Әлеуметтік педагогиканың әдістері мен принциптері



бет1/5
Дата07.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#17480
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Әлеуметтік педагогиканың әдістері мен принциптері

Әлеуметтік педагогиканың әдістері мен принциптері


Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары:

1.Әлеуметтік педагогиканың зерттеу әдістері.

2.Әлеуметтік педагогиканың тәжірибеде тұлғалық іс-әрекеттің, тұлғалық орта ведомство аралық, проблемалық, хабарламалық, жүйелік тұрғыдан қарау.

3.Әлеуметтік педагогиканың әрі ғылым, әрі тәжірибе ретіндегі принциптері.

4.Шарттылық принциптердің негізгі талаптары және өзара байланысы.

Алдымен әлеуметтік педагогиканың зерттеу ұстанымдары туралы сөз қозғау керек. Себебі, ұстаным (принцип) дегеніміз – педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыруда табан тірейтін, басшылыққа алатын негіз.

Әлеуметтік педагогиканың үш негізгі ұстанымы бар:

1-жұмыс барысында адамның табиғи болмысын ескеру;

2-қоршаған ортаның мәдениеті, басқа да ерекшеліктерін есте ұстау;

3- ізеттілік қарым- қатынас орнату арқылы ықпал ету.

Адамның табиғи болмысымен байланысты ұстанымын басшылыққа алуда педагог баланың туа біткен табиғи ерекшеліктері мен жас ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс істейді. Бұл ұстаным туралы алғаш пікір айтқан белгілі чех педагогі Ян Амос Коменский (1592-1670 ж.) болатын. Ол әйгілі «Ұлы дидактика» деген еңбегінде баланы оқыту мен тәрбиелеуді, оның психикалық және жас ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асыру керектігін белгілеген.

Француз философі Жан Жак Руссо (1712-1778 жж.) өзінің әйгілі «Еркін тәрбие» теориясында «баланы еркін тәрбиелеу керек, оған қысым көрсетпей болмысындағы табиғи қабілеттерін дамытуға жағдай жасау керек» деген. Бұл қағиданы жүзеге асыру үшін тәрбиешілер мынадай ережелерді есте тұтады:


  • баланың жас ерекшеліктерін ескеру;
  • баланың дара және жыныстық ерекшеліктерін ескеру;
  • баланың бойында ашық байқалған қабілеттерін ескеру;
  • өздігімен және жетекшілік арқылы қалыптасатын тұстарын ескеру.

Баланы қоршаған орта, мәдениетпен байланыста, дамуы ұзақ жылдардан бері жинақталған білімді, қалыптасқан мәдениетті іздестіру арқылы жүзеге асатынын алғашқы болып Адольф Дистервек (1790-1866 жж.) атап көрсеткен болатын. А. Дистервек баланың дамуы туған жері, ол туған заман қоршаған орта, ол туған халықтың жинақтаған мәдениетін меңгеру арқылы іске асатынын айтқан еді.

Орыс педагогі К.Д.Ушинский (1824-1870 жж.) баланы білімді, мәдениетті адам етіп тәрбиелеу үшін оны жазуға, оқуға, есептеуге және ана тілінде оқып сөйлеуге, салт- дәстүрін бойына сіңіріп өсуіне жетелеу керек екендігін «Родное слово» деген оқу кітабында жан-жақты қарастырған. Баланы қоғамдағы - тұрмыс, зерде, саяси, діни, құлықтық т.б ұғымдармен таныстырып және бойына сіңіріп тәрбиелеу керек. Егер бала оларды меңгере алмай қалса, онда әртүрлі күтпеген ақуалдарға кездеседі. Ал ол өз кезегінде баланың бойында теріс әрекеттерді туғызуы мүмкін (мінезі, көзқарасы, ой- пікірі т.б өзгереді). Оларды жоюға арналған іс- шараларды педагог баланың отбасымен бірлесе отырып ұйымдастырады. Мысалы, кейбір құлағы естімейтін, тілі мүкіс балалар биге қабілетті, сурет салады, компьютермен жұмыс істей алады. Бұл интузиазист педагогтардың құлшынысының нәтижесі деуге болады. Мұндай көрініс көпшілік қауымға тән болмаса да, әлеуметтік педагогтар ескеретін басты мәселелердің бірі.

Бұл ұстанымдарды жүзеге асырудың ережелері мыналар:

  • ауытқулары бар балалардың қалыптасуына мәдениеттің әр түрлі салалары мен таныстыру арқылы ықпал ету;
  • дамуында ерекшелік кемшілігі бар балалардың бойындағы шығармашылық мүмкіндіктеріне ерекше мән беріп соны пайдалану;

Қазіргі таңда әлеуметтік педагогиканың тұжырымдамалық және құрылымдық мәселелерін жасауда қолданылып жүрген негізгі тұжырымдамалық идеялар Б. А. Грушин, Р. Г. Гурова, С. Н. Иконников, В. Г. Лисовский, Ю. В. Торсуев және т.б. еңбектерінде қарастырылған. Бұл зерттеулерде тәрбиенің әлеуметтік детерминанттылығы және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты тұлғаның әлеуметтенуі жайлы эмпирикалық зерттеулердің талдаулары берілген.

В. С. Бестужев-Лада, Б. С. Гершунский, В. А. Караковский, М.Н. Скаткин, В. А. Ядов т.б. әлеуметтік-педагогикалық болжам жасау мәселелерін шешуде әлеуметтік педагогика ғылымына үлкен үлес қосқан.

В. И. Журавлев, Б. Т. Лихачев, В. Г. Разумовский, Г. П. Будановалардың зерттеулерінде жастардың еңбекке, отбасылық өмірге, білім алуға, қоғамдық іс-әрекет пен дем алуға дайындығы жан-жақты әрі терең қарастырылған.

Психология мен әлеуметтік психологияда тұлғаның психологиялық құрылымы мен рефлексивтік белсенділіктің түрлеріне, формаларының заңдылықтарына іс-әрекет психологиясы мен тұлға ерекшеліктері, идентификациялаудың әлеуметтік-психологиялық механизмдері (эмпатия, еліктеу, сендіру т.б) жатады. Бұл орайда Б. Т. Ананьев, Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Б. Ф. Ломов, В. М. Мерлин, Л. И. Анциферова, И. Н. Семенов және т.б айтуға болады.

Соңғы жылдарда философияда қоғамда адамның алатын орны, адамдағы биологиялық пен әлеуметтіліктің арақатынасы, тұлға дамуының әлеуметтік мәдени детерминациясы, адамның іс-әрекеттік болмысы әлеуметтік қоғамның негізгі сфераларын талдау, гуманистік концепция мазмұнын түсіну мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Бұл бағыттағы зерттеулер ретінде М. Н. Берулова, Л. П. Буева, Л. Н. Коган, И. И. Резвицкий, И. Н. Семенов, Э. Г. Юдин, К. А. Шварцман т.б еңбектерін атауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет