4 дәріс. Ір-телефония желісінде байланысты ұйымдастыру



Дата27.09.2023
өлшемі34,72 Kb.
#110468

4 дәріс. ІР-телефония желісінде байланысты ұйымдастыру
Дәрістің мақсаты: Студенттерді ІР-телефония желісінде байланысты ұйымдастыру принциптерімен таныстыру.
4.1 ІР-телефония желісінде байланысты ұйымдастыру принциптері
Дәстүрлі телефонияда шақырушы, қолданушы керекті абоненттің номерін тереді, ал телефондық желіні шақырудың маршруты ретінде қолданады. Шақыруды басқару үрдісі үш кезеңге (фазаға) бөлінеді: байланысты ұйымдастыру, дауысты беру және ажырату. Сигнализация жүйесінің хабары бұл фазаларды ұйымдастырады, ал стандартты бақылау сигналдары және жазылған дауыстық хабарлар абонентті өз шақыруының өту сипаттамалары туралы хабардар етіп отырады.
ІР-телефония жүйелерінде шақыруларды басқару үрдісі сигнализация хаттамалармен орындалады (9-суретті қараңыз).

9 Сурет - ІР-телефония жүйелерінде шақыруларды басқару
ІР-телефониядағы маңызды сұрақ – жүйеге қатынауды бақылау. Жалпы қолданыстағы телекоммуникация желілеріндегі абонент белгіленген жергілікті шлейф арқылы АТС-қа қосылады, сондықтан телефондық аппаратты анықтау өте оңай. ІР-телефония желісінде барлығы күрделі, себебі оған қатынаудың көптеген түрлері бар:
- Жалпы қолданыстағы телекоммуникация желілері (СТОП) арқылы жай телефонмен;
- Модемдік байланыс арқылы қашықтықтағы нүктенің сервері арқылы жалғастыру;
- ЛЕЖ (ЛВС) арқылы және территориялды бөлінген желі арқылы.
Жалпы жағдайда шақырушы және шақырылушы абоненттер арасындағы байланысты ұйымдастыруда ІР-телефония шлюзі мынадай болуы керек:
- ақырғы құрылғы тіркелуі мүмкін аймақ контроллерін табу;
- аймақ контроллерінде өз мнемоникалық адресін тіркеу;
- керекті өткізу жолағын көрсету;
- жалғауды ұйымдастыру;
- шақыру процесі кезінде жалғау параметрлерін басқару;
- жалғауды ажырату.
Жалғаудың ұйымдастыру, ұстап тұру және бұзу алгоритмдері.
Жалпы жағдайда жалғауды ұйымдастыру, ұстап тұру және бұзу алгоритмдері Н.323 бойынша өзіне келесі фазаларды біріктіреді:
- А фазасы. Жалғауды ұйымдастыру;
- В фазасы. Жүргізуші құрылғыны анықтау және функционалды мүмкіндіктер туралы деректермен алмасу;
- С фазасы. Шақырушы және шақырылушы абоненттер арасында аудиовизуалды байланысты ұйымдастыру;
- D фазасы. Өткізу жолағын өзгерту, құрылғының осы сәттегі жағдайы туралы хабар алу, конференцияны ұйымдастыру және қосымша қызметтерге бет бұру.
Аймақ контроллерінің қатысуы арқылы базалық жалғауды ұйымдастыру жүргізіледі: шақырушы құрылғы alias адресті ARQ хабарын шақырылушы абонентке береді, жауап ретінде аймақ контроллері ACF хабарын қайтарады. Келген хабарда аймақ контроллері сигналдық хабарды өзі басқаратыны туралы және өзінің сигналды каналының транспортты адресін көрсетеді. Ары қарай шақырушы құрылғы осы транспорттық адреске Setup (жалғауды) жалғау туралы сұрау жібереді. Аймақ контроллері Setup хабарын шақырушы абонентке қайта жібереді және шақырылушы абонентке Call Proceeding хабарын, яғни алынған мәлімет келген шақыруға қызмет етуге жететіндігі туралы хабарын береді.
Шақырылған абонент Setup–қа Call Proceeding хабарымен жауап береді. Егер құрылға шақыруды қабылдауға мүмкіндігі болса, ARQ желісінің ресурстарына жіберу туралы сұрау жібереді. Бұл сұрауға аймақ контроллері ACF бекітуімен жауап беруі мүмкін немесе ARQ желісінің ресурстарына жібермеуі туралы хабар береді. Бірінші жағдайда шақырылатын құрылғы Alerting (дайындыққа келу) хабарын жібереді және аймақ контроллері оны шақырушы құрылғыға маршуруттайды. Шақырылатын құрылғыға кіруші шақырыс ретінде визуалды немесе акустикалық сигнал беріледі, ал шакырушыға шақырылып жатқан құрылғының бос екендігі туралы белгі ретінде шақырушы сигнал беріледі. Желі ресурстарына қатынауға болмайтын кезде шақырушы құрылғы өзінің сигналды арнасын аймақ контроллеріне Release Complete (босату) хабарын береді.
Шақырылған қолданушы кіріс шақыруды қабылдаған соң, аймақ контроллеріне шақырылатын құрылғының басқарушы Н.245 каналының транспорттық адресімен Connect хабары беріледі. Контроллер бұл адресті өзінің басқарушы Н.245 арнасының транспорттық адресімен алмастырады және Connect хабары шақырушы құрылғыға береді, осыдан соң басқарушы Н.245 арнасы ашылады.
Сөйлесу сессиясын жылдамдату үшін басқарушы арна шақырылушы құрылғымен ашылуы мүмкін. Бұл тек шақырушы құрылғы немесе аймақ контроллерінің басқарушы Н.245 арнасының транспорттық адресімен берілетін Setup хабарын алған соң болады немесе шақырушы қолданушымен аймақ контроллерінің немесе шақырылушы қолданушының басқарушы Н.245 каналының транспорттық адресіне ие Call Proceeding немесе Alerting хабарымен іске асады.
Басқарушы Н.245 каналының ашылуынан кейін құрылғының функционалды мүмкіндіктері туралы деректермен алмасады. Біздің жағдайда бір ақырғы құрылғыдан екіншісіне берілетін басқарушы хабарлар аймақ контроллерімен маршрутталады. Терминал TerminalCapabilitySet (қабілеттіліктерді терминалды теру) хабарларымен алмасады, оларда қабылданатын информацияның декодалануының мүмкін болатын алгоритмдері көрсетіледі. TerminalCapabilitySet хабары басқарылушы арнамен берілетін хабарлардың біріншісі болуы керек. Басқа бір құрылғыдан TerminalCapabilitySet хабарын қабылдаған құрылғы, бұл хабарды алғаны туралы растау ретінде TerminalCapabilitySetAck хабарын жібереді.
Сонан соң жетекші/жетектегі құрылғыларды анықтау процедурасы ұйымдастырылады. Бұл конференция кезінде екі құрылғы арасында болатын келіспеушілікті шешуге қажетті. Олар конференцияның активті контроллерлері болуы мүмкін немесе бір уақытта екі бағытты логикалық арналар ашуға тырысады. Процедура барысында құрылғылар masterSlaveDetermination (бастыны анықтау) хабарларымен алмасады. Алынған хабарларға (mSD) жауап ретінде екі құрылғыда mSDAck хабарларын, яғни қай құрылғы жетекші немесе жетектегі екенін білдіретін хабарлар жібереді. mSD хабарын беріп, mSDAck хабарын алған құрылғы mSDAck хабарын таратады. Функционалды мүмкіндіктері туралы деректермен алмасып және жетекші немесе жетектегі құрылғыны анықтаған соң, бір бағыттағы логикалық арналар процедурасы орындалуы мүмкін. Open LogicalChannel арнасын ашу талабында құрылғы осы арна бойынша таратылатын ақпарат түрін және кодтау алгоритмін көрсетеді. Логикалық арна дауысты тасу үшін қолданылады, сондықтан Open LogicalChannel хабарында RTCP арнасының транспорттық адресі көрсетілетін media Control Channel параметрі қосылады. Оның көмегімен RTP дестелерді бақылайды. OpenLogicalChannel хабарына жауап ретінде құрылғының транспорттық адресі көрсетілетін OpenLogicalChannelAck дейтін растау жібереді. Оған таратушы жақтан RTP дестесі, сонымен қатар RTPС арнасының транспорттық адресін жіберуі керек.
Әрі қарай сөйлесу сессиясы ашылады. Шақырушы қолданушының құрылғысы RTP/UDP/IP дестелері түріндегі дауыстық мәліметттерді шақырылған қолданушының құрылғысына RTP арнасының транспорттық адресіне береді. Ал шақырылған қолданушы дестеленген дауыстық мәліметттерді шақырылған қолданушы құрылғысының RTP арнасының транспорттық адресіне жібереді. RTСР арнасының көмегімен RTP арналары бойынша мәліметтерді тарату бақыланады.
Сөйлесу фазасы аяқталған соң байланысты бұзу фазасы басталады. Тұтынушы құрылғысы дауыстық мәліметтерді беруі тоқтатуы керек, логикалық арналарды жабу және басқарушы Н.245 арнасына тұтынушы байланысты аяқтағысы келетіні туралы end Session Command (сессияның аяқталуы туралы команда) хабарын береді. Сонан соң қарсы құрылғыдан end Session Command хабарын күтеді, оны қабылдаған соң басқарушы Н.245 арнасы жойылады. Бұдан әрі, егер сигналды арна ашық болса, онда Release Complete хабары беріледі.
Үзуді ынталанған қолданушы жіберген end Session Command бұйрығын алған қолданушы дауыстық мәліметтерді тоқтатуы, логикалық арнаны жабуы және end Session Command хабарын беру керек. Ары қарай, егер сигналды арна ашық болса, Release Complete хабары беріледі және сигналды арна жабылады.
Бұл әрекеттердің барлығы аяқталған соң ақырғы құрылғы аймақ контроллеріне иеленген өткізу жолағының босағандығы туралы хабарлайды. Осы мақсатпен әрбір байланысқа қатысушы RAS арнасы бойынша DRQ байланысынан шығу туралы сұрау жібереді. Бұған аймақ контроллері DCF растауымен жауап беруі керек, бұдан соң шақыруға қызмет көрсетілу аяқталды деп есептеледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет