Жырдың әрбір нұсқасымен танысу



Дата07.01.2022
өлшемі15,67 Kb.
#20139
Байланысты:
Қазақ халық ауыз әдебиеті, 13.02.2021, 11.00,1-курс, ВО


Дәріс№4

Мақсаты:

  1. Жырдың әрбір нұсқасымен танысу.

  2. Жырдың мағынасымен, тәлім – тәрбиелік жақтарын бүгінгі күнмен салыстыра отырып студенттерге меңгерту.

  3. Жырдың құрылымдық жағын саралап сараптау.

Қаралатын мәселелер:

  1. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры қазақтың көне мұрасы

  2. Жырдың көркемдік сюжеті

  3. Жырдағы кейіпкерлер іс-әрекеті

Халық арасына ең мол таралған ғашықтық жыр-«Қозы Көрпеш Баян сұлу» дастанының жазылып алынған бірнеше нұсқасы бар. Қазақтың көне мұрасын жинаушы орыс ғалымдары өткен ғасырда дастанның алғашқы жазбаларын хатқа түсірген В. В. Радловтың өлеңмен жазылған нұсқасы, Е.А. Кастаньенің қара сөзбен баяндалған варианты осындай. Таяуда Пушкин архивынан осы дастанның қысқаша мазмұны айтылған қолжазба табылған. Оны белгісіз бір фольклор жинаушысы Пушкин Орынборға барған кезде оған жазып берген.

Сибирьден шыққан талантты ақын Г. Н. Тверитин дастанның желісін орыс тілінде өзінше жырлап шықты. Дастанның жазылған немесе хатқа түспеген нұсқаларының ішіндегі айтулысы - өткен ғасырда атақты импровизатор ақын Жанақ нұсқасында мал баққан халықтың көшпелі тұрмысы мейлінше толық суреттелген, Қозы Көрпеш пен Баянның тамаша махаббатты да аса талантты түрде жырланған.

Ата- ананың ықтиярымен олар тумай жатып бір- бірімен қосылып қояды. Баянның әкесі – Қарабай мен Көрпештің әкесі – Сарыбай аң аулап жүріп достасады, дүниеге келмеген балаларын атап, құда болысады. Сарыбай аяқ асты ажал табады да, мұны жаман атқа жорыған Қарабай қызымды жетім балаға бермеймін деп алыс жаққа қаша жөнеледі. Оның Ай, Таңсық атты өгей қыздары ел- жұртымен, бесіктегі Қозы Көрпешпен ән арқылы қоштасып, оның қалыңдығы Баянның махаббатына дақ түсірмеуге серт етеді.жылдар өтеді. Баян асқан сұлу қыз болып өседі. Ай, Таңсықтың ән- жырының әсерімен ол Қозыны күтіп жүреді. Бірақ баянның сараң, қарау, малқұмар әкесі Қарабай қызын Қодарға бермек болады. Қодар Қарабайдың тоқсан мың жылқысын шөлден құтқарады. Қодар образы – мал бағу, мал өсіру еңбегінің бейнесіндей. Бұл ретте ол орыс эпосында жерн шаруашылығы еңбегінің алынатын Микула Селяниновичпен алуандас. Бірақ қара күші көп Қодардың Баяннан дәмелі болған есерлігі де дастанда қатты әжуа етілген.

Қозы Көрпешті ешқашанда көрмеген Бая оны сырттай сүйеді. Және оның келуін аңсап күтеді. Осы сүйіспеншілікті суреттеуге және қалыңдығын іздеп сапар шекен Қозы Көрештің бастан кешірген оқиғаларын, сағыныш жырлауға дастанның ең үздік шумақтары арналған. Аңсаған ғашықтар бірін- бірі тауып қауышқан кезде Қарабай мен Қодар опасыздықпен Қозыны өлтіреді. Бұл қайғыны көтере алмаған баян Қодарды өлтіріп, өзіне де қанжар салады. Қодар өлгеннен кейін де ғашықтарға тыныштық бермейді. Қозы мен Баянның моласының үстінен өскен қызыл гүлдің ортасында көк тікенек шығады. Ол – Қодар бейнесі.

Жырдың Жанақ нұсқасында сараң да қарау Қарабайдың кекшіл, қара жүрек Қодардың, махаббаттан айнымас, адал Баян мен Қозының образдары жан- жақты әрі тұтас күйде жасалған. Қазақтардың көшпелі тұрмысы, рулық коллективтегі адамдардың өзара бейнеленген, табиғат суреттері де әсерлі әрі мол қамтылған.

Дастан он бір буынды қара өлең ұйқасымен шығарылған. Бірақ эпикалық баяндау сарынына тұрмыс- салт жырларының үлгілері жиі араласып отырады. Қазақ фольклорының шағын формаларын өз бойына дәл осы дастандай мол жинаған көне шығарма жоқ болар. Онда үйлену – салт жырларына жататын «жар- жар» да, «қоштасу» да, «естірту» де, «жоқтау» да бар. Бұлардың бәрә- бәрі дастанның сюжеттік желісіне қабыса кірігумен бірге дербес көркем шығармаға тән қасиеттерді де танытады.

Бұл дастан рулық әдет- ғұрып жағдайында, соның қатал салты нәтижесінде құрбан болған, сүйіскен жастардың таргедиялы тағдырын жыр етеді. Ол махаббат ештеңеге де тәуелсіз, азат сезім екендігін жырлайды, қара түнек өткеннің қатыгездігін, масқара салт- ғұрыпты әшкерлейді, жастарды өз бақыты жолында күресе білуге шақырады. Дастанның халықтық қасиеті де осында.


Пысықтау сұрақтар:

  1. Қозы Көрпеш Баян Сұлу жырының бүгінгі күнге дейін неше нұсқасы жетті?

  2. Жырдың құрылымдық ерекшеліктерін ата?

  3. Жырдағы басты кейіпкерлердің бірге болмау себептерін айт?


Әдебиеттер:

1.Ғабдуллин. М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. А-1974ж



2..Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті А-1977ж

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет