31Оқытудың саналылығы мен белсенділігі. Көрнекілік принциптері, беріктігі, ынталандыру, интеграциялау проблемалық принциптер Принцип



бет1/4
Дата11.06.2023
өлшемі1,51 Mb.
#100512
  1   2   3   4

31Оқытудың саналылығы мен белсенділігі. Көрнекілік принциптері, беріктігі, ынталандыру, интеграциялау проблемалық принциптер.. Принцип (латын сөзі) - басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида. Дидактикалық принциптер -оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Оқыту принциптері дидактиканың категорияларына жатады. 
3. Оқытудың саналылық принципі Бұл оқыту принципі оқулықтағы теориялық материалдардың мазмұны мен көлемі оқушылардың жас ерекшелігіне сай, әр оқушының жеке-дара қабілетіне, ақыл-ой өрісінің дамуына және білім көлеміне бейімделіп құрылуын талап етеді. Оку материалдары жеңілден ауырға, оңайдан қиынға қарай баяндау принципімен түсіндіріледі. Яғни оқушылардың бұрын білетін материалдарының негізінде жаңа материалдарды байланыстыра түсіндіру мақсат етіледі. Демек, оқытудың бұл принципі бойынша оқушының мүмкіншілік болады. өз бетімен білім алуына
Саналылық және белсенділік принципі. Өз бетімен меңгерілген білім санаға жақсы сіңеді. Білімді саналы меңгеруге оку желісі, өз бетімен жұмыс, белсенділік, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушының танымдық іс-әрекетін басқару, мұғалімнің әдіс-құралдары көмектеседі. Оқушының өзінің танымдық белсенділігі оқытура аса қажет жағдай және оқу материалын терең және берік түсінуге орасан зор ықпал етеді.
Көрнекілік ұстанымы Бұл ертеден қолданылып келе жатқан принцип. Оның негізіне мынадай ғылыми заңдылық жатады: сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді түрліше қабылдайды. Ең сезімталы - көру мүшелері; Олар арқылы миға енетін ақпараттар окушылардың есінде жақсы сақталады. Кейбір заттарды есте сақтау көрнекіліксіз мүмкін емес
. Оқушылар білімінің беріктігі. Бұл принципте мына заңдылықтар бар: білім мазмұны және оқушылардың танымдық күштерін дамыту оқыту процесіндегі бір- бірімен өзара байланысты бөліктер; оку материалын түсініп есте сақтау оның мазмұнына, оқушының материалмен жұмыс істеуіне, оқытуға, мұғалімге байланысты; білімнің беріктігіне оқытуды ұйымдастыру, оқыту түрлері мен әдістерінің алуан түрін қолдану, оқытатын уақыт әсер етеді. Оқушы есінде қалуға тиісті материалдарды таңдайды, сондықтан оның есінде оған пайдалы және қызықты білімдер ғана жақсы сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет