4 Дәріс. Педагогтың ғылыми –зерттеушілік мәдениеті. Әдіснама туралы түсінік және оның деңгейлері



бет1/7
Дата22.12.2022
өлшемі85,2 Kb.
#58893
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Педагогты ғылыми –зерттеушілік м дениеті. діснама тур


4 Дәріс. Педагогтың ғылыми –зерттеушілік мәдениеті.

    1. Әдіснама туралы түсінік және оның деңгейлері

Қоғам дамуының әрбір сатысында өндірістің, сәйкесінше қоғамның жас ұрпақтың білімі мен тәлім-тәрбиесіне деген талаптары жоғарылай түседі. Мектеп табалдырығын аттаған өскелең ұрпақты қалыптастыру, оларға техника мен өндірістің дамуына сай білім негіздерін, практикалық іскерліктері мен дағдыларын меңгерту – орта білім беретін мектептің басты мақсаты болып отыр. Осы мақсатқа жетудің басты шарттары - жаңа білім парадигмаларын, оқыту мен тәрбие процестерін тиімді ұйымдастырудың заңдылықтары мен принциптерін, педагогикалық технологияларын құрастыру. Ал осының барлығы мұғалімнің ғылыми-зерттеушілік мәдениетіне, яғни оның ізденіс дағдыларын меңгеріп, практика жүзінде қолдана алуына байланысты. Сонымен бірге оның шығармашылық ізденімпаздығына да байланысты екеніне ұмытпауымыз қажет. Яғни педагогикалық процестің дамуы, жаңаруы, сәйкесінше педагогикалық ғылымның дамуы да мұғалімнің ғылыми зерттеуге даярлығына байланысты.


Қазіргі әлемдегі жаһандану мен интеграциялану процестерінің өтуіне байланысты, қоғамымызда бәсекеге қабілетті және құзыретті тұлғаны қалыптастыру өзекті мәселе болып отыр. Тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі мен құзыреттілігінің маңызды компоненті - өзбетімен білім алуға, өзін-өзі жетілдіруге даярлық. Ол оқушының өзбетімен ізденіс тәсілдерін меңгеру арқылы іске асырылмақ. Ал оқушының ізденіс тәсілдерін меңгеруі тікелей мұғалімнің бойында зерттеу мәдениетінің қалыптасқандығына байланысты.
Сонымен бірге, мұғалімнің бойында зерттеу мәдениетінің қалыптасуы оның шығармашылық потенциалының дамуына әкеледі.
Бүгінгі ғылымтануда әдіснама деп ғылыми-танымдық іс-әрекеті ұйымдастыру принциптері, формалары мен тәсілдері туралы ілімді айтады.
Ғылым жаңа фактілермен толыққан жағдайда ғана ол дами алады. Ал мәліметтердің жинақталуы үшін ғылыми негізделген зерттеу әдістері қажет. Зерттеу әдістері теориялық әдістердің жиынтығына тәуелді, ол өз кезегінде әдіснама деп аталады.
Әдіснама дегеніміз әдістер туралы ілім, оларды зерттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық процесінң дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет.
Ғылыми әдіснаманы ғылыми танымдық іс - әрекетті құру принциптері, формалары, тәсілдері туралы ілім деп көрсетеді. Ғылымныңзерттеудің құрамдас бөліктері: оның объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, болжамы, зерттеу құрамының жиынтығынан, зерттеу жұмысының кезеңдерінің бірізділігін қамтамасыз етуден тұрады (И.В.Сластенин)
Педагогикада әдіснаманы педагогикалық таным және шынайылықты қайта жаңғыртудың теориялық жағдайларының жиынтығы деп түсіндіреді (И.В.Сластенин).
Педагогикада әдіснама дегеніміз танымның принциптері, әдістер, формалары, процедуралары және педагогикалық ақиқатты қайта жаңғырту деп көрсетеді (Смирнов).
Ғылым әдіснамасы бұл – табиағат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болған, әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал етуші философиялық бастау идеялардың жиынтығы.
Ұзақ уақыт бойы философияның бір бөлігі болған педагогиканың екі негізгі философиялық әдіснама: идеалистік және материалистік тұжырымдамаларға арқа сүйеп дамыды.
Әдіснама реттеушілік және нормативті функция атқарады. Нормативті функция ғылыми іс - әректті ұйымдастырудың ережесі және тиімді ұсыныстар құрастыруға байланысты қажет міндеттер тудырады.
Білім әдіснамасы дескриптивті және перспективті формада дамиды (3 сурет):

Білім әдіснамасы


дескриптивті форма перспективті форма


зерттеу процесінің бағыт іс - әректті ретттеушілікке


беруші ғылыми танымның бағытталады.
заңдылықтары, ғылыми
білімнің құрылым туралы
білім.

Сурет 3. Білім әдіснамасының формалары


Зерттеуші Э.Г.Юдиннің көрсетуі бойынша әдіснамалық ілімнің негізгі құрылымы төмендегідей құрамадас бөліктерден тұрады (сурет 4):







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет