4-дәріс. МӘдениет формалары: Өнер, дін, мораль, ҚҰҚЫҚ, саясат және ғылым дәріс жоспары



бет1/5
Дата18.10.2023
өлшемі3,83 Mb.
#117951
  1   2   3   4   5

4-дәріс. МӘДЕНИЕТ ФОРМАЛАРЫ: ӨНЕР, ДІН, МОРАЛЬ, ҚҰҚЫҚ, САЯСАТ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

Дәріс жоспары:

  • Дәріс жоспары:
  • 1. Өнер және оның түрлері
  • 3. Құқық пен мораль, дін.
  • 4.Ғылым мен техниканың мәдениет тарихындағы рөлі және орны.

Мәдениеттің өзекті бөлігі — өнер. Өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы.

  • Мәдениеттің өзекті бөлігі — өнер. Өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы.

Өнердің түрлері:


Ән және би
Кескіндеу өнері (сурет өнері)
Кино және театр
Мүсін өнері
Сәулет өнері (архитектура)
Әдебиет

Ән және би өнері

  • Ән және би өнері
  • Би - саз ырғағымен түрлі қозғалыстар жасап орындалатын, көңіл-күйге негізделе көрсетілетін көне өнер түрі. Адамның сөйлеуі ілкіде ым, ишара қимылдарынан басталып, кейін жекелеген дыбыстардың айтылуы нәтижесінде дамып, қалыптасқандығы белгілі. Осылайша адамның алғашқы дыбысы музыканың негізін салды.
  • Ән (күй өнері)  — ең кең таралған музыкалық шығармалар жанры, музыка және поэзия өнерлерінің ортақ туындысы. Ән мазмұнына қарай (азаматтық, революциялық, лирикалық, еңбек, әзіл т.б.), шығу тегіне байланысты (халықтық, авторлық, қалалық, әскери, балаларға арналған, діни т.б.) және орындалуы мен құрылымына байланысты (жеке дауысты, көп дауысты) болып бөлінеді.

Күйшілер

Бейнелеу өнері тарихы адамзат тарихымен қатар басталған. Көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі жер бетінде болған небір өркениет пен мәдениеттің іздері осы өнер арқылы таңбаланып, бізге жеткен.

  • Бейнелеу өнері тарихы адамзат тарихымен қатар басталған. Көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі жер бетінде болған небір өркениет пен мәдениеттің іздері осы өнер арқылы таңбаланып, бізге жеткен.
  • Бейнелеу өнерінің даму жолы шартты түрде бірнеше кезеңге бөлінеді: алғашқы қауымдық өнер, ежелгі дәуір өнері, орта ғасыр өнері, қайта өркендеу дәуірі, жаңа дәуір өнері, қазіргі заманғы өнер. Жер шарының әр аймағындағы ежелгі адамдар тұрағынан Бейнелеу өнерінің алғашқы үлгілері табылған. [Альтамир (Испания), Ласко (Франция), Кимберли (Австралия) үңгірлері]. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет