14 Билет
1 ДЕҢГЕЙ
Интерактивтік оқыту технологиясы дегеніміз не?
Бұл ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру. Қазіргі таңда интерактивтік оқыту технологиясы оқу орындарында кеңінен қолданылып отыр. Интерактивтік оқыту технологиясына- жұптасып жұмыс істеу, шағын топтармен жұмыс істеу, аяқталмаған сөйлем, рөлдік ойындар, дискуссия, есептеу түрлері жатады.
Интерактивті оқытудағы мұғалімнің рөлі консультанттың функцияларын орындауды да қамтиды.Мұғалім оқушылардың бұрыннан жинақталған тәжірибесіне сілтеме жасап қана қоймай, оларға қойылған міндеттерді шешуге көмектеседі.Интерактивті оқытуды ұйымдастырудың технологиялары қазіргі кезде ең озық болып табылады. Олардың мәні ақпаратты пассивті емес, проблемалық жағдаяттарды құру техникасын қолдана отырып, белсенді режимде беруге дейін жетеді. Сабақтың міндеті - дайын білімді мектеп оқушыларына беру немесе оларды қиындықтарды өздігінен жеңуге бағыттау емес. Оқытудың интерактивті технологиясы басқа қолданыстағы әдістерден баланың сабақтың менеджментімен өзіндік бастамасының үйлесімділігімен ерекшеленеді. Мұның бәрі оқытудың басты мақсатына жетуге - жан-жақты және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны құруға ықпал етеді.
2 ДЕҢГЕЙ
Қазақстанға ең алғаш рет “инновация” ұғымының енгізілуі.
Немеребай Нұрахметов алғаш рет Қазақстанға инновация ұғымын енгізген ғалым. Ол инновация- білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану жіне таратуға байланысты бір бөлек қызметі деген анықтама берді. Өзінің жүктемесінде инновацияны қайта жаңарту кеңестігін бірнеше түрге бөлген: жеке түрі, модульдік түр, жүйелі түр. Жеке түр- жеке-дара, бір-бірімен байланыспаған. Модульдік түр- жеке-дара кешені, бір-бірімен байланысқан. Жүйелі түр- мектепті толық қамтиды деп жүктеген. Инновациялық іс-әрекет қоғамның әлеуметтік- экономикалық жағдайына сай оқу орындарының жұмысын дамытатын, оқу өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір оқытушы өзінің оқу жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс-әрекетін саналы түрде өзгеріс алып келеді. Инновациялық үрдістің кезеңдері: инновацияның себептері, жаңалықты жобалау, жаңалықты жүзеге асыру.
«Инновация» сөзі – қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина,
техника салаларында өте жиі қолданып жүрген термин. Қазір бұл сөз
«жаңа, өзгеру, жаңаша» деген мағынаны білдіреді жəне дəл қазіргі
жаңа заманға да «жаңа, жаңаша өзгерудің» мазмұны терең жəне
анық екендігі белгілі. Бұл əдістеменің негізінде үйренушінің дербес
қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше
пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру.
3 ДЕҢГЕЙ
С. Көшімбетова өзінің зерттеуінде инновациялық оқытудың әдіс-тәсілдерінің қолданылуы.
Əдіскер С. Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тəрбие үдерісінде оқытудың инновациялық əдіс-тəсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:
- ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тəжірибеде «бала– субъект», «бала– объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер «оның тұрмысының əлеуметтік жағдайы мен іс-əрекетінің əлеуметтік нəтижесінің бірлігінде қарастырады;
- ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пəнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;
- қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;
- иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат» үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мəдениет қалыптасады;
- саралап деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен əдістері шығармашылық ізденіс іс-əрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.
- оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;
- дербес оқыту технологиясы оқу-тəрбие үдерісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның əлеуметтік-психологиялық жауапкершілігін арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |