ретінде

Объект

  • Объект - Үлкен Совет Энциклопедиясында берілген анықтама бойынша, субъектінің іс-қимылы бағытталған заттардың, құбылыстардың жиынтығы. Оларға: әдебі мен іс-әрекетін сырттай мөлшерлеу сұранысы, ынтасыздық, өзін-өзі басқарудың, мақсатты бағытты белсенділіктің, шығармашылықтың, өзінің «Мен»-інің және қоғамдағы орнының нақты саналы түрде болмауы жатады. Сонымен, аталған белгілердің болуы адамды, оның ішінде баланы да объект санатына жатқызуға мүмкіндік туғызады.

Субъект

  • «Субъект» ұғымы өзінің негізгі сипаттарына қарай объектіге тура қарама-қарсы. Үлкен Совет Энциклопедиясында субъект практикалық әрекет пен танымды жеткізуші, объектіге немесе объектілер жүйесіне бағытталған белсенділік көзі ретінде анықталады.

Субъектінің мынадай белгілері көрсетуге болады:


белсенділік
саналылық
еркіндік
жауапкершілік
бірегейлік
шығармашылыққа қабілеттілік
өз нанымы бойынша әрекет жасау
жағымсыз жағдайларға дәлелді түрде қарсы тұра алу
    • Оқытушы мен оқушының арасындағы педагогикалық әрекеттесудің 3 үлгісін айқындауға болады:
      • S-O қатынасы
      • негізінде оқу тәртіптік үлгі құрылады. Негізгі қызмет атқаратын оқыту мен тәрбиенің мақсаты мен бағдарламасын жүзеге асырушы ретінде педагог негізгі қызмет атқаратын тұлға болып есептеледі. Оқушы –әсер ету нысаны. Бала , оқушы студент берілген нақты нормативтер арасында берілген мағлұматты өз еркінен тыс қабылдауға тиісті. Тұлғаның орындаушылық тәртіптілік тілалғыштық қасиеттері бағаланады. Негізгі күш оқытуға емес педагогтың қолданатын әдістемесіне түседі.
      • S-S қатынасы
      • педагогикалық үдерістің тең дәрежелі субъектілері тәрбиеші мен тәрбиеленуші болып табылатындықтан, өзіндік «Мен» ұғымын дамытуға және жүзеге асыруға күш салады. Жеке тоұлғаның қасиеттерін жоғарылатуға аса көп мән беріледі. Басшылық жасау стилі- демократиялық
      • O-S қатынасы
      • негізінде құрылған үлгі- мұнда тәрбиешіге енжар рөл, ал субъект ретіндегі тәрбиеленушіге еркін тәрбиелену рөлі берілген. Міндет жүктеу негізінде қарама-қайшылықты жою жүзеге асырылады. Басшылық жасау стилі ымырашыл болса, ал басты қатынас түрі жағымды тамсанушылық болып табылады.

Субъект-субъект қатынасы

    • Педагог
    • Оқушылар немесе студенттер
    • Ата-аналар
    • Әріптестері

Дәстүрлі оқыту

Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оқыту

Мұғалімнің рөлі.

Дайын білімді түсіндіруші, бақылаушы, бағалаушы тәртіпті қадағалаушы білім насихатшысы.

Танымдық іс-әрекеті, ұйымдастырушы, ұжымдық істердің ұйытқысы, кеңшісі.

Педогогтың негізгі талабы.

Мен сияқты істе

Ойлап істе

Әрекетік стилі

Авторитарлы

Демократиялы.

Мұғаліммен
оқушының өзара қарым-қатынастық стилі

Монологты
( мұғалім жағынан )

Диалогты.

Оқытудың басын әдісі

Мәліметілік


Ізденісті- зерттеушілік.

Сабақ ұйымдастыру түрі

Фронтальды, топтық.

Жекебастық, топтық.

Әдіс- тәсілдер.

Көрсету-түсіндіру жаттықтыру бақылау бағалау.

Оқу мақсаттарының қойылуы, ізденушілік, зерттеушілік, әрекеті табылған шешімді дәлелдеу шешімді тексеру.

Әрекеттік
түрі

Басқарушы мен бағынушы.

Іскерлік – серіктестік ынтымақтастық.

Мақсаты

Білім, ептілік, дағдыны игеру.

Әрбір оқушыға оқып-тану үрдісінің өзіндік өзгеретін субьектісі ретінде дамуға жағдай жасау, қасиет- қабілеттерін дамыту.

Баланы жан-жақты тәрбиелеу үшін оны барлық жағынан білу керек”
К. Д. Ушинский
Баланың тиісті қасиеттерін қалыптастыру үшін оған субъект ретінде қарау дегенді қалай түсінесіз?
Баламен қарым-қатынасты қалай орнату керек?
Жас және жеке ерекшеліктерін қалай ескеру керек
Баланың объектіден субъектіге ауысу тетіктері қандай ?
Сұрақ-жауап
Үй тапсырмасы:
1. Сұрақтарға жауап беру;
2. Осы тақырып бойынша тест құрастыру. (Үй тапсырмасын порталға жүктеңіз.)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет