№4 (212) 03 наурыз 2015 жыл



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата03.03.2017
өлшемі1,96 Mb.
#6738
  1   2   3   4   5

№4 (212)

03  наурыз

2015 жыл

Ел ер


Әйел –ана, әйел – Әлем, әйел – Нұр!

Ұстазым – ақылшым

Құттықтау!

 

Құрметті  Әз-аналар,  аяулы  әпкелер, 



сүйкімді де сұлу қарындастар! 

Сіздерді 

облыстық 

балалар 


мен 

жасөспірімдер  газетінің  ұжымы  8-Наурыз 

Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен 

құттықтайды.  Көктемнің  алғашқы  мерекесі 

әр  шаңыраққа  құт-береке  алып  келсін. 

Отбасыларыңызға  амандық,  еңбектеріңіз 

жемісті  болсын.    Арайлап  атқан  әр 

таңдарыңыз шуақты болғай!



Сіздерге деген ақ ниетпен: «САМАЛ»

МерекеңМен – 

анашыМ!

 

Ана!  Осы  бір  ауыз  сөздің 



қауызында  қаншама  мағына 

жатыр  десеңізші.  Әлемнің 

амандығын  тілейтін  әр  ана 

бақытқа лайық. Менің анамның 

аты  –  Гүлсінай.  Оның  мен 

үшін  өмірде  орны  бөлек.  Мен 

қуансам,  ол  шаттанады.  Мен 

мұңайсам  көзіне  жас  келеді. 

Менде 

анамды 


барынша 

ренжітпеуге  тырысамын.  Сабағымды  жақсы 

оқимын. Үй шаруасына көмектесемін.

Анашым!  Мен  сізді  аналар  мерекесімен 

құттықтаймын.  Жаныңыз  қашанда  нұрға  толып 

жүрсін.


Әсем ТӨЛЕУОВА

А. Байтұрсынов атындағы ЖОББМ-нің

4 «е» сынып оқушысы

Ана-өмірдің гүлі

Ана-  тіршіліктің  гүлі,  отбасының  берекесі, 

бүкіл  адамзаттың  тәрбиешісі.  Өмірде  анаға 

деген  сағыныш,  оның  ыстық  мейірімге  толы 

жылы құшағын аңсамайтын адам бола қоймас. 

Күннің  шуақты  сәулесіндей  ыстық  ана  жүрегі, 

одан  туындайтын  ананың  махаббаты  әр  перзент  үшін  қажет.  Сондықтан 

баршамыз  ана  атына  кір  келтірмей,  оларды  ардақ  тұтып  құрметтеуіміз 

керек.


Әркімнің ақ жаулықты анасы бар,

Бәрің де ана алдында баласыңдар,

Анасы ақ жаулықты төрде отырса,

Ұяда береке бар, жарасым бар,-дей отырып мен өз анамды және барлық 

аналарды, әпке, сіңілерімді көктемнің алғашқы мерекесімен шын жүректен 

құттықтаймын. Әрдайым аман болыңыздар асыл жандар!



 Мейрамбек САҒИДОЛЛАЕВ

Мұхит атындағыЖОББМ-нің 4 «в» сынып оқушысы

Қаратөбе ауданы

Анамның аялы алақаны

Мен анамды қатты жақсы көремін. 

Мамам 


 

маңдайымнан 

иіскеп,  

«құлыным»,-десе  мен  күшті  боп 

кетемін.  Мен  мамамның    алақанының 

жылуын  бірден  біліп  қоямын.  Анам 

үйде болғанда бәріміз көңілді жүреміз. 

Ол  бір  жаққа  кетсе  үйіміз  біртүрлі 

болады.  Аналарды  сыйлауды  бізге 

ұстазымызда айтып отырады. 

Анашым!  Мен  Сізді  8  Наурыз 

мерекеңізбен  құттықтаймын.  Біздің 

қасымызда  аман-есен  әрқашан  күліп 

жүріңіз. 



Аңсар ЕРНАҚОВ

Таран НЖОББМ-нің 

2-сынып оқушысы  Теректі ауданы

Мектебім – мақтанышым

Мен,  кішкентай  ғана  ауылда  тұрамын.  Казталов  ауданынына  қарасты 

Қоныс  ауылының  тұрғынымын.  Әрбір  бала  өз  туған  жерін  мақтан  етеді. 

Біздің ауылда мақтан етерліктей, өнеркәсіп немесе фабрика жоқ. Бірақ, мен 

мақтан ететін менің мектебім. Ол – Қоныс орта жалпы білім беретін мектебі. 

Мен бұл мектепке алғаш келгенде, жазуды, оқуды білмедім. Алғаш мектеп 

табалдырығын  аттап,  білім  нәрімен  сусындатып  оқып  келемін.  Қазір  мен 

үшінші сыныпта оқимын. Оқу озатымын. Қазіргі жеткен жетістігім, ұстазымның 

және мектебімнің арқасы. 

Мектебім шағын, кішкентай болғанымен, балалар үшін жылы ұя. Мектепте 

әр апта сайын әр түрлі сайыстар, апталықтар өтіп тұрады. Көңілді шаралар ұйымдастырылып 

отырады. 

 Біздің мектептен білім алған аға-апаларымыз қазіргі таңда әртүрлі мамандық иелері. Бірі 

ұстаз,  ал  енді  бірі  –дәрігер  немесе  аудан  әкім  орынбасары  немесе  ауыл  әкімдері  шыққан. 

Осындай  жетістікке  жеткені  мектебіміздің  арқасы  деп  ойлаймын.  Мен  мектепті  жақсы  оқып, 

бітіргеннен кейін мектебімді асқақтатып атын шығарсам деймін.



Айкөркем ЕРЖАНОВА

Қоныс орта мектебінің 3-сынып оқушысы

Казталов ауданы

Менің алғашқы ұстазым

          Мен  алғаш  мектеп  табалдырығын  аттап  кірген  сәтімде 

күлімдеп  қарсы  алған,  қолымнан  жетектеп  партаға  отырғызып, 

«Әліппе» кітабын ұстатқан, алғаш әріп үйреткен — менің сүйікті 

де ең алғашқы ұстазым -  Мензипа апай.

    Менің  сыныбымда  14  оқушы  бар.  Сынып  жетекшіміз  

бәрімізді  өз  балаларындай  жақсы  көреді.  Біз  қуансақ,  ол  да 

қуанады, біз мұңайсақ, ол да мұңаяды. Ол – біздің ақылшымыз 

әрі тәрбиешіміз.

      Мен  үшін  ұстазым  ең  биік  тұлға.  Менің  үлгілі  оқушы,  оқу  

озаты болуыма апайымның көмегі өте көп. Ол маған әрқашанда  

жақсы оқы, білімді бол дейді.

   Менің ұстазым — ешкімге ұқсамайтын еңбекқор, білімді, мейірімді жан. Бәрімізді өз 

баласындай көріп, ақыл айтып, көп нәрселерді үйретіп жүретін осы жанның орны біз үшін 

қашанда ерекше. Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы бір адам болса, ол — алғашқы 

ұстазың. Мен апайымды көктемнің шуақты күніндегі алғашқы мерекесімен құттықтаймын. 



Мергүл МАРАТҚЫЗЫ

С.Есетов атындағы ЖОББМ-нің

3-сынып оқушысы Казталов ауданы

Менің анам

       Әлемде ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай 

қателік жасаса да кешіре біледі. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ананы 

құрметтеп, қастерлеу – әрбір баланың борышы.

          Менің  анам  өте  мейірімді.  Әрқашан  ақылын  айтып  отырады. 

Сабақтан келгенде күлімдеп қарсы алады. Мен анамды өте қатты жақсы 

көремін. Анамның жүзінен күлкі, қуаныш нұры кетпесін тілеймін!



Жайхат САРИЕВ

Е. Ниетқалиев атындағы, ЖББОМ-нің 3-сынып оқушысы

Қамысты ауылы,Жәнібек ауданы

Ұстаз жүрегі мейірімге 

толы, 

жаны 


жұмсақ, 

шуақты,  жылы  шырайлы, 

білімді,  әрқашан  жақсы 

жолға  бағыт  сілтейтін, 

ақылгөй  жан.  Мектеп- 

алтын  ұямыз  болса,  ұстаз  –  екінші 

анамыз. 

    Ең алғаш жарық дүниеге келгенімде 

анамның  жылы  құшағына  бөленсем, 

ал  ең  алғаш  мектеп  табалдырығынан 

аттағанымда, 

партаға 


жетектеп 

отырғызып,  қолыма  қалам  мен  дәптер 

ұстатып, әліппені оқытқан ұстазым. 

          Ұстаз  бейнесі  –  шәкірт  үшін 

адамгершіліктің  үлгісі.  Ұстазым  Гүлжан 

Абзалқызына  жүрек  жарды  өлеңімді 

жолдаймын:

 Шәкіртіңмін кеудем толы күш жалын,

Алға тартып, арман жолын нұсқадың.

Жүремін мен жүрегіңнен от алып,

Келеді менің бір өзіңе ұқсағым.

 Альбина КӨПТІЛЕУОВА

 «Григорьев мектеп – балабақша 

кешені» КММ-нің

4 «А» сынып оқушысы, Бөрлі ауданы

   Анаға қарап қыз өсер

 Дүниедегі ең қымбат   адам  ақ  жаулықты ана. Дүниедегі  ең  

тәтті    сүт-    ананың          сүті.    Ана    деген    ардақты,  баласына    ең 

қамқор   адам. Ананың    бойындағы  жақсы    қасиеттері  баласына   

дариды.  Мен  өз  анамның   барлық   жақсы   қасиеттерінен        үлгі  

аламын.    Адам      ақылымен,  мейірімділігімен      барлық    істерді   

үйретеді.Мысалы   үлкенді  сыйлауға,кішіні   қамқорлауға , іс тігуге,  

тазалыққа,тамақ    дайындауға      үйретеді.  Мен    анамды      жақсы   

көремін және   аналарға   ұзақ   өмір  тілеймін.

Iңкәр МАХМЕТ                                                                                                            

Харькин ОЖББМ-нің  2-сынып оқушысы

Ақжайық ауданы

Жанғали Әлімжан

№22 ЖОББМ-нің 1-сынып оқушысы



Жанаталап Эльназ

№19 ЖОББМ

2 «ә» сынып


№4 (212)    03.03.2015 ж.

2

Ағымдағы ақпарат

Қамқорлық акциясы



Ақсай  қаласындағы  №1  мектеп  балабақша-кешенінде  республикалық 

жалпыға міндетті білім беру айлығы мен «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы 

әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы және қолайсыз отбасылардың, 

ата – ана қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетілді.

Мектеп жасындағы міндетті орта біліммен толық қамтамасыз ету үшін оқу жасындағы 

балалардың тізімін жасақтап, анықтау рейд жұмыстары  жүргізілді. Акцияға мектеп ұжымы 

да белсене ат салысып, мұқтаж оқушыларға барынша көмек қолын ұсынды. «Конденсат» 

акционерлік қоғамы  мүгедек және мүмкіндігі шектеулі балаларға көмегін берді. Осындай 

акция барысында жақсылық танытқан барлық қайырымды жандарға алғысымыз шексіз.



У.ЧУНГУЛЬБАЕВА,

№1 мектеп балабақша-кешенінің әлеуметтік педагогі 

      Ақсай қаласы, Бөрлі ауданы

Бастауыш 

мектептегі аймақтық 

семинар


     Қайшақұдық бастауыш мектебінде «Бастауыш 

мектепте  әдістемелік  бірлестік  жұмысын  тиімді 

ұйымдастыру» тақырыбындағы аймақтық семинар-

практикум  өткізілді.

          Семинардың  мақсаты 

бастауыш 

мектептерде 

әдістемелік 

бірлестіктің 

жұмысын  тиімді  ұйымдастыру 

жолдарын жетілдіріп, бастауыш 

мектептегі ағылшын тілі пәнінің 

ерекшеліктеріне түсіндіріп, жас 

мамандарға әдістемелік көмек 

беру болатын.

        Аймақтық  семинар-

практикумға 

 

Казталов 



аудандық  білім  беру  бөлімінің 

гуманитарлық  пәндер  әдіскері 

Ахинбасов  Қуанышбек  Абдуллаұлы,  Талдыапан 

ОЖББМ-нің  оқу  ісі  меңгерушісі,  бастауыш  сынып 

бірлестік жетекшісі және сол аймақтағы Бейістерек, 

Никонор  бастауыш  мектептерінің  меңгерушілері 

мен жас мамандары қатысты.

     Семинарды Қайшақұдық бастауыш мектебінің  

меңгерушісінің міндетін атқарушы Л.Муканова  кіріспе 

сөзімен  ашты.Содан  кейін,  1-  сынып  оқушылары 

қос  тілде  «Мектебіміз  үйретеді»  әнін  орындады. 

Семинардың  практикалық  бөлімінде  ағылшын 

тілінің  мұғалімі  А.Каргапольцева  2-  сыныпта 

ағылшын  тілінен  «Funny  English»    тақырыбында 

сабақ көрсетті.Үш тілді қатар меңгерген оқушылар 

сабаққа 


қызығушылықпен 

қатысты.Сабақ 

тартымды  әрі  мазмұнды  өтті.  Одан  кейін  2-3-4 

кіріктірілген  сыныпта  жас  маман  Ж.Атауованың 

ұйымдастыруымен  «Білім  –  жанып  тұрған 

шырақ»  тақырыбында  сыныптан  тыс  сайыс  сабақ 

өткізілді.Оқушылардың  білімі  мен  шапшаңдығы 

сарапқа  салынған  сайысты  әділқазылар  бағалап, 

грамоталармен марапаттады.

    Семинардың теориялық бөлімінде Қайшақұдық 

бастауыш  мектебінің    меңгерушісінің  міндетін 

атқарушы Лариса Мұканова өзінің іс-тәжірибесімен 

бөлісіп,  іс-құжаттарын  көрсетті.  «Бастауыш 

мектепте  әдістемелік  бірлестік  жұмысын  тиімді 

ұйымдастыру»  тақырыбында  баяндамасында 

тыңдалды.  Қорытынды  бөлімінде  қатысушылар 

пікірлерін  ортаға  салып,  аудандық  білім  бөлімінің 

әдіскері Қ.Ахинбасов ұсыныстарын білдірді. 

        Осылайша  семинар  барысында    шағын 

жинақталған 

бастауыш 

мектепте 

жаңадан 

енгізілген  ағылшын  тілінің  өз  деңгейінде  жүріп 

жатқаны  ,  бүлдіршіндердің  кішкене  жастан  үш 

тілде меңгергендері көңілді қуантты. Ал, мектептегі 

бірлестік  жұмысының    жүйелі  қызметі  жас 

мамандарға бағыт алуға көмектесті.



  ШынарТЕМІРҒАЛИЕВА

 Казталов аудандық білім беру бөлімінің

бастауыш сынып әдіскері

«Ауған-ерлік пен естелік»

«Ел атағын ер ақтар, ер атағын ел сақтар» Бауыржан  Момышұлы  атамыз 

айтқандай  он  жылға  созылған,  байтақ  елдің  тыныштығын  бұзған  Ауғандағы 

сұрапыл    соғыстан    Кеңес  әскерлерін    шығарылғынына  міне  биыл  26  жыл 

толып отыр.Әр жыл сайын  осы мереке мектебімізде кездесу кештері мен түрлі 

патриоттық  шаралар  дәстүрге  айналып, 

жалғасын  табуда.Солардың  бірі  «Ауған-

ерлік  пен  естелік»  тақырыбында  9-11 

сынып аралық әскери-спорттық сайысымыз 

оздырылды.

Ерлік-елдің  туы.  Ер  қуаты  қару  болса, 

ел қуаты батырлары, сақадай сарбаздары,-

деп  дана  халқымыз  айтқандай,  ел  үмітін 

ақтайтын,болашақ 

оқушыларымыз  

белсенді  қатынасып,    саппен  сәлемдесу, 

ән  айту  жеке  орындалатын  жаттығу 

түрлерінен, АК- 74  автоматын  бөлшектеу, 

жинастыру,  оқжатарды  бөлшектеу  ,жинастыру,жалпы  әскери  қорғаныс  киімін 

уақытқа кию, нысанаға ату, кір тасын  көтеру секілді  бөлімдерден   тайсалмай 

өтіп, қорытындысында  І-взвод 11 сынып І орын ,  ІІ –взвод  тобы 10 сынып ІІ 

орын, ІІІ  взвод  тобы  9-сынып  ІІІ орынды  иеленіп, сайыс  өз мәресіне жетті.  Бұл 

сайысымызға ауған ардагерлері шақырылды. Ауған  ардагерлерінің  орны қашанда 

бөлек. Олардың күш-жүгеріне, ақыл-парасатына бүкіл әлем бағынған. Сондықтан 

да халқымыз « жердің қорғаны, елдің тұтқасы» деп ерекше  ардақтаған.

Арыстан  келбетті,  жолбарыс  жүректі,қырандай қырағы , намысқой,  ер   мінезді 

азаматтарымызға    жігерлеріңіз    мұқалмасын,  асқақ    шыңдарды      бағындырып, 

қонар  тұғырларыңыз  биіктей  берсін дегім  келеді.

Нұрлыбек  ИЛЬИЯСОВ

Алғабас  ОЖББ  мектебінің

АӘД  пәнінің оқытушы –ұйымдастырушысы

Алғабас  ауылы,Ақжайық ауданы

«Ашық сабақтар» фестивалі

Алмалы орта жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары да жас жеткіншектердің бойына ұлттық 

тәрбиені сіңіріп, әлемдік деңгейде білім беру бағытында жұмыстануда. Мектебіміздегі политехникалық 

пәндер бірлестігінде жаңа озық технологияларды пайдаланып сабақ өткізу, әріптестермен іс-тәжірибе 

алмасу қалыптасқан дәстүр іспетті.              Бірлестік отырысында «Ашық сабақтар» фестивалінің 

мақсат,  міндеттері  айқындалып,  жоспар  құрылды.  Оқушылардың  құзіретті  білім  алуда  ізденуге, 

білімдерін өз тобында қолданып, қажет уақытында дұрыс, тез шешім қабылдауға дағдыландыру және 

қабілетіне қарай мамандыққа тәрбиелеуді әр ұстаз жақсы түсінеді.  Осы мақсатта жоғарғы санатты, 

физика пәнінің мұғалімі Е.Танатова 8 – сыныппен өткізген «Өткізгіштерді тізбектей және параллель 

қосу»  тақырыбындағы  оқушылар  арасында  формативті  бағалау  туралы  түсінік  қалыптасып,  іс-

тәжірибеде қолдану жолдарын үйренді.                                                  Ал математика пәнінің мұғалімі 

А.Аманғалиева «Келтірілген квадрат теңдеу» атты сабағында СТО технологиясының «Топтастыру», 

«Семантикалық  карта»  стратегияларын  пайдаланып,  оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын 

арттырды.    Р.Жұмағазиеваның  «Сан  модуль»  және  жас  маман  Г.  Сақипованың  «Жай  бөлшектерді 

қосу»  тақырыбындағы  сабақтары  арқылы  топқа  бөлінген  оқушылар  бір-біріне  сұрақ  қою  арқылы 

есептердің  шешуін  дұрыс  тауып,  логикалық  тапсырмалардың  жауабын  тез  айтуға  дағдыланды.  

8-сыныпта  технология  пәнінен  өткен  «Бірінші  тағам  дайындау  технологиясы»  сабағында  дәмді  ас 

әзірлеу тәсілдерін үйренсе,        6-сыныпта бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі А.Мажитованың «Эпостық 

жырларға иллюстрация жасау» сенімдері қалыптасты.                                                                                                       

Бірлестік  жетекшісі  Р.Жұмағазиева  «Ашық  сабақтар»  фестивалін  қорытындылай  келе,  ата-ана, 

мектеп,  мұғалім  үш  жақты  бірлесіп  жұмыстанғанда  ғана  білім  бәсекесінде  қабілетті,  саналы  ұрпақ 

тәрбиеленетінін айтты.                      



Жанаргүл ХИБАШЕВА

                                                                                    Алмалы ОЖББМ-нің технология пәнінің мұғалімі, 

Ақжайық ауданы

Танымдық пәндер апталығы

Мектебінде  химия,  биология,  география  пәндерінен  экологиялық  мазмұнды  тақырыптарды 

қамтып, экологиялық білім беру бағытында он күндік  өтті. 

Бұл шараны химия пәні мұғалімі К.Мусиева, география пәні мұғалімі А.Тезина, биология  пәні 

мұғалімі К.Бикжанова ұйымдастырды. Жасөспірімдерді салауаттылыққа,өмірді сүюге, қазақ елінің 

байлығын бағалайтын,табиғатын аялайтын,табиғи ортаның біртұтастығын түсіне білетін,елжанды 

жас ұрпақтарды тәрбиелеу бағытындағы танымдық он күндікте, «Жас химиктер» ойыны,тренинг, 

конкурстар,интелектуалдық ойындар  өтізіліп, 5-9 сынып оқушылары өз білімдерін көрсетіп,жүзден 

жүйрік  оқушылар  сараланды.Осы  шаралардың  ішінде  ең  әсерлі  өткені  –конкурстар  әртүрлі 

ойындар  қамтылып,өлкетану  бағыттарында  ойша  саяхат  жасалды.  Қорытындысында    белсене 

қатысқан оқушылар  дипломмен  марапатталды.

Жалғасын  тапқан  жақсы  шара  «Өзін-өзі  тану»пәнінің    онкүндігіне  арналған  «Өзін-өзі  тану 

педагогиканың  сүйіспеншілігі  мен  шығармашылығы»  атты  іс  –шара  болды.    Республикалық 

«Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» жобасы  аясында 

жүзеге асырылып келе жатқан бұл пән оқушыларды ізгілік қасиеттерге, адамгершілікке баулиды. 

Осы шараның алғашқы күнін  салтанатты  ашылуын Қанай мектебінің тәрбие жұмысы жөніндегі 

орынбасары  К.Мусиева  бастады.Өнкүндіктің  бірінші  күні  кітапханашысы  Ж.Нурмукашева 

С.Назарбаеваның  «Өмірі  мен  шығармашылығы»тақырыбында    баяндама  оқып,    және  «Сара 

Алпысқызының  жетістіктері  туралы»  слайд  көрсетіп  оқушылармен  пікір  алысты.  Мектеп 

кітапханасында      «Мейірім  төгетін  ана»  атты    кітап  көрмесі  ұйымдастырылды.    Қазақ  тілі  пәні 

мұғалімдері Г.Сапиева мен Г.Ердаулетова «Алтын жүректі анамыз» атты мәнерлеп оқу байқауын 

өткізді.


 О. МҰҚАШЕВА

Қанай  мектеп  балабақша кешенінің  тәлімгері Бөрлі ауданы

Білім- адам баласының 

ортақ қазынасы...

Қазіргі    дамыған  ХХІ  ғасырда  білім  саласына  көптеп 

өзгерістер енгізіліп, мектеп жұмысы  мен оқушы жетістіктерін 

өрістетудегі басты тұлға  мұғалім болғандықтан,мұғалімдердің 

кәсіби  білімін    жетілідіріп,  шығармашылықтарын    шыңдау 

мақсатындағы өткізіліп жатқан тың шаралар  аз емес. Соның 

бірі  Алғабас  орта  жалпы  білім  беру  мектебінде  математика 

пәнінің мұғалімі  Нағима Серікқалиқызының ұйымдастыруымен 

өткен  «Менің  мамандығым:  алғашқы  қадамдар  мен  алар 

асулар» атты  жас мамандар байқауы болды.

Жас  мамандар  байқауына  биология  пәнінің  мұғалімі  

А.Нұрғожина, химия пәнінің мұғалімі Г.Аманова, өзін- өзі тану 

пәнінің мұғалімі  Б.Мұқаналиева, информатика пәнінің мұалімі 

Д.Сарсенғалиев педагогикалық шеберліктерін ұштай отырып, 

сыр  сұхбат,ой  шашу,  эссе  арқылы  өз  шығармашылықтарын 

көрсете  білді.Сонымен  қатар,  жас  мамандар  тест  сынағын 

тапсырып,өз  пәндері  бойынша  жаңа  технология  әдістерін 

тиімді  пайдалануда  интер  белсенді  тақта  арқылы  ашық 

сабақтар шеруін өткізді.

Сайыстың  қорытындысында  мектеп  директордының  оқу 

ісі  жөніндегі  орынбасары  Жанна  Бақытжанқызы  оқытудың 

озық  түрлерін  қолдана  отырып  жұмыстанған  әріптестеріне 

ризашылығын білдірді. 

Байқау  қорытындысында  биология  пәні  мұғалімі  Айдана 

Нұрғожина  өз  шеберлігін  көрсетіп,  бас  жүлдені  иеленсе, 

Бота  Мұқаналиева  бірінші  орын,  Гүлбақша  Аманова  екінші 

орынды,  Даурен  Сарсенғалиев  үшінші  орынды  жеңіп 

алып,  жас  мамандар  дипломдармен,  мақтау  қағаздарымен 

марапатталды. 



 Алтынгүл САҒЫНДЫҚОВА

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Алғабас  ауылы, Ақжайық ауданы

 «Мейірімділік-

жан шуағы»

Тихонов  мектеп-балабақша  кешенінде 

«Қамқорлық» 

қайырымдылық 

айлығы  

аясында  аз  қамтылған  отбасы  балаларына 

демеушілік  көрсету  мақсатында  мектептің 

әлеуметтік 

педагогы 

Ж.Аманкұлова 

Ақсай  қаласындағы  «Бестау»  базары 

сатушыларына хат апарып, соның негізінде 

жеке  кәсіпкерлер  шама-шашарықтарынша  

көмекке  мұқтаж  жандарға  қолдау  көрсетті.  

Г.Клышбаева, 

М.Мындыбаева, 

Гаухар 

сияқты  жандар  балаларға  арнап  қысқы 



куртқа,  көктемгі  куртка,  қыз  балаларға 

арналған  көйлектер,  ақ  блузкалар,  юбка, 

іш  киімдер  берсе,  ал  «Айжан»  дүкенінің 

қожайыны  Айжан  Жекиева  жылы  аяқ 

киімдер сыйлады.              Жиналған заттарды 

мектепте  «Мейірімділік-жан  шуағы»  атты 

шағын жәрмеңке ұйымдастырып көпбалалы 

және  аз  қамтылған  отбасы  ата-аналарын 

шақырып, үлестірдік. Ата-аналар қатты риза 

болды.


        Ауылдағы жеке кәсіпкер «Мирас» 

дүкенінің  иесі  Н.Ахметкалиев  аз  қамтылған 

отбасы  балаларына  мектеп  құралдарын 

берсе,  Қ.Мәлік  ағамыз    көпбалалы 

Орынбектің жанұясына киім-кешектер  беру 

арқылы көмектесті. Осындай көмек қолдарын 

ұсынған жандарға алғыс білдіреміз!

 

 Т.МАҚСОТОВА            

Тихонов мектеп-балабақша кешенінің 

тәлімгері, Бөрлі ауданы

Жанашырлыққа жан риза

«Мектебімізде «Жалпыға бірдей білім беру айлығы » мен «Қайырымдылық» акциясына 

байланысты  жоспар  құрылып,түрлі  шаралар  ұйымдастырылып  келеді.  Тұрмысы  төмен 

отбасы жанұяларының балаларына облыстық білім басқармасы мен аудандық білім бөлімі 

тарапынан және ауылдағы атымтай жомарт жандар қол ұшын беріп келеді. Солардың бірі 

мектеппен тығыз байланыста болып,оқушыларға демеушілік көрсетіп жүрген ауыл азаматы 

-  Жанарбек  Қаленов  бауырымызға    ризазылығымыз  шексіз.  Сондай-ақ,  ауыл  әкімшілігі, 

«Балғыншақ» балабақша, мәдениет үйі,мектеп  және мектеп жанындағы интернат ұжымы  

демеушілік  көрсетіп,киім-кешекпен,оқу  құралдарымен  көмек  көрсетіп  тұрады.  Көптің 

көмегімен  оқушыларымыз,  жаңа  жылдық  әкім  шыршасына  қатысып,  Италия  еліндегі 

«Чезенатико» лагеріне,Алматы қаласына,Көкшетау облысындағы «Бурабай» лагерлерінде 

демалып, Астана қаласына тегін экскурсияға барып қайтты.

Жас  қрпақтың  болашағына  бей-жай  қарамайтын  жаны  ізгі  жандардың  барлығына 

мектеп ұжымы атынан алғысымызды білдіреміз. 



                                                      Амангүл АДИЛОВА

Алғабас ОЖББМ-і  директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 

Ақжайық ауданы


№4 (212)    03.03.2015 ж.

3

Бірлік  бар  жерде, тірлік те  бар

Шырайлы шараның бастамасы

Тінәлі  негізгі  жалпы  білім 

беретін  мектебінде  Қазақстан  

халық 


 

Ассамблеясына-20 

жыл    мерекесіне    орай,  мектеп  

тәлімгері  Ермағамбетова  Аякөз  

Сейтқалиқызы  «Бірлік  бар  жерде, 

тірлік  те    бар»    атты    мерекелік  

шара    өткізді.  Мерекелік    шара 

Қазақстан    Республикасының  

Әнұранымен  ашылды. Мерекелік  

шараға,  ұстаздар,  ата-аналар, 

«Жас  Ұлан», «Жас  Қыран»  топ  

мүшелері    және    Ақжол    ауыл  

округінен    келген    қонақтар  

қатысты.


Мерекелік 

 

шарада  



Ақжол    ауылдық    округінің  

басшысы  Утегенов    Қадырғали  

Сәрсенғалиұлы 

 

сөз  



сөйлеп,  мерекелік    шараға  

қатысушыларды 

 

Қазақстан  



халық    Ассамблеясының    20  

жылдығымен, Қазақ  хандығының   

құрылғанына  550    жылдығымен, 

Қазақстан    Республикасының  

Ата    Заңы    Конституцияның    20  

жылдығымен  және  Ұлы  Жеңістің  

70    жылдығымен  құттықтады.  

Мерекелік    шараға  «Жас  Ұлан», 

«Жас    Қыран»    топ    мүшелері  

және    ата-аналар,  ұстаздар  

белсенді    қатысып,    қазақтың  

ұлттық  биі «Қара  жорғаға»  және  

флешмоб  биледі. 

Шара 


соңында 

мектеп 


директоры 

 

Тлеккабулова  



Әдемі  Нысашқызы  сөз  сөйлеп, 

мерекеге 

 

қатысушыларды  



құттықтап,  мерекеге    белсене  

қатысқан,  ұстаздарға,  мектеп  

тәлімгеріне,  ата-аналарға    және  

«Жас  Ұлан»,  «Жас    Қыран»  топ  

мүшелеріне    алғысын    айтты. 

Мерекелік    жиын,  оқушылардың  

орындауындағы    «Қазақ    тілім» 

әнімен  аяқталды.

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет