Философия кафедрасы



Дата19.05.2023
өлшемі20,46 Kb.
#95356

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ КАФЕДРАСЫ
«ҒЫЛЫМ ТАРИХЫ МЕН ФИЛОСОФИЯСЫ»
ПӘНІ БОЙЫНША №1 МӨЖ


Тақырыбы: Әдіснама. Ғылыми танымның әдістері
Орындаған:
«Химия» мамандығының
1 курс магистранты
Бахытова Ақмарал


Тексерген:
Сулейменов Пірімбек Мұханбетұлы
сяси ғылымдарының кандидаты, доцент


Алматы, 2021
Әдіснама. Ғылыми танымның әдістері

Әдіc – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектеcетін әрекеттеpдің жиынтығы. Эмпиpикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстыpған. Әpбіp адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми әдіс осындай құрал болып табылады. Сондай – ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді.


Қазіргі заманғы ғылымда жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың методологияларының бір-біріне жақындасу тенденциясы байқалуда, бірақ олардың негізгі және қағидалық айырмашылықтары әлі де сақталуда. 
Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінеді.
Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған:
1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;
2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;
3) өлшeу – объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;
4) тәжірибе жасау – құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталакғанына байланыстыөзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.
Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады:
1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру;
2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру;
3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.
Зерттеу әдістерінің классификациясы аса күрделі мәселе болғанның өзінде де, дәстүрлі түрде оларды үш топқа: жалпы ғылыми, интерғылыми және жеке ғылыми әдістерге бөлу қабылданған. Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін зерттеу объектісінде пайдаланылатын логикалық әдістерді, яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен дедукция, аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т.б. біріктіреді. Интерғылыми әдістерге – экстрополяция, интерполяция, модельдеу, ретроспекция, эксперттік бағалау, т.б. жатады. Жеке ғылыми әдістердің көптеген ғылыми топтары бар. 

Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:


- анализ – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу;
- синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру;
- абстракциялау - зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу;
- жалпылау – объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі;
- индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі;
- дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі;
- аналогия – объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға үмкіндік беретін таным әдісі, басқаша айтқанда, аналогия - ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалға: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б
- классификация- зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу (әсіресе, биология, геология, география, кристаллогрфия, т.б. ғылымдардың түрлі бөлімдері).
Күрделі құрылымды объектілерге анализ жасау үшін төмендегі әдістерді қолданады:
- декомпозиция – үлкен жалпы бір мақсатты бірнеше топтарға бөлу;
- селекция – зерттелуге келетін варианттарды іріктеп алып, маңызы жоқ фактілерді алып тастау;
- агрегирование – жекелеген сипаттамаларды жалпы сипаттамаға біріктіру.
Егер объектінің құрылымы жүйесіз болса, оны талдау үшін дезагрегациялау, яғни жалпылаушы сипаттамаларды жеке сипаттамаларға жекелендіреді.
Жоғарыда айтылып өткен әдістердің немесе тәсілдің ешқайсысы да, дара түрде зерттеудің негізіділігін, дәлділігі мен дәйектілігін қажетті деңгейде қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті зерттеуде жоғары нәтижеге жету үшін олардың бірнеше түрінің жиынтығын пайдалану ғана тиімді бола алады. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет