3-тапсырма Құндылықтық-бағдарлық, іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлық, коммуникативтік және белсенді іс-әрекеттік тәсілдемелер



бет1/6
Дата29.04.2022
өлшемі32,28 Kb.
#32773
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3 тапсырма


Жаңабай Жанар

3-тапсырма

Құндылықтық-бағдарлық, іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлық, коммуникативтік және белсенді іс-әрекеттік тәсілдемелер.

Еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатқан талпыныстар жағдайында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру маңызды міндет болып отыр. Осы тұрғыда тұлғалық бағдарлы технологиялар негізінде оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі.

Жеке тұлғаны дамыту мәселелері   Л.С.Выготскийдің, М.Б.Блонскийдің, С.Л.Рубинштейннің, Л.В.Занковтың, Д.В.Элькониннің еңбектерінің негізгі арқауы. Қазіргі    кезде    Д.Н. Богоявленскийдің, П.Я. Гальпериннің, Б.В. Давыдовтың, Л.В. Занковтың, Е.Н.Кабанова-Меллердің, С.Л.Рубинштейннің, Н.Ф.Талызинаның т.б. жеке тұлғаға бағытталған және дамыта оқытудың психологиялық теориялары жасалып, оқу үрдісіне енгізілген. Білім берудің жеке тұлғаға бағытталған технологиясына Л.И. Аниферованың, Е.В. Бондаревскаяның, В.С. Ильиннің, М.В. Клариннің, Т.Н. Мальковскаяның, В.В. Сериковтың, И.С. Якиманскаяның, Д.В. Дорофеевтің зерттеулері арналған. Білімнің түрлі салаларындағы ғалымдардың, философтардың, психологтардың, педагогтардың тұлғалық бағдарлы оқыту мәселелеріне деген терең және үздіксіз қызығушылығы да қозғалып отырған мәселенің маңыздылығын дәлелдей түседі. Ол үшін алдымен «тұлғалық бағдарлы оқыту» дегеніміздің не екенін түсініп алғанымыз жөн.

И.С.Якиманскаяның пайымдауынша, жеке тұлғаға бағдарланған оқытуда даралау тәсілі барлық білім беру процесінің негізгі қағидасы болып табылады, оның мақсаты-әрбір жеке тұлғаның мүмкіндіктерін танып, дамыту.

Е.В.Бондоревская жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнында жеке  тұлғаны дамытуға және қалыптастыруға қажетті мынадай 4 компонент міндетті түрде болуы қажет деп атап көрсеткен. Олар: аксеологиялық, когнитивті, шығармашылық-әрекеттік және жеке тұлғалық. Осы жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнының төрт компоненті де негізінен сөйлесу, шығармашылық іс-әрекет арқылы әрбір жеке тұлғаның жекелеген дамытуға жағдай жасауға, өз бетінше шешім қабылдауға және шығармашылығына, оқу әдістері мен мазмұнын таңдауға толық мүмкіндік береді деп тұжырымдайды.

Біздің ойымызша, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту материалды шығармашылықпен меңгеру аясын кеңейтеді және жеке тұлғадан бағдарланған оқытушыдан төмендегідей іс-әрекетті талап етеді:

1) жеке тұлғаның  темпераменті, мінезі-құлқы, көзқарасы, талғамы мен әдеп-дағдыларының жеке ерекшеліктерін үнемі зерделеп, жақсы білуі;

2) жеке тұлғаның ойлау ерекшелігі, қызығушылығы, мүддесі, ұстанымы, бағытталуы, өмірге, еңбекке көзқарасы, құндылық бағыттары, өмірлік жоспары және т.б. сияқты аса маңызды тұлғалық қасиеттерінің нақты қалыптасу деңгейін қадағалап, білуі;

 3) әрбір  жеке тұлғаның өз шамасына сай және біртіндеп күрделене беретін әрі жеке тұлға дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік әрекетке үнемі тартып отыруы;

4) мақсатқа жетуге кедергі келтіретін себептерді уақытылы айқындап, жойып отыруы, ал егер мұны уақтылы істей алмаса, жаңа жағдайларға сай тәрбие тактикасын жедел түрде өзгертуі;

5) жеке тұлғаның өз белсенділігіне неғұрлым көбірек сүйенуі;

6) тәрбие ісін жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуімен ұштастырып, өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын, әдістерін, формаларын таңдауға көмек беруі;

В.В.Сериков ұсынған жеке тұлғаға бағдарланған білім беру тұжырымдамасының мәні төмендегідей:

1. Жеке тұлға дегеніміз - адамның арнайы білім алу және даму аясын білдіретін педагогикалық категория. 

2. Адам "жеке тұлға болу” тәжірибесін, яғни жеке тұлға функцияларын атқара білу тәжірибесін меңгеруі тиіс.

3. В.В.Сериков жеке тұлғаға бағдарланған білім беруге тән заңдылықтарды атап көрсетеді:

 –   жобалау элементі - "тұлға өміріндегі оқиға”, ол кейіннен біртұтас өмірлік нәтижеге айналады. Ал білім тек оның бір бөлігі ғана болып табылады; 

– оқыту адамның табиғи өмір сүру жағдайына жақын бола түседі;

– мұғалім мен оқушының өзара бірлескен әрекеті тұлғааралық, субьект аралық  қарым-қатынас сипатын алады;

– тұлғалық-бағдарлы білім беру әрбір студенттің даралығына, жеке ерекшіліктеріне бағыттала отырып, оқушының жеке даму траекториясын жасауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі қазақстандық білім беру сипатындағы айрықша өзгерістер оны «адамның еркін дамуына»  оның жоғары мәдениетін, шығармашылық белсенділігін, дербестігін, бәсекеге қабілеттілігін, бейімделгіштігін дамытуға бағыт береді. Бұл бағыт өз алдына оқушы тұлғасын қалыптастыруда жаңа тұрғыдан келуді қажет етеді. Тұлғалық–бағдарлы білім беруді педогогикалық қауымның меңгеруі нәтижесінде туындайтын педогогикалық мақсаттардың өзгерісі толық, тұлғалық және әлеуметтік–интеграцияланған  нәтижені анықтау мәселесін алға қойды. Осындай интеграцияланған әлеуметтік –тұлғалық-іс-әрекеттік ұғымның білім берудің нәтижесі ретіндегі жалпы анықтамасы болып мотивациялық–құндылықты, когнитивті, дүниетанымдық,     коммуникативтік «құзырет/құзыреттілік» ұғымы танылады. Бұнда бірінші анықтама, әдетте, белгілі бір аядағы процестер, нормативті міндеттер мен құқықтармен белгіленетін тұлғаның сапаларымен байланыстырылса, екіншісі құзыреттердің практика жүзінде жүзеге асуы, оның нақты іс–әрекетке қатынасынан туындайтын нәрсе болып табылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет