Әңгімелесу- ол оқытудың диалогтік әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластыратын сұрақтар жүйесін беру арқылы біртіндеп оларды жаңа материалды түсінуге әкеледі немесе бұрын оқылғандарды түсінген , түсінбегендерін тексереді.
Әңгімелесу әдісін кейде сұрақ-жауап әдісі деп те атайды.Ғылымда әңгімелесу әдісінің үш түрі көрсетіп жүр: Хабарлау әңгімелесу,Эвристикалық әңгімелесу,Жаңғырту әңгімелесу
Әңгіме әдісі: -Әңгіме оқушылардың адамгершілігіне көмектесу керек
-Әңгімеде ғана дәлелді және ғылыми тұрғыдан тексерілген фактілер болу керек
-Әңгіме нақты жүйелі болуы керек
2.Жазуға үйретуге байланысты жүргізілетін жұмыстар. Әліппе кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс. Бала сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді дұрыс түсініп,күнделікті өмірде қолдана алатын дәрежеге жетуі тиіс.Әдетте,мұғалім жалпы жазу жұмысын ,оның ішінде сауатты жазуды бастаудан бұрын сыныппен біршама дайындық жұмысын жүргізуі тиіс. Ондай даярлық жұмыстары жаза білу икемділіктерін меңгеруге керекті дәстүрлі ережелерді қамтиды.Жазуды жазылуы оңай әріптермен бастап, жазылуы қиын әріптерді жазуға біртіндеп көшкен дұрыс.Оқушының жазуын елемеу деген сөз емес.Оқушының әрбір жазба жұмысын бағалауда,оның сауаттылығын арттыру керек.
Оқушыларды көркем жазуға үйретуде үш нәрсені басшылыққа алу қажет.
1.Әріптерді мәнерлі жазу,әріптердің өзара байланысын білу
Әліппе кезеңінде әріптерді жазып үйренеді.Әріптің толық таңбасы оның элементтерін ретімен жазу арқылы орындалады.Әріп элементтерін ретімен жазып үйрену.Біріншіден,неше элементтер тұратыны.Екіншіден ,ол әріпті қай жерден қалай бағыттап жазуды меңгеру.Жазуға үйретудің алғашқы күнінен бастап балаларды «үзбей жазуға» дағдыландыру қажет. Тұтас әріпті үзбей жазғанда оның әр элементін жазудағы қимылдың аяқталуы келесі элементтің басталатын жерінде бітіп,әрі қарай келесі элемент жалғасады.
«Басып жазу» жаттығуы. Дәптерге әріптерді қарындашпен жазады немесе әріп таңбаларын нүктемен белгілейді,ал оқушылар үстін басады. Әр түрлі зат бейнесін,геометриялық фигураларды «штрихтау» баланың қолын жаттықтырады, сөйлеуі мен ойлауын белсендіреді.
3.Оқушыларды жаңа дыбыспен, әріппен таныстыру тәсілдері.