27.Ішке арналған қатты даналы дәрілік түрлер үшін біріншілік орауыштың қандай материалы және конструкциясы барынша лайықты? Таблеткалар-ішке,сыртқа ,тіл астына,тіл астына қолдануға арналған дәрілік және көмекші заттардың қоспасын пресстеу арқылы алынған дәрілік форма.
Орау материалдарына қойылатын маңызды талаптардың бірі-таблеткаларды жарықтан ,атмосфералық ылғалдан ,атмосфералық оттектен және микробтардың латануынан қорғау.Таблеткаларды орау үшін қазіргі кезде қағаз,картон,металл,әйнек сияқты дәстүрлі орама материалдары қолданылады.Олармен қатар целлофаннан,полиэтиленнен ,полистиролдан,полипропиленнен,поливинихлоридтен жасалған пленкалық қаптамалар және олардың негізінде жасалған әр түрлі аралас пленкалар кеңінен қолданылады.
Ламинаттталған қағаз т.б орауыш түрлері қолданылады.
28.Сұйық және тұтқыр дәрілік түрлердің жіктелуін беріңіз: тағайындалуы бойынша, еріткіштің табиғаты бойынша, дисперстік жүйесі бойынша; Сұйық дәрілік формаларды дайындауға қолданылатын еріткіштер белгелі бір талаптарға сай болуы керек,соның ішінде:еріткіштердің еріткіштік қасиеті жоғары болуы керек;еріткіштер химиялық және формокологиялық индифферентті болуы керек;еріткіштер микроорганизмдердің өсуіне тұрақты болуы керек;жағымсыз иісі мен дәмінің болмауы;еріткіштер арзан және қол жетімді болуы керек.
Сұйық дәрілік түрлер-дәрілік зат сұйық дисперстік ортада еріген жүйе.Дисперсологиялық жіктелуі бойынша сұйық дәрілік түрлер еркін дисперстік жүйеге жатады.Сұйық дәрілік түрлердің келенсі белгілері бойынша бірнеше топқа жіктеледі:қолдану тәсілі бойынша;дисперстік фазаның ұнтақталу дәрежесі және оның дисперстік ортамен байланысы бойынша;еріткіштің құрамы мен табиғаты бойынша.Сұйық дәрілік формалар олар сұйық дисперсиялық ортада дәрілік заттар бөлінетін бос дисперсті жүйелер.Бұл нысандардардағы дәрілік заттар үш агрегеттық күйде болуы мүмкін:сұйық ,қатты және газ тәрізді.Дисперсті фазаның бөлшектерінің мөлшеріне және оның дисперсиялық ортамен байланысының сипатына байланысты сұйық дәрілік формалар төмен молекулалық және жоғары молекулалық заттардың шынайы ерітінділері,коллоидты ерітінділер,суспензиялар,эмульсиялар және аралас жүйелер-әдетте жоғарыда аталған жүйелердің қоспалары,көбінесе экстракциялық дәрілік формалар болуы мүмкін.