37. Түркі мәдениетінің әлемдік өркениетке қосқан үлесі
Түркілер керемет рухани мұра қалдырып қана қоймай, материалдық мұралары арқылы да адамзатты таңдай қақтырды. Түркілердің Қытайдағы Вэй династиясына үстемдігі кезінде Юньган және Лунмэня үңгірлерінде керемет скульптуралық мектеп қалыптасқан. Азиядағы керемет монументтерді түркілер еншісіндегі дүниелер деп айтуға болады, олар: Исфахандағы үлкен Жұма мешіті, Түркістандағы Ахмет Яссауи кесенесі, Аградағы Тәж-Махал, Самарқандтағы Регистан және Стамбулдағы Сүлеймен мешіті.
Үндістанның әлемге әйгілі перзенті Джавахарлал Неру түркілердің қала салу өнерін айта отырып, Үндістан үшін түркілер тек жаулаушылар ғана емес, сонымен қоса өз заманындағы керемет архитектура қалыптастырушы құрылысшылар болғанын айтады. Д.Нерудің пікірінше, Ұлы Моғолдардың архитектурасында үнді халқының рухы, парсы поэзиясы және түркі халқының күші мен жігері бар.
Халқымыз алты мың жыл бұрын жабайы жылқыны қолға үйрету арқылы әлемдік дамуға үлес қосты. Бұл жаһандық құрылым, алпауыт империялардың құрылуына ықпал жасады. Ат үстінде садақ тартуды жетілдірді. Қылышты ойлап тапты. Қару-жарақтың құрылымын өзгертіп, оны күрделі, ыңғайлы, қуатты ете түсті. Сарбаздың өзін, мінген атын қорғайтын сауытты алғаш рет ата-бабаларымыз жасады. Атқа отыруға ыңғайлы шалбар тікті. Бүгінгі киім үлгілеріндей былғары етік, бөрік, шапан киді.
Әлемнің қарыштап дамуына ықпал еткен металлургия өндірісі бізден басталған. Өйткені жылқы әбзелдерінің көбі үзеңгі, ауыздық, таға, жүген сияқты бұйымдар металдан жасалады. Осыдан-ақ ежелгі ата-бабаларымыздың темірден түйін түйгенін байқауға болады.
38 Түркі жазба ескерткіштері
Орхон-Енисей жазу ескерткіштері табылған уақыт түркі тілдерінің даму тарихындағы «Көне түрік» дәуірінде сай келеді. Шығыс Түркі құрамында өмір сүрген тайпалар осы Орхон – Енисей жазуын қолданып, осы жазу тілінде сөйлеген. Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінің ең көп табылған жері – Орхон, Енисей, Селенгі және Талас бойы
Енисей ескерткіштері – ескі түрік жазуының алғашқы шығып қалыптасқан, тараған нұсқасы. Бұл жазу біртіндеп Орхон өзені, одан Талас өзені өңіріне тарады. Орхон жазуы көне түркі мұраларының ішінде қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ көне түркі әдеби тілінде жазылған.
Талас жазу ескерткіштері. Талас өзені аңғарынан табылған ескерткіштер «Талас ескерткіштері» деп аталып жүр. алас өзенінің бойынан, Қырғызстан жерінен барлығы 23 ескерткіш табылған. Таластан табылған ескерткіштер көлемі тар көлемі әзірше өте шағын және сан жағынан да аз.
«Қорқыт Ата», «Оғызнаме» шығармаларының мазмұны мен маңызы.
Қорқыт ата кітабы тұңғыш зерттеушісі неміс ғалымы Н.Ф.Диц өзінің "Аталар сөзі" атты түркі мақалдардың жинағында Қорқыттың Оғыз ұрпағынан шыққан, көп халықтардың әулие тұтатынын ескертеді. Зерттеушілердің айтуынша Қорқыт ата кітабы бір жылда жасалған не бір ғана оқиғаға байланысты пайда бола қалған шығар емес,ол халықтардың ауыз әдебиетінде ғасырлар бойы айтылып келген аңыздар мен жырлар негізінде қалыптасқан,ұзақ жылдар қамтитын, тарихи ерлік кезеңдердің туындысы.Ол ертеде жыр, ертегі,әңгіме түрінде өмір сүріп келген, кейін біріктіріліп,үлкен бір эпосқа (жырға) айналған.Қорқыт ата кітабы 12 жырдың қосындысы десек,онда оң шақты ғасыр ішінде өмір сүрген, оң шақты ру, тайпа ұлытарының өткен дәуіріндегі оқиғалар суреттеледі.
Оғызнама – түркі халықтарының ежелгі шежіресін генеалогиялық аңыздар негізінде баяндайтын эпостық дастан.
Шығарма алғаш ауызша туындап, бертін келе қағазға түсірілген. «Оғызнаманың» екі нұсқасы бар: бірі – көне ұйғыр әрпімен 13 – 14 ғасырларда көшірілген, Париждің Ұлттық кітапханасында сақтаулы. Оның көлемі небәрі 42 бет, әр беті 9 жолдан ғана тұрады. Бұл нұсқаны алғаш В.В. Радлов орыс тіліне аударған. Кейін А.М. Щербак тілдік тұрғыдан зерттеп, ғылыми түсініктерін жаза отырып, қайта аударған, ол қолжазбаны түпнұсқа деп танымай, оның көшірмесі деген пікірге келген. Екіншісі – араб әрпімен жазылған, тарихшы, Хиуа ханы Әбілғазы нұсқасы., екіншісі – «Шежіре-и Түрк» («Түркі шежіресі»). Екі шығарма да Оғыз батырдың ерлік жорықтары, ұрпақтарының игілікті істері, оғыз тайпаларының шығу тегі, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, т.б. жайлы жазылған. «Оғызнамада» батыр ұйықтап жатқанда шатырына көктен нұр сәулесінің түсуі, сәуле ішінен көкжал қасқыр шығып, оның қалың қолды бастап жүруі, аспаннан түскен сәуледен сұлу қыздың шығуы секілді діни-мифологиялық көріністер орын тепкен. «Оғызнаманы» ақиқат пен аңызға бірдей негізделген шығарма деп қарастыруға болады
Түркі тілдес халықтардың дүниетанымындағы синкретизмнің көріністері
Синкретизм - "жігі ашылмаған", біте қайнасқан сөз тіркесінің синонимі болып табылатын бұл ұғым, қандай да болсын құбылыстың жетілмеген дамымаған, өзара жіктеле қоймаған бастапқы күйін білдіреді. Бұл ұғым көбінде алғашқы қауымдық немесе архаикалық мәдени кезеңге байланысты көп қолданылады. Өйткені дәл сол мәдени кезеңде мәдениет салаларының жіктелмегендігін байқаймыз. Синкретизмнің мәнін миф, мифологиялық сана өте жақсы анықтайды. Мифтердегі субъект - объектілік қатынастардың жоқтығы, жеке тұлғалық бастаманың көрінбеуі, адамның өзін айналасын қоршаған әлемнен бөліп-жарып қарамауы, т.б. Синкретизм көріністері болып табылады. Архаикалық мәдениеттегі ғылымдардың, өнер түрлері мен наным сенімдердің жіктелінбеген бастапқы біртұтастық күйі архаикалық мәдениеттің синкреттік сипатын танытады. Сондықтан да мәдениет тарихында зерттеушілер алғашқы қоғамдық синкретизм деген үлкен кезеңді айқындайды. Адамзат дамуының бұл сатысында өмір өзінің іріктелмегендігімен, біртұтастығымен бір-бірімен етене тығыс байланыстылығымен сипатталады. Сол мәдени кезеңнің адамдарының дүние танымындағы синкретизм көріністерін алғашқы наным-сенім түрлерінен: фетишизм, анмизм, тотемизм т.б. айқын көруге болады