3D – модельдеудің ең алғашқы кезеңі және ең негізгісі, бұл барлық фигураларды нақтылау (детализация).
SketchUp – америкалық @Last Software фирмасының 1999 жылы жасап шығарған компьютерлік өнімі. 2006 жылға дейін бұл программаның 2 нұсқасы жасалды. 2007 жылы SketchUp программасын Google корпорациясы сатып алды. Оны әрі қарай дамыта отырып, SketchUp 6 нұсқасын жасап шықты. SketchUp (sketch – эскиз, up – жоғары) – меңгеруге оңай, интерфейсі басқа программаларға қарағанда әлдеқайда жеңіл графиктік программа.
«Тяни/Толкай» (Тарту⁄Итеру) – объектілерге үшөлшем беретін құрал. Таңдаған екіөлшемді фигураны тартқанда, созылып биіктікте пайда болады. Вращение (Айналдыру) – объектіні толықтай немесе оның белгілі бір бөлігін айналдырады.
Следуй за мной (Соңымнан ер) – «Тяни/Толкай» сайманының жетілген түрі десек те болады. Объектіні белгілі бір бағыттарға бұрады.
Масштабирование (Масштабтау) – объектінің өлшемдерін немесе пропорцияларын өзгертуге арналған.