3. Нүктенің қойылатын орындарын жазып шық «Амансың ба,қарағым». Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?



Дата04.12.2022
өлшемі4,21 Mb.
#54681
Байланысты:
СИНТАКСИС №7,8 САБАҚ ТАПСЫРУ 1-НҰСҚА (ЖАЗБАША)

  • Тыныс белгілерін неше принципке сүйеніп қоямыз және оларды ата?

2.Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерін жаз және олар қандай қызмет атқарады?
3.Нүктенің қойылатын орындарын жазып шық
4.«Амансың ба,қарағым». Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?
5.Ескі қол жазбалардың көрінбей өшіп қалған жерлеріне қандай тыныс белгі қойылады?
6.Оқшау сөздерді ажыратып тұру үшін қандай тыныс белгі қойылады?
7.Түсіндірмелі салаласта баяндауыш сондай,сонша, соншалық сөздерінен болса одан кейін қандай тыныс белгі қойылады?
8.Жалғаулықсыз себеп-салдар салаласта салдар мәнді жай сөйлем себеп мәндіден бұрын орналасса араларына қандай тыныс белгі қойылады?
9.Сөйлем ішінде кездескен ұйым,газет,журнал атаулары қандай тыныс белгіге алынады?
10.«Ол өтініп сұрады бермедім».
Тыныс белгісін қой
11.«Заман жаршыларының баспасөз эфир экран үндері құлақтан кіріп бойды алды» Тыныс белгілерін қой
12.Қарағым сен кімнің баласысың деп сұрады Ахан. Төл сөздің тыныс белгілерін қой
13.Сағи былай деп сұрады Ол сенің інің бе. Тыныс белгілерін қой
14.«Мен судан қорқамын»,-деді Омар. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыр.
15.Сізге әдейі амандасқалы келдім, - деді Сәбит. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыр
16.«Айбаланың бірнеше рет жеңге болып сырласқысы келгенін абайлай тұра,Асқар әдейі аңғармағандай болды». Құрмалас сөйлемнің қай түрі? Оның ішінде қай түрі нақты жазамыз
17.«Бұл мәжіліс еңбек айынан басталғандықтан,Абай кейін өзінше түйін түйді». Құрмалас сөйлемнің қай түріне жатады? Оның ішінде қай түрі нақты жазамыз
18.«Сол жақ қабырғадағы тақтайша құлаған кезде,оның зәресі зәр түбіне кетті».
Құрмалас сөйлемнің қай түріне жатады? Оның ішінде қай түрі нақты жазамыз
19.«Хакім кітапты ұстаған күйі,Әбдірахманның сөздерін қыбыр етпестен тыңдады». Құрмалас сөйлемнің қай түріне жатады? Оның ішінде қай түрі нақты жазамыз
20.«Алыстағы Астанаға Нұрбек машинамен кетпек болып,ақыры жол тосуға шықты». Құрмалас сөйлемнің қай түріне жатады? Оның ішінде қай түрі нақты жазамыз
1.Тыныс белгілерін неше принципке сүйеніп қоямыз және оларды ата?
Жауабы: 3 принцип. Грамматикалық,мағыналық,интонациялық
2.Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерін жаз және олар қандай қызмет атқарады?
Жауабы: Нүкте,сұрақ белгісі,леп белгісі көп нүкте-бұлар даралаушы қызмет атқарады
3.Нүктенің қойылатын орындарын жазып шық
Жауабы: Хабарлы сөйлемнен кейін,жай,екпінсіз айтылған бұйрықты сөйлемнен кейін,драмалық шығармада кейіпкердің атынан кейін,адамның аты-жөнінің бас әріптерімен қысқартқан кезде,жыл ,ғасыр,ай атауларын қысқартқан кезде нүкте қойылады
4.«Амансың ба,қарағым». Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?
Жауабы: Леп белгісі
5.Ескі қол жазбалардың көрінбей өшіп қалған жерлеріне қандай тыныс белгі қойылады?
Жауабы: Көп нүкте
6.Оқшау сөздерді ажыратып тұру үшін қандай тыныс белгі қойылады?
Жауабы: Үтір
7.Түсіндірмелі салаласта баяндауыш сондай,сонша,соншалық сөздерінен болса одан кейін қандай тыныс белгі қойылады?
Жауабы: Сызықша
8.Жалғаулықсыз себеп-салдар салаласта салдар мәнді жай сөйлем себеп мәндіден бұрын орналасса араларына қандай тыныс белгі қойылады?
Жауабы: Қос нүкте
9.Сөйлем ішінде кездескен ұйым,газет,журнал атаулары қандай тыныс белгіге алынады?
Жауабы: Тырнақша
10.«Ол өтініп сұрады бермедім». Тыныс белгісін қой
Жауабы: «Ол өтініп сұрады,-бермедім»
11.«Заман жаршыларының баспасөз эфир экран үндері құлақтан кіріп бойды алды» Тыныс белгілерін қой
Жауабы: «Заман жаршыларының-баспасөз,эфир,экран-үндері құлақтан кіріп бойды алды»
12.Қарағым сен кімнің баласысың деп сұрады Ахан. Төл сөздің тыныс белгілерін қой
Жауабы: –Қарағым,сен кімнің баласысың?-деп сұрады Ахан
«Қарағым,сен кімнің баласысың?»-деп сұрады Ахан
13.Сағи былай деп сұрады Ол сенің інің бе. Тыныс белгілерін қой
Жауабы: Сағи былай деп сұрады: -Ол сенің інің бе?
Сағи былай деп сұрады: «Ол сенің інің бе?»
14.«Мен судан қорқамын»,-деді Омар. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыр.
Жауабы: Омар өзінің судан қорқатынын айтты
15.Сізге әдейі амандасқалы келдім, - деді Сәбит. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыр
Жауабы: Сәбит оған әдейі амандасқалы келгенін айтты.
16.«Айбаланың бірнеше рет жеңге болып сырласқысы келгенін абайлай тұра,Асқар әдейі аңғармағандай болды». Құрмалас сөйлемнің қай түрі? Оның ішінде қай түрі нақты жазамыз
Жауабы: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
17.«Бұл мәжіліс еңбек айынан басталғандықтан,Абай кейін өзінше түйін түйді». Құрмалас сөйлемнің қай түріне жатады? Оның ішінде қай түрі нақты жазамыз
Жауабы: Себеп бағыныңқылы сабақтас
18«Сол жақ қабырғадағы тақтайша құлаған кезде,оның зәресі зәр түбіне кетті».
Құрмалас сөйлемнің қай түріне жатады? Оның ішінде қай түрі нақты жазамыз
Жауабы: Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
19.«Хакім кітапты ұстаған күйі,Әбдірахманның сөздерін қыбыр етпестен тыңдады». Құрмалас сөйлемнің қай түріне жатады? Оның ішінде қай түрі нақты жазамыз
Жауабы: Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас
20.«Алыстағы Астанаға Нұрбек машинамен кетпек болып,ақыры жол тосуға шықты». Құрмалас сөйлемнің қай түріне жатады? Оның ішінде қай түрі нақты жазамыз
Жауабы: Мақсат бағыныңқылы сабақтас

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет