3 дәріс Тақырыбы: Қатты дене механикасы. Тұтас орта механикасы. Тербелiстер мен толқындар. Негізгі сұрақтар



бет1/4
Дата29.09.2023
өлшемі106,6 Kb.
#111849
  1   2   3   4

3 дәріс
Тақырыбы: Қатты дене механикасы. Тұтас орта механикасы. Тербелiстер мен толқындар.
Негізгі сұрақтар:
1. Қатты дененiң инерция моментi және күш моментi.
2. Қозғалмайтын оське қатысты дененiң айналмалы қозғалысы.
3. Тұтас орта механикасы.Сұйықтар мен газдардың қасиеттерi. Бернулли теңдеуi.
4. Ламинарлық және турбуленттiк ағыс.
5.Гармониялық тербелiстер. Еркiн және ерiксiз тербелiстер. Өшетiн тербелiс.
6.Толқындық қозғалыс. Жазық толқын. Қума және тұрғын толқындар.

Кез-келген екi нүктесiнiң ара қашықтығы өзгермейтiн дененi абсолют қатты дене деп атайды.


Қатты денелер iлгерiлемелi және айналмалы қозғалыстарға қатыса алады.
Ілгерiлемелi қозғалыс кезiнде қатты дененiң кез-келген нүктелерi бiрдей уақыт аралығында бiрдей қозғалады. Қатты дененiң кез-келген уақыт мезетiндегi барлық нүктелерiнiң жылдамдықтары және үдеулерi бiрдей болады.
Айналмалы қозғалыс кезiнде қатты дененiң нүктелерi айналу осiне қатысты әр түрлi жол жүредi және сызықтық жылдамдық пен үдеулерi де әртүрлi болады. Сондықтан қатты дененiң айналмалы қозғалысын сипаттау үшiн бұрыштық орын ауыстыру, бұрыштық жылдамдық, бұрыштық үдеу қолданылады. Себебi бұл шамалар айналмалы қозғалыс кезiнде барлық нүктелер үшiн бiрдей.
Қатты дене бiр мезгiлде жоғарыда келтiрiлген екi қозғалысқа бiрден қатыса алады. Мысалы, егер дененiң барлық нүктелерi параллель жазықтықта қозғалатын болса, мұндай қозғалыс жазық қозғалыс деп аталады.
- жазық қозғалыс кезiндегi дененiң толық жылдамдығы.
Қатты дененiң айналмалы қозғалысының негiзгi теңдеуi
Қатты дененiң инерция моментi деп дененiң жеке элементар массаларының, олардың радиус векторларының квадратына көбейтiндiсiнiң қосындыларына тең шаманы айтады. Өлшем бірлігі .
.
Инерция моментi дененiң тегіне және пiшiнiне тәуелдi скаляр шама.
Қатты дененiң импульс моментi – оның инерция моментiнiң бұрыштық жылдамдығына көбейтiндiсiне тең болады.
. , мұндағы: - бұрыштық үдеу.
Қатты дененiң айналмалы қозғалысының негiзгi теңдеуi келесі түрде жазылады:
.
Денеге әсер ететiн сыртқы күш моментi дененiң инерция моментi мен бұрыштық үдеуiнiң көбейтiндiсiне тең болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет